Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдіктердің шипалық қасиеті

23 наурыз 2018, Жұма
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің шипалық қасиеті

Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты: Пәнге қызығушылығын арттырып, теориялық білімді практикамен ұштастыру. Жергілікті жер табиғатына тән өсімдіктер жайлы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық мақсаты: Өсімдіктердің дәрілік қасиеттері туралы тереңірек мағлұмат беру, дәрілік мақсатта қолдану тәсілдері жайлы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Өсімдіктер әлемін қорғай білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау
Сабақтың әдісі: рольдік ойын, практикалық жұмыстар, тірек сызбалары,
баяндау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Кеппешөптер, коллекциялар, суреттер, оқулықтар, сызбалар, таблицалар.

Сабақ жоспары:
1. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Тірек сызбалары арқылы түсіндіру..
2. Өсімдіктердің шипалық қасиеттері жайлы жалпы түсінік. Реферат.
3. Дәрі. Дәрілік өсімдіктер. Тірек сызбалары.
4. Өсімдіктерді дәрілік мақсатта жинау ережелері. Плакат.
5. Кептіру, сақтау тәсілдері. Плакат.
6. Қайнатпа, тұндырма, ыстау. Плакат.
7. Практикалық жұмыстар. Кеппешөптер. Коллекциялар.
8. Шипагерлік кеңес. Рольдік ойын. Пайдалы кеңестер.
9. Өсімдіктерді, табиғатты қорғау.

І. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы жайлы жалпы түсінік

Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес. Себебі, ол – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі ағзалар пайдаланады.

Ауаны улы газ бен шаңнан тазартады
(бір адам тыныс алу үшін жылына 173 мың литр оттегі қажет, ғаламшардағы өсімдіктер жылына 400 млн т. шамасында оттегі бөліп шығарады).

Айналадағы ортаны жақсартады
(айналадағы шуды бәсеңдетеді, ауа райын салқындатады, желге тосқауыл болады: аңызақ
желден, аптап ыстықтан қорғайды, қар тоқтату, топырақты бекіту үшін)

Топырақты қарашірікпен байытады
Өсімдік Тірі ағзалар тұтынатын және қоректенетін азықтың негізгі бөлігі

Сәндік, көгалдандыру үшін өсіріледі

Ағаштан 20 мыңнан астам бұйымдар жасалады

Тұрмыста пайдаланады (бояулар алынады, парфюмерияда – эфир майлары)

Медицинада алатын орны ерекше
(адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді, хош иісі және сәнді реңі адамның жүйке
жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл күйін шаттандырады.)

ІІ. Өсімдіктердің шипалық қасиеті жайлы мағлұмат.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп - жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 проценті өсімдіктен дайындалады екен. Бұған дәлел халық нақылы «Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады», «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның түбінде өсіп тұр». Бағзы заманнан – ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып, біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Алайда өсімдіктердің ішінде улысы да бар. Оны халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы мүмкін.

Қазақстанның жер көлемі 2750 мың шаршы шақырым, табиғи байлығы сан алуан. Әсіресе өсімдіктерінің молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірінен саналады. Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік, дәрілік қасиетін ертеден білген. Ертеде өмір сүрген Әбу Нәсір Әл - Фараби, Әбу Әли Ибн - Сина, Беруни және орта ғасырларда өмір сүрген, тағы да басқа Шығыс ғалымдарының қазақ халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Бұған қоса қазақтың халық медицинасында дәрілік өсімдіктер жөніндегі ұғым көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, және Ауғанстан сияқты халықтардың медицинасындағы деректермен байытылып, одан әрі дамыды. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 проценті өсімдіктен дайындалады.

Үйірме жетекшісі: Сүлейменова М. М.

Өсімдіктердің шипалық қасиеті. жүктеу
3 312
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің көптеген түрі өседі. Олар: шайқурай, қалақай, түймедағы, мыңжапырақ, таушымылдық, бөріқарақат, шырғанақ, итмұрын, жусан және тағы басқалар.
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту; оқушыларды табиғатта өздерін дұрыс ұстауға үйрету.
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары
6 сыныпқа арналған факультатив сабақ жоспары. Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктердің түрлері мен маңызы.
Бектауата маңындағы - арша өсімдігі
Бектауата маңындағы - арша өсімдігі
Кіріспе бөлім. Арша өсімдігі тұрмыста қолданылған мен, оның көптеген пайдасын, өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда дайындалатын өсімдік - дәрілердің отандық кәсiпорындарда тек 20 тоннадайы ғана өңделеді.
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктер экологиясы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер
Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер Мақсаты: А) білімділігі: Оқушыларға дәрілік өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, білімдерін кеңейту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×