Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы

04 тамыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 39
Тақырыбы: §41. Көпжасушалы жануарлардағы қан, лимфа және қанайналымы
Сабақтың мақсаты: көпжасушалы жануарлардағы ағзаның ішкі ортасын құрайтын негізгі формалар: қан, лимфа жайлы түсінік қалыптастыру; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі
Сабақтың типі: құрастырылған

І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Жоспар:
1. Қанның ағзада атқаратын қызметі.
2. Ағзаның қанайналым жүйесі
Бүгін өтетін жаңа терминдер
• Эритроцит
• Лейкоцит
• Гемоглобин
• Фагоцит
• Фагоцитоз
• Антидене
• Иммунитет

Қанның ағза үшін маңызы қандай?

Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді – фагоциттер, яғни «обыр» жасушалар. Олардың микробтарды жоюын фагоцитоз деп атаған.
Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын антидене деп аталатын нәруыздар бар. Бұлар лимфада, көкбауырда және басқа жерлерде түзіледі. Микробтар (бактериялар, вирустар) ағзада аурудың бір түрін (қызылша, көкжөтел, шешек және т. б.) туғызса, осы микробтарды, олардың зиянды әсерін жоятын антидененің түрі пайда болады. Ауру жазылған соң да олар ағзада сақталып қалады. Антиденелер ауруды туғызатын микробтардан ағзаны қорғайды. Жануар немесе адам ол аурумен қайталап ауырмайды. Ағзаның осындай қасиетін жүре пайда болған иммунитет дейді. Ал көптеген ағзаларда ата тегінен ұрпағына тұқым қуалау жолымен өтіп (беріліп) отыратын антиденелер де бар. Мысалы, жануарда болатын кейбір аурулармен (жануар обасымен) адам ауырмайды. Себебі адамда ол ауруды болдырмайтын антиденелер бар. Ағзаның ауру қабылдамайтын мұндай қасиетін табиғи иммунитет дейді.

Елімізде кейбір жұқпалы және қауіпті ауруларды болдырмау үшін жануарды, адамдарды жас кезінде әдейі егеді. Олардың ішінде әлсіретілген ауру қоздырғыштары бар дәрі болады. Егілген ағза жеңіл ғана ауырады. Есесіне ағзада өмір бойы немесе көп уақыт сақталатын жасанды иммунитет қалыптасады. Адам ол аурумен ауырмайды.

Толық нұсқасын жүктеу
2 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Қанайналым мүшелері. Жүрек және қан тамырларының құрылысы
Ағзадағы қан айналымының маңызын, жүректің құрылысы және қантамырлар туралы білімді меңгеру. Білімдерін жадында сақтау қабілетін жетілдіру, зейін қойып тыңдауға үйрету, өз беттерінше ізденуін қалыптастыру. Сабаққа белсенділіктері мен
Омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысы
Омыртқасыз жәндіктердің қанайналым жүйесінің құрылысы
Шұбалшаңның қанайналым жүйесі әр буылтықта жеке болады. Сақиналы қан тамырлармен өзара байланысқан ірі арқа қантамырынан және құрсақ қантамырынан тұрады. Бұл екеуінен қылтамырлар тарамдалып, теріні және зәршығару, асқорыту, жүйке жүйесі, т. б. ішкі
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан
Эритроциттердің оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдауы. Гемоглобиннің рөлі. Артериялық қан және веналық қан. Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. И. И. Мечников. Фагоцитоздың ашылуы. Қабыну процестері
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың организмнің ішкі сұйық ортасы қан және қан жасушалары, олардың қызметі, эритроциттер туралы білімдерін жетілдіру.
Ағзаның ішкі ортасы
Ағзаның ішкі ортасы
Караганды облысы, Сәтбаев қаласы Адамьянова Шолпан Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×