Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі

15 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Биология
Тақырып: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қазақстан өсімдіктері су басып жатқан кезен, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Палеоген дәуірдің алғашқы жартысында теңіз жағалауындағы қыраттар мен тауларда субтропиктік жалпақ жапырақты өсіп тұрған. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, ірілі, ұсақты көлдер қалыптасқан.

Неоген дәуірде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, алма сияқты өсімдіктер сақталып қалған. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпақдаланың босауы одан сәл ғана ертерек.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000 - дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес.

Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Сырдария - Қаратау флорасы өте бай. Онда 1000 - нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер.

Тянь - Шаньның, Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол.

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Қазақстанның кең жазиралы жазығында дала мен шөл өсімдіктері басым. Қазақстан дүние жүзі бойынша орманы аз елдердің қатарына жатады. Бүкіл аумағының 11, 4млн гектар жерін ғана ормандар алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда, топырақты эрозиядан сақтап, құм көшкіндерін бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Шөлді аймақтарда сексеуіл, өзендер бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседі.

Қазақстанның жануарлар дүниесінің қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы таулы аймақта сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады. Сонымен бірге құстары өскен. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян жатады.
Қазақстанның жануарлар дүниесі қазір сүтқоректілердің 178, құстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады.

Орманды даланың сүтқоректілері қатарына қоян, су тышқаны, ақ тышқан, елік кіреді. Қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл кең тараған, қайыңды ормандарды қырғи, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш құстар мекендейді. Ашық алаңдарда тоқылдақ, қарғаның түрлері, бұлдырық бар. Орман ішінде жылан аз кездеседі, кесірткенің біраз түрлері ұшырасады.

Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Дала тышқаны, ала қоржын, қасқыр, түлкі, борсық көп мекендейді. Киік жиі ұшырасады. Дала құстарынан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі ( қараторғай, бозторғай, шымшық торғай) кездеседі.

Шөл даланың жануарлары ыстыққа, шөлге шыдамды болуға бейімделген. Ала жертесер, сарышұнақтың, құм тышқандарының кей түрлері, кірпі, құм қояны, құстардан сексеуіл жорға торғайы, дала бүркіт, бөктергі, ақ құйрық сауысқан бар.

Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Алтайда қоңыр аю, тундра құры, тау ұлары кездеседі. Жерорта теңізінен ауысып, Алтайға жетпей, Тянь - Шань, Тарбағатай шекарасынан өтпей қалған аңдар қатарына гималай ұларын, күштігенді, байғызды атауға болады. Жоңғар Алатауы, Күнгей Алатау бойын бұғы, сілеусін, шымшық торғай, т. б. Батыс Тянь - Шаньды ұзын құйрықты тышқан, шыбыншы торғай, ақтамақ бұлбұл мекендейді. Орталық Тянь - Шаньда алтай суыры, имек тұмсық балықшы, қызыл мойын бұлбұл ұшырасады. Өзен, көл аймақтарындағы қарақұс, сұр шымшық, елік, ақ тышқан жіне балық түрлеріне бай. Аралда балықтың 40, Каспийде 50 түрі бар.
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі жүктеу
10 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығыс Еуропа жазығы
Шығыс Еуропа жазығы
Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, ежелгі платформа екендігі, ондағы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары, жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші күштер, климатының ерекшеліктері, ішкі суы табиғат зоналары,
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Қазақстанның көлдері
Қазақстанның көлдері
Қазақстанның кең - байтақ аумағында ірілі - ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан.
Сарыарқа
Сарыарқа
Жаңа сабақ: Сарыарқа Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық - географиялық және табиғи - тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді.
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарабұлақ орта мектебі ММ География пәнінің мұғалімі Тлегенова Аңсаған Бурхатқызы
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягө ауданы, «№6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ Курмангалиева М. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×