Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Жалпы биология
Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Сабақтың мақсаты:
1. Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.
2. Генетикалық заңдылықтарды математикалық әдістермен
байланыстыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: математика
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек – сызбалар, тест

І. Ұйымдастыру
Психологиялық икем: «Кім шапшаң?»
Кестеде 10 сөз берілген, осы сөздерді есте сақтап қайталап айтуыңыз керек.
1. жасуша
2. көбею
3. митоз
4. мейоз
5. ұрықтану
6. зигота
7. хромосома
8. ген
9. гамета
10. генетика
Берілген сөздерді қатыстыра отырып бір - бір сөйлем құрастыру арқылы оқушыларды сабаққа тарту.

Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасы: «Қайталау - оқу анасы»
Өткен тақырып бойынша биологиялық диктант
1. Бірдей гендерді_______деп, ал әр түрлі гендерді______деп атайды.
2. Басым гендерді_______, ал басылыңқы гендерді________дейді.
3. Ата - ананы____әрпімен белгілейді, ал ұрпақтарды____әрпімен белгілейді.
4. Гендердің жиынтығы______деп аталады.
5. Гендердің сыртқы көрінісін_____деп атайды.
6. Генетика дегеніміз_______.
7. ______бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.
8. Моногибридті будандастыру дегеніміз ______.
9. Бір белгілердің екіншісінен басым болуы___.
10. Тұқым қуалаушылық заңдылықтарын ашқан ғалым__________.

Жауаптары: 1 - гомозигота, гетерозигота; 2 - доминантты, рецессивті; 3 - Р, Ғ; 4 - генотип; 5 - фенотип; 6 - белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым; 7 - ген; 8 - бір жұп белгілері бойынша ерекшеленетін шағылыстыру; 9 - басымдылық; 10 - Г. Мендель.

ІІ. Жаңа сабақ
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негізі

а) Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен, сол кезде толық қолдау таппай 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды. Себебі ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді.
Ал қазір цитология ғылымы жан - жақты зерттеулер нәтижесінде, орасан зор табыстарға жетті. Сондықтан Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыда негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.(әрі қарай интерактивті тақтада флипчартта моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері схемасын түсіндіру)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 292
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар биология 10 - 11 сынып
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар биология 10 - 11 сынып
Биология ғылымы. Ғылымдар жүйесіндегі биологияның орны және маңызы. Биологияның басқа ғылымдармен байланысы. Жаратылыстану — ғылыми пәндер жүйесіндегі «Жалпы биология» курсының алатын орны, мақсаты мен міндеттері.
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады.
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Генетиканың қысқаша даму тарихы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу орта мектебі " ММ - нің биология пәні мұғалімі Сауле Шаханова
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Генетиканың маңызы. Денсаулық сақтаудың генетикалық проблемалары
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі: Әбіреш Қалия Қабдолқызы
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Моногибридті будандастыру. Мендельдің бірінші және екінші заңдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің Биология пәні мұғалімі Саулебаева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×