Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аквариумда өтетін зат алмасу процесіндегі өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктерді дұрыс таңдап алу

27 желтоқсан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: «Аквариумда өтетін зат алмасу процесіндегі өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктерді дұрыс таңдап алу»
П/ж: «Аквариумға өсімдіктерді отырғызу»
Сабақтың мақсаты: А) Білімділігі: Оқушыларға аквариумдық балықтардың көбеюі және олардың өсуі туралы түсінік беру;
Ә) Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелей отырып, электронды оқулықпен жұмыс істей білу дағдысын одан әрі қалыптастыру;
Б) Дамытушылығы: Интерактивті әдістер арқылы балаларды жылдам ойлауға, ойды тез қабылдап дұрыс шешім шығаруға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, көрнекі сөздер, балықтардың суреттері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: биология, дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
ІҮ. Қорытынды

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Қатысушы ұстаздармен амандасу.
«Психология дайындық»: Бүгінгі көңіл күйін қалай?
Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ
Өсімдіктерді аквариумға қалай әзірлеу, орналастыру және отырғызу жайына тоқталамыз.
Өсімдіктерді аквариумның көлеміне, түріне сай іріктеп алады. Тамыры, сабағы және жапырағы сынып, зақымданған өсімдікті алмау керек. Өсімдікті отырғызар алдында лупамен мұқият қарап, гидраның жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана отырғызу керек. Мұнымен қатар болар болмас ас тұзы ерітілген (1 л суға жарты шай қасық ас тұзы) суға 5 минуттай өсімдікті шайқаған дұрыс. Сәндік ерекшелігін ескеріп, өсімдікті мұқият отырғызу керек. Балықтардың еркін жүзуіне бөгет болатын және көз жіберіп байқауға арналған аквариумның алдыңғы бөліміне өсімдіктерді отырғызбайды, әртүрлі өсімдікті жеке топ тобымен отырғызған жөн. Әсіресе, тез өсетін өсімдікті өте жиі отырғызбау керек.

Өсімдікті отырғызу
Аквариумның топырағына өсімдікті 2 түрлі жолмен отырғызуға болады. Біріншісі, аквариумға су толтырмастан бұрын ылғалды топыраққа өсімдікті отырғызады. Алдымен саусақпен шұңқыр жасайды. Өсімдіктің тамыры тым үлкен болса, қайшымен ұшын кесіп тастайды. Дайындалған шұңқырға өсімдіктің тамыры сынып қалмауына, жан - жағына тегіс жайылуын қадағалап отырғызады. Су өсімдігінің тамыры сынғыш өте нәзік болып келеді. Сондықтан топырақты сақтықпен ақырын себу керек. Аласа өсімдіктерді алдыңғы жағына орналастырады. Өсімдік отырғызылғаннан кейін, топырақты су шайып, өсімдік су бетіне қалқып кетпес үшін, аквариумның түбін жауып тұратындай бір табақ жай қағаз картон салады. Бұдан кейін су құйылады. Судың деңгейі аквариумның ернеуіне 3 - 4 см қалғанда қағаз ептеп алынады. Су толтырылған соң аквариум әйнекпен жабылады. Өсімдіктер тамыр алып өскенше бірнеше күн тұрады. Осыдан соң аквариумның ішіне балық жіберіледі.
Екінші жолы, өсімдікті су астындағы топыраққа отырғызады. Ол үшін аквариумға онша толтырмай су құяды да, өсімдікті су ішіндегі топыраққа отырғызады.

Өсімдікті аквариумда орналастыру
Өсімдіктер аквариумда эстетикалық жағынан тартымды, көзге әдемі болып көрінуі керек. Тамыр жүйесі жақсы жетілген, суда қалқып жүретін өсімдіктер аквариумның үстіңгі жағынан қарағанда өте әсерлі көрініс береді. Аквариум алдыңғы жағынан қарағанда да көзге тартымды болғаны жөн. Ол үшін грунтқа бекініп өсетін өсімдіктердің түрлерін еккен қолайлы. Аквариумның ортаңғы бөлігін ашық қалдыруға болмайды. Аквариумның екі бүйір қабырғасына сабағы және жапырағы ұзын өсімдіктерді орналастырған жөн. Валлиснерия, сагитория және басқа өсімдіктер аквариумның артқы қабырғасына таман орналастырса, сәнін келтіріп, адамға эстетикалық әсер етеді. Алайда аквариумға өсімдіктерді өте көп егу дұрыс емес, ондайда өсімдіктер көмірқышқыл газын бөліп, сдың қышқылдығын арттырады. Тоған, суат, көлшіктерде өсетін өсімдіктер аквариум үшін пайдалы бола бермейді. Табиғи өсімдіктер ерекше күтімді қажет етеді, суды бүлдіріп, аквариумдағы су тепе - теңдігін бұзады. Аквариумға мүмкіндігінше дүкеннен алынған өсімдіктерді пайдаланған жөн. Өсімдік - аквариум көркі, аквариумның тартымды да сәнді болуы үшіән ондағы өсімдіктерді дұрыс күте білу керек.

Балықтар жөнінде қызықты мәліметтер
 Балықтардың көптеген түрі өмірінде өз жынысын өзгертіп тұра алады. Қос жынысты балық түрлері де кездеседі;
 Көптеген балықтар ұсақ түйіршіктерді, құрттарды жейді;
 Акуланың тісі 3000 - ға жетуі мүмкін. Тісі сынса орнына жаңасы өсіп шығады;
 Ежелгі Грецияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын болған. Гректер оларды "әулие балық" деп атайтын болған.
 Әлемде сан алуан балықтардың 25 000 астам түрі бар;
 Анабас сияқты кейбір балықтар, аз уақытқа болса да құрлықта өмір сүре алады;
 2003 жылы ғалымдар балықтың ауруды сезетінін анықтады;
 Қармақшы - балық жемін жарықпен алдап шақырады;

ІІІ. Практикалық жұмыс: Аквариумға өсімдіктерді отырғызу
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
А) Шелектегі балықтар
Әр шелектен балықтардың төртеуінің атын тауып шығару керек. Барлығы 8 балықтың аты шығуы керек
Жауаптары: Гуппи Акара Барбус Сазан; Гурами Неон Жайын Алтын балық
Ә) Топтастыру
Аквариумдық балықтар Көлдегі балықтар

Б) Сергіту сәті
В) « Жасырын балықтар»
Аквариумда жасырын қалған балықтардың аттарын тап
Г У Р А М И С Т О
Л Г У П П И А В С Г Р
К С И Х Л О З О М А В У
О М О Л Л И Н Е З И Я Ы
С М А К Р О П О Д Н Г У
О Н А Л И Ж А Й Ы Н Ф
Ш А М Н Е О Н С А Г
О Р А Л Т Ы Н Т Г А
А Ж Л Б А Л Ы Қ У

Г) Балықтарды танисың ба? (Сөзжұмбақты шешу) Жауабы: 1. Барбус 2. Акара 3. Скалярия 4. Жайын 5. Семсерқұйрық 6. Табан 7. Сазан 8. Гурами

Д) «Бинго» ойыны
1. Қандай аквариумдық балықтардың түрлерін білесіңдер?
2. Аквариумның топырағына өсімдікті неше әдіспен отырғызуға болады?
3. Қандай аквариумдық өсімдіктердің түрлерін білесіңдер?
4. Аквариумды таңдаған кезде неге басты назар аудару керек?
5. Аквариумда өсірілетін өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
6. Мектепте қолданылатын аквариумдар нешеге бөлінеді?
7. Бөлме өсімдіктері мен аквариумда өсетін өсімдіктердің айырмашылығы неде?
8. Аквариумды бөлмеде қалай орналастыру керек?

Ү. Қорытынды: Рефлексия. Бүгінгі сабақ ұнадыма?
Сабақтың қай жері ерекше ұнады? (оқушылардың өз ойларын білу)
Пайдаланылған әдебиеттер: massaget. kz, bilimdiler. kz, ustaz. kz сайттарынан алынған.
2 730
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап, маңызын ұғынады.
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі.
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі.
Тірі организмдерде міндетті түрде болатын қасиеттердің бірі ол артына ұрпақ қалдыру, басқаша айтқанда бір особьтың өзі секілді жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттілігі.
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары
Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары Өсімдіктердің көбеюі жайлы білуі керек
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Cабақ – өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі.
Өсімдіктер сабағының құрылысы мен қызметі, ішкі құрылысы, сабақтың бойлап және жуандап өсуі, камбийдің рөлі, жылдық сақиналар туралы түсінік беру арқылы өсімдіктердің вегетативті мүшелері жөніндегі білімдерін тереңдету.
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ.Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гулайым Куспанова
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер Мақсаты: А) білімділігі: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×