Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүйке жүйесі

02 маусым 2019, Жексенбі
Категориясы: Биология
Сабақ жоспары
Пән: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы
Сабақ тақырыбы: Жүйке жүйесі
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Жүйке жүйесі құрылысы, қызметі, адам өміріндегі маңызын, адамның жоғары жүйке қызметінің әрекетінің физиологиясын қорытындылау. Денсаулыққа әсер ететін зиянды факторлар туралы мағлұмат беру, алмасу.
2. Дамытушылық: Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен және кестелермен жұмыс істеу икемдігін дамыту. Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру мақсатында қосымша материалдарды іздеуге, пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелілік: Салауатты өмір сүру қабілеттілігіне, сұлулыққа, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, білімін кеңейтіп, оны қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: жалпылау сабағы
Сабақтың түрі: калейдоскоп сабағы
Қолданылатын әдіс - тәсілдер, технологиялар: оза оқыту технологиясының элементтері, проблемалық оқыту технологиясын қолдану, хабарлау, репродуктивтік, талдау - жинақтау, жұптасу тексеру, алдын ала тапсырма беру тәсілі.
Пәнаралық байланыс: биология, валеология, гигиена, экология, химия, медицина
Сабақтың жабдықтары: сабаққа эпиграф, сабақ жоспары, таратпа материалдар, ватман, маркер, презентация «Microsoft Point» флипчарт,
Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, мультимедиалық тақта, флипчарт
Негізгі әдебиеттер:
О. А. Петришина, Е. П. Попова: «Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы»
Қосымша әдебиеттер:
Ә. Күзенбаева: «Адам анатомиясы»

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)
Сәлемдесу
Түгендеу
Сабаққа кірісу
Тренинг «Өзіңді және басқаларды тану»
1. «Бағалайтын қолшатыр»
- Ашылған қолшатыр суретінің, әр сымына өзіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз. Неше сым сонша сөз болу керек.
Оқушыларды топқа бөлу: «Анатомия», «Физиология», «Гигиена».
Бағалау парағын таратып, топ басшысын бекіту және міндеттерін түсіндіру.

Сабақтың жүру барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап, жасырмаған
Кел бәріміз ғылымның тілін зерттеп,
Бір жұмбағын ашайық, ашылмаған – дей отыра «Жалпы жүйке жүйесі» тарауы бойынша өткен білімдерімізді пысықтап, қорытындылайық. Сабағымыз бүгін ерекше «Анатомиялық калейдоскоп» ойыны арқылы өтеді. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Ол кезеңдерді әртүрлі ойын арқылы жүзеге асырамыз. Сабағымызға кіріспес бұрын отыра «Жалпы жүйке жүйесі» тарауы бойынша керекті термин сөздерді жинап алайық.
Ол үшін «Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі бойынша оқушылар тақырып бойынша негізгі сөздерді бөлек жинайды.
Оқушыларға мына сөздер беріледі: дабыл жарғағы, рефлекс, нейрон, сілекей, бұлшық ет, ұлпа, өкпе, жүрек, миокард, склера, рецептор, аксон, эпидермис, синапс, бүйрек, сегізкөз, сүйек, гармон, ми, сигнал, жас безі, эндокард, нефрон, жұлын, асфикция, миофибрил, эпифиз, дендрит, жүйке әрекеті, қозу, тежелу, еставхиев түтігі
1. “Жұлдызды сағат ойыны” «Ыстық орындық» әдісі арқылы. (Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық)

1. Жүйке жасушасы қалай аталады?
2. Нейрон дегеніміз не?
3. Нейронның ұзын өсіндісі
4. Нейронның қысқа өсіндісі
5. Рецептор дегеніміз не?
6. Рефлекс дегеніміз не
7. Рефлекс доғасы дегеніміз не?
8. Рефлекс доғасы қандай бөлімдерден тұрады?
9. Рецепторлардың түрлеріне қарай рефлекстер қалай жіктеледі?
10. Жүйке ұлпасының негізгі қасиеті
11. Биологиялық бағыттағы рефлекстер
12. Жұлыннан неше жұп жұлын жүйкесі шығады?
13. Жұмысшы мүшенің қызметіне байланысты пайда болған рефлекстер
14. Орналасуына байланысты рефлекстер
15. Синапс деген не?
16. Жұлынның құрылысы
17. Жұлынның қызметі
18. Жоғары дәрежелі жүйке қызметін зерттеген ғалым
19. Симпатикалық жүйке жүйесінің қызметі қандай
20. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметі қандай?
21. Вегетативті жүйке жүйесі дегеніміз не?
22. Сөзді сигналдардың сигналы деп атаған ғалым
23. Бірінші сигналды жүйеге не жатады?
24. Екінші сигналды жүйеге не жатады
25. Иррадиация дегеніміз не?
26. Адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеген ғалым
2. Мәтінге жетіспей тұрған сөздерді жазыңдар: (7 мин)
Студенттің аты - жөні:___________________________________________________

Жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің негізі - шартты және шартсыз рефлекстер

Әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын барлық рефлекстерді И. П. Павлов __________ және __________ деп екі топқа бөлді. ____________ - ағзаның тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын туа пайда болатын реакциялары. Олар ұрпақтан ұрпаққа өзгерместен, тұқым қуалай беріледі. Шартсыз рефлекстер жауап қайтару реацияларының сипатына қарай ___________________________________________ деп бөлінеді. Бағдарлау шартсыз рефлексін И. П. Павлов ______________ деп атады. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуі рефлекстің басқа түрі - ______________ арқылы жүзеге асады. ______________ туа пайда болмайды, олар өмір бойы қалыптасып, нығаяды немесе өшеді. Сондықтан оларды уақытша немесе тұрақсыз деп атайды. Үлкен ми сыңарларының қыртысында _________ мен ________ сияқты жүйке процестері үнемі өзара әсер етеді. Үлкен ми сыңарларының қыртысында қозу мен тежелу ошақтарының үнемі алмасып отыруы байқалады. Процестердің мұндай алмасуын ___________________ деп атайды. И. П. Павлов жоғары дәрежелі жүйке қызметін зерттей келе, ______________ және ______________ сигналдық жүйелер туралы ілімін жасады. Бірінші сигналдық жүйеге ми қыртысының қоршаған ортасының ______________ басқа көптеген тітіркендіргіштеріне қайтарған жауабын анализдеу және синтездеу әрекетін жатқызады. Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші болып _________ табылады. Ол адамға ғана тән қасиет.

Керекті сөздер: Шартты, шартсыз рефлекстер, шартсыз, қозғалыс, секреторлық, трофикалық, «Бұл не рефлексі», шартты рефлекс, қозу, тежелу, функционалды мозайка бірінші, екінші, сөзден, сөз.

Жауабы: Әртүрлі тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын барлық рефлекстерді И. П. Павлов шартты және шартсыз деп екі топқа бөлді. Шартсыз рефлекстер - ағзаның тітіркендіргіштерге жауап қайтаратын туа пайда болатын реакциялары. Олар ұрпақтан ұрпаққа өзгерместен, тұқым қуалай беріледі. Шартсыз рефлекстер жауап қайтару реацияларының сипатына қарай қозғалыс, секреторлық, трофикалық деп бөлінеді. Бағдарлау шартсыз рефлексін И. П. Павлов «Бұл не рефлексі» деп атады. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуі рефлекстің басқа түрі - шартты рефлекс арқылы жүзеге асады. Шартты рефлекс туа пайда болмайды, олар өмір бойы қалыптасып, нығаяды немесе өшеді. Сондықтан оларды уақытша немесе тұрақсыз деп атайды. Үлкен ми сыңарларының қыртысында қозу мен тежелу сияқты жүйке процестері үнемі өзара әсер етеді. Үлкен ми сыңарларының қыртысында қозу мен тежелу ошақтарының үнемі алмасып отыруы байқалады. Процестердің мұндай алмасуын функционалды мозайка деп атайды. И. П. Павлов жоғары дәрежелі жүйке қызметін зерттей келе, бірінші және екінші сигналдық жүйелер туралы ілімін жасады. Бірінші сигналдық жүйеге ми қыртысының қоршаған ортасының сөзден басқа көптеген тітіркендіргіштеріне қайтарған жауабын анализдеу және синтездеу әрекетін жатқызады. Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші болып сөз табылады. Ол адамға ғана тән қасиет.

3. «Егер де мен.....» рөлдік ойын. Тапсырма: 15 - мин (топтық жұмыс)
Балалардың ақыл - ой еңбегін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптары бойынша:
1. 4 - сынып оқушыларының сабақ кестесіне гигиеналық баға беріңіз.
2. Мектептің үзілістерін гигиеналық бағалау.
3. Кезең алмасуына байланысты оқушының әр оқу күнінің шамамен берілген күн тәртібін жасау.
Жүйке жүйесі. жүктеу
6 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлын
Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті айтылым - жазылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптастырылады (мысалы, топтық, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер).
Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Ми. Мидың сұр және ақ заттары. Мидың бөлімдері, олардың құрылысы мен қызметі
Организмдердің күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттеуші ми бөлімдері ми діңімен мишықтың қызметі туралы түсінік беру. Мидың негізгі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалім Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Ми діңінің құрылысы. Мишық
Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру. Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы
Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі туралы оқушыларға білім беру Жоғары жүйке қызметінің топтары туралы түсінік беру әрекетін ұйымдастыру
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі туралы оқушыларды түсінік қалыптастыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×