Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кедей

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Кедей
Мақсаты: 1. Өлеңді түсініп оқып, мазмұндау. Оқушыларға С. Торайғыров туралы мәлімет беру. Ертеде халықтың басынан өткен ауыр заман туралы.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Отанын сүюге, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Суреттер, ребус, кесте
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру, тірек сызба
Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін, ынтасын сабаққа аудару.
- Бүгінгі сабағымыз ерекше, қонақтар келіп отыр. Олай болса сабағымызды бастайық.
- Үйге қандай мәтін берілді?
- Күлпаш
Мәтіннің мазмұнын оқушылардан сұрау
1 слайд
- Ел басынан өткен бұл әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
- Қали мен Күлпаш Мақтымның келгенін неге асыға күтеді?
- Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
- Сол кездегі халықтың тұрмысы қандай екен?
- Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?
2 слайд.
Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында үкімет халықтың күн көрісінің жалғыз ғана жолы қолындағы малын зорлық пен жинап алып, қоғамдық мемлекеттік меншікке айналдырады.
Сөйтіп негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған қазақ шаруалары төрт – түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады. Табысы жоқ колхоздан, жергілікті үкіметтен жәрдем ала алмаған халқымыз ендігі жерде ашаршылыққа ұшырады.
1921 - 1922 жылдары және 1930 - 1932 жылдар Қазақтың тіпті адамзат тарихында бұрын - соңды естіп білмеген қасіретке толы жылдар. Кейбір деректер бойынша
4 млн қазақ баласы қайтыс болды.
31 мамырды «Ашаршылық және репрессия құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, 1997 жылы Елбасымыз жарлыққа қол қойған.

3 слайд. Ребус шешу
- Ребус арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарып алдық.
Кедей

4 слайд.
Автор өміріне тоқтала кетемін.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған. Таланты ақын, әрі жазушы.
«Кедей» өлеңінің мазмұнына тоқталу.
Оқулықпен жұмыс
- Кәне олай болса кітабымызды ашып, өлең жолдарын екі жолдан тізбектеп оқып шығайық.
- Өлең жолдарынан не түсіндің сол туралы сұрау.
5 слайд.
Сергіту сәті Қимылдық ойындар
6 слайд.
Дәптермен жұмыс
Өлеңнің бірінші шумағындағы тірек сөздерді тауып, дәптерге жазу. Жазғандарын оқыту. Тірек сөздер - күзгі түн, ызғар, қырау, бұлт, қараңғы ел ұйқыда т. б.
- Балалар қазір өлеңді іштеріңнен бір рет оқып шығып, көз алдарыңа елестетіп. Өлең мазмұнына сәйкес сурет салайық.
Сурет салуға бағыт беремін.
Салған суреттерін 1 - 2 бала көрсетіп әңгімелейді.
7 слайд. «Ой толғау»
Ақын суреттеген кедейдің тұрмысын қазіргі кезбен салыстырыңдар.
Қазіргі кезде кедей адамдар бар деп ойлайсыңдар ма?
Қазір кедей адам жоқ.

Оқушылар өз пікірлерін айтады.
Екі мәтінді салыстырып ұқсастықтарын табады.
Күлпаш ------------ қарындары аш, үй суық т. б
Кедей ------------- күн суық, мал бағады, жыртық киім

Қорытынды: Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?
Кедей деп кімдерді атаған?
Кедейдің ауыр тұрмысын қалай бейнеленген?
Өлеңнен қай кездегі халық тұрмысын білуге болады?
Бағалау
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.
Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады деп ойлайсың?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 337
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күлпаш
Күлпаш
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнынашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей білу
Күлпаш
Күлпаш
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №5 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Аженова Құралай Рахматовна
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Бекетова Балжан Байгерейқызы
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Күлпаш. Бейімбет Майлин
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайыржанова Жұмагүл
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
"Күлпаш" Бейімбет Майлин
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна Жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Атырау қаласы
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Бейімбет Майлин "Күлпаш"
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мадиева Гулжан Қуанышқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×