Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыныстық жолмен берілетін аурулар

20 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Биология
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ТАЛДАМАСЫ
Пәні: «ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯДАҒЫ МЕЙІРБИКЕ ІСІ»

ТАҚЫРЫБЫ: «ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН БЕРІЛЕТІН АУРУЛАР» («Жұлдызды сәт» интеллектуалды шоу презентациясымен)

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
● Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар
● Мерез – этиологиясы, жіктемесі, кауіп-қатер факторлары, жұғу жолдары, мерездің ілкі, салдарлық және туа біткен кезеңдерінің клиникалық көріністері. Диагностикалау және емдеу әдістері. Мерез кезіндегі клиникалык - серологиялық бақылау.
● Соз – этиологиясы, жұғу жолдары, жіктемесі, еркектердегі, әйелдердегі және балалардағы создың клиникалык коріністері, асқынулары, диагностикалау және емдеу әдістері, создан айығу критерийлері, ЖЖБА алдын алу, науқастармен жұмыс істеу кезінде инфекциялық қауіпсіздік, науқастарға күтім жасау кезіңде заттарды зарарсыздандыру тәртібі, медициналық кұжаттамаларды толтыру.
Тәрбиелік:
● Студенттерді – өз ойын анық, дұрыс, дәл жеткізуге үйрету.
● Тақырыптан керекті, маңыздысын реттеп ала білуге үйрету.
● Болашақ мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылық:
Логикалық ойлау қабілеттерін, ізденіспен жұмыс істеуге жұмылдырып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: «Студенттердің жеке тұлғалық белсенділікті арттырудың педагогикалық мүмкіндіктері»
Пәнаралық байланыс: анатомия, физиология, гистология, латын тілі, патологиялық физиология, ішкі аурулар пропедевтикасы, терапия, денешынықтыру, экология, валеология, фармакология.
Сабақтың көрнекілігі: логикалық сұрақтар, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, видеоматериалдар.
Сабақтың уақыты: 45 минут
Өткізілу орны: 403 аудитория

Сабақтың құрылысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі – 1 минут
II. Білім деңгейін тексеру – 40 минут
Таныстыру – 2 минут
1. кезең «Бәйге» – 6 минут
2. кезең «Жорға» – 24 минут
3. кезең «Дода» – 8 минут
III. Қорытындылау – 2 минут
IV. Бағалау – 2 минут

«Жұлдызды сәт» интеллектуалды шоу.
Сәлеметсіздер ме, қымбатты білім сүйер қауым. «Оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» деген халық даналығы. Күн өткен сайын маңызы артып келеді. «Білім теңіз түбіндегі інжу - маржан» деп тегін айтпаса керек. Өскелең ұрпақтың оқуға, білімге ұмтылысы, рухани байлықтың иесі болуға ұмтылыс деп білген. Солардың бірі біздің ойыншылар. Үздіксіз ізденіспен ұдайы ұмтылыс студенттерді білім бәйгесіне біріктірді.
Өмірде дос, ойында ғана қарсылас сайыскерлер, сайысқа сақадай сай.
Сайыскерлердің қарқыны үш айналымнан кейін белгілі болады.
Біз ойынымызды бастаймыз. Алғашқы айналым «БӘЙГЕ».
Қымбатты ойыншылар. Алғашқы айналымның ойын шарты бойынша қазір сіздерге тест түрінде ортақ он екі сұрақ оқимын. Әр сұраққа жауап ретінде үш нұсқа берілген. Бес секунд уақыт беріледі. Сіздер берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарын белгілейсіздер. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.

I. «БӘЙГЕ»
1. Эпидермисте немесе эпидермис пен дерманың арасына аз ғана
сұйықтықтың жиналуы:
1. Макула
2. Папула
3. Везикула

2. Экссудативті морфологиялық элемент:
1. Түйін
2. Түйіншек
3. Іріңдік

3. Мальпигиев қабатын түзетін эпидермис:
1. Түйіршікті, мүйізгекті
2. Базальды, тікенекті, түйіршікті
3. Тікенекті, базальды, мүйізгекті

4. Бөртпенің біріншілікті морфологиялық элементі:
1. Тыртық
2. Лихенификация
3. Іріндік

5. Остиофолликулиттің қоздырғышы:
1. Стафилококк
2. Бета гемолитикалық стрептококк
3. Стрептококк

6. Стафилококкты сикоз көбінесе кездеседі:
1. Нәрестеде
2. Еркектерде
3. Қыздарда

7. Іріңді аурулардың қоздырғышы:
1. Гонококк
2. Менингококк
3. Пиококк

8. Тырнақ ауруын ата?
1. Онихомикоз
2. Фавус
3. Руброфития

9. Нағыз полиморфизм дегеніміз, ол:
1. Бір мезгілде әр түрлі морфологиялық бөртпелердің шығуы
2. Әр мезгілде әр түрлі морфологиялық бөртпелердің шығуы
3. Бөртпелердің шетіне қарай өсуі, араларында сау терінің қалуы

10. Тамырлары кеңейіп, эндотелийдің қалыңдауын ата?
1. Гиперплазия
2. Акантоз
3. Пролиферация

11. Қатты шанкр – бұл:
1. Вегетация
2. Эрозия
3. Түйін

12. Түйіншекті доғал зондпен басқан кезде қатты ауырсыну сезімін ата?
1. Артюс феномені
2. Никольский симптомы
3. Биет жағасы

Біз жалғастырамыз. Қадірлі сайыскерлер. Алдағы екінші ойын шарттары мынадай. Алғашқы айналымдағы жинаған ұпайларыңыз сақталады.
Қазір сіздерге бес сұрақтан әзірленген алты ұяшық ұсынылады. Ұяшық сұрақтары алғашқа айналымдағы жинаған ұпайлар санына байланысты ойыншылардың орналасу тәртібі бойынша оқылатын болады. Әр дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады. Егер ойыншы өзіне тиесілі ұяшық сұрағына жауап бере алмаған жағдайда менің «қарсыластар» деген сөзімнен кейін алғашқы екі ойыншы жауап бере алады. Сегіз секунд уақыт беріледі
Естеріңізе сала кетейін, бұл мүмкіндікті пайдаланып дұрыс жауап берген зияткерге бір ұпай қосылады. Ал, керісінше қателескен жағдайда бір ұпай алынады.

Келесі кезеңге көшеміз. «ЖОРҒА».

II. «ЖОРҒА»
1. Ұяшықтың сұрақтары.
1. Зақымданған тері үстін әйнекпен басу қалай аталады? (диаскопия)
2. Кеш білінетін туа біткен мерезге тән белгілер: (Гетчинсон үштігі)
3. Көбінесе еркектер мен әйелдердің бадамшалары және тамақтарының шырышты қабығы зақымданады: ісінуі мен қызару, кейде бадамшаларында іріңді қабық, жергілікті (аймақтық) аденит байқалады. Кейбір науқастарда гингивиттер мен стоматиттер кездеседі. Қай ауруға тән белгілер? (Орофариенгалдық соз)
4. Мерездің қоздырғышын ата? (Бозғылт трепонема)
5. Бозғылт трепонема қандай тамырлар арқылы тарайды? (Лимфа тамырлары)
__________________________________________________________________

2. Ұяшықтың сұрақтары.
1. Терінің жүйке - тамырлық аппаратының механикалық тітіркендіру әсерінен дамитын реакциясын зерттеу қалай аталады? (дермографизм)

2. Несеп - жыныс мүшелерінін зақымдайтын, қарапайымдылар тобына жататын, бір клеткалы микроорганизмді ата? (Трихомониаз)
3. Venus латынша атауы, ал қазақша қалай аталады?
(Шолпан, махаббат құдайы)
4. Туа пайда болған мерезде жаңадан пайда болған нәрестенің кейпін ата? (Қарт адам сияқты, терісі қыртыстанған, әжімделген)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 038
0
  • 100
8 дауыс


Жаңалықтар
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру.
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. А вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Вирусты гепатит ауруының пайда болуы, таралу жолдары мен аурудың алғашқы белгілері, сақтану жолдары туралы түсінік беру. Жеке бас тазалығына сақтауға баулу.
Репродуктивтік денсаулық. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар.
Репродуктивтік денсаулық. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар.
Кез келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі дені сау ұрпақ ұдайы өсуі үшін репродуктивтік денсаулықты қорғау болып табылады. Қазақстанда бұл проблема мемлекет деңгейіне көтерілген, маңызды Үкіметтік құжаттарда көрінісін тапқан және еліміздің
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар. Бауырда вирусты гепатит ауруының пайда болуы, алдын алу шаралары
Қызылорда обл, Шиелі ауданы №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектепте өзін - өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы №6 мектептің биология пәнінің мұғалімі Сейтімбетова Ботакөз Әбілқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×