Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамақ құрамы, тамақтану тәртібі

24 қыркүйек 2019, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: Тамақ құрамы, тамақтану тәртібі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тамақ құрамы мен маңызы, ақуыз, май, көмірсу, минералдар, дәрумендер туралы түсініктер беру.
Дамытушылық: Тамақ құрамы балалардың ағзасын өсіруге, дамытуға әсері мен маңызы туралы білімдерін кеңейту, дамыту.
Тәрбиелік: «Ас – адамның арқауы» екенін, адам тамақтану үшін тіршілік етпейтінін, тіршілік үшін тамақтануын түсіндіру, әдетті түсінікті қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық
Көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық кесте

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Сынып оқушыларының сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының дұрыстығын тексеріп, оқушыларда төрт топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Жергілікті жердегі улы өсімдіктер, улы саңырауқұлақтар, улы жыландар және улы жәндіктермен улану, алғашқы көмек көрсету» тақырыбын сұрау.
І топ: Қазақстанда кездесетін улы саңырауқұлақтар түрлерін, улану белгілері, алғашқы көмек көрсету туралы сұрау.
ІІ топ: Улы өсімдіктердің Қазақстанда кездесуі, улану белгілері, алғашқы көмек көрсету туралы сұрау.
ІІІ топ: Қазақстанда улы жыландардың кездесуі, улану белгілері, алғашқы көмек көрсету жолдарын сұрау.
ІҮ топ: Улы жәндіктер түрлері, олармен улану белгілері, алғашқы көмек көрсету туралы сұрау.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру:
Қазақ халқы «Бірінші байлық - денсаулық»дейді. Олай болса «Денсаулық»сөзіне ассосация құру.
- Деніміз сау, құрыш білекті, алып жүректі, қайраты, білімді де, ақылды қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не керек деп ойлайсыңдар? (Оқушылардың өз ой - пікірлерін тыңдау)

Табиғи күш ------------------- Білім ------------------- Белсенді еңбек
● Спорт
● Таза ауада болу
● Дұрыс тамақтану
● Тазалық
● Зиянды әдеттерден аулақ болу

ІІІ. Жаңа сабақ:
- Адам тіршілігі мезгіл - мезгіл ас ішіп оны қорытып, денесіне сіңіруіне байланысты. Халқымыз «Ас - адамның арқауы» - дейді. Ас адамның құрылыс материалы, энергия қоры. Адам денсаулығы дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа іс - әрекеттер астың құрамына тікелей байланысты. Олай болса адам ағзасына қажетті азық - түліктер қайдан алынады?

- Астық дәндер -------------- Сиыр
- Бақша дақылдары --------- Түйе
- Жеміс - жидектер ------- Жылқы
------------------------------------ Қой
--------------------------------- Тауық
---------------------------------- Қоян
-------------------------------- Балық

Негізгі құрамы
Органикалық заттар. Минералды заттар. Су. Дәрумендер

Органикалық заттар
- Ақуыз
- Май
- Көмірсу

Ақуыз - адам ағзасын құрастырушы. Адам қалыпты өмір сүріп, дұрыс жұмыс атқару үшін құрамында бір күндік ақуыз мөлшері 100 - 120 гр. қажет.
Ақуыз мына тағамдарда кездеседі
- Сүт тағамдарында ---------- Жұмыртқада
- Қара бидай нанында ------- Бұршақ
- Фасоль -------------------------- Соя
- Арахис -------------------------- Жаңғақ
- Саңырауқұлақ ----------------- Ет
- Балық

Май - ағзаға энергиялық материал, әр түрлі витаминдермен биологиялық активті заттардың қоры болып табылады. Сонымен қатар май ағзада қорғаныштық қызмет атқарады. Салқын кезде май жылу реттегіш қызмет атқарады. Күніне 80 - 100гр. май қажет.
Көмірсу – негізгі жылу қоры және қуат береді. Көмірсулар ағзада көп болатын болса, майға айналады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті көмірсудің мөлшері450 - 500г. Құрамында көмірсулар болатын тағамдарды көп пайдалану адамның семіруіне, қант ауруларына әкеліп соғатынын есте сақтау қажет.

Көмірсу мына тағамдарда кездеседі
- Нан ------------------------- Картоп
- Бидай жармасы -------- Банан
- Қант ------------------------ Бал
- Жеміс - жидек --------- Ботқа
- Күріш --------------------- Тары
- Өсімдік майы ---------- Жануар майы

Минералды заттар
Микро элементтер ------------- Макро элементтер
- Натрий --------------------------- Темір
- Калий ---------------------------- Мыс
- Хлор ----------------------------- Йод
- Фосфор
- Кальций
- Магний
Минералды заттар - денеде кенеулі заттар мен су арқылы түседі. Жасушаның қозу, тежелуі үшін минералды заттар өте қажет, сонымен қатар олар сүйек пен тісті бекіндіріп, денедегі ұлпалар мен сұйықтықтардың құрамына кіреді. Бір адамға тәулік мөлшері – 10гр. минералды заттар қажет.
Су - адам денесінің тіршілігі үшін ең қажетті зат. Адам күніне шамамен
2 - 2, 5л. Су ішеді. Оның 1 литрін ішеміз, 1 литрі тамақтың құраммен түседі, ал 200 - 300мл. Ағзаға зат алмасудың нәтижесінде пайда болады.
Дәрумендер - ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.

Дәрумендердің түрлері
А, В1, В2, В3, В4, В6, В12, В13, В15, ВС, ВТ, С, Д, Е, Ғ, Н, К, Р, РР, N, V

Дәрумендер мына тағамдарда кездеседі
- Жеміс - жидектер ---- Сүт
- Көкөністер ------------ Нан
- Өсімдік ---------- Сары май
- Балық --------------- Күріш
- Бауыр ---------- Жұмыртқа
- Ет

Тамақтану ережесі
- 1. Асықпай тамақтану
- 2. Асты дұрыс шайнау
- 3. Жегің келмесе жеме
- 4. Тамақтану үшін жеу керек

Тамақтану мезгілі
- 1. Таңертеңгілік ас - 25%
- 2. Түскі ас – 40%
- 3. Сәскелік ас – 15%
- 4. Кешкі ас – 20%

Тамақтануда нені шектеу керек
- Тағамдық тұзды
- Қантты
- Жануар майын

IV. Жаңа сабақты бекіту:
Семантикалық карта толтыру: Қандай тамақта күнделікті рационға қажетті қоректік заттар барын анықта.
Тамақтың түрлері ------------ Су ------ Көмірсу ------- Ақуыз ------ Май ------ Дәрумен ------ Минералды
Сүт және сүт тағамдары ------+------------+-------------------+------------+---------------+-----------------+
Нан, жарма, ұн тағамдары
Ет, балық, тауық, жұмыртқа
Көкөністер мен жемістер
Өсімдік және мал майы

Тағамға байланысты валеологиялық диктант
Түскі аста сұйық тағам... ішу қалыптасқан. Оның... 250 - 500 гр...
Қапырық ыстықта асханалық... немесе аздап тұз... су, ең жақсысы газды... ішу керек.
Ылғалды... өнімі - қияр.
Күнбағыс өсімдігінен... алынады.
... адам қанының құрамын толықтырушы жеміс.

Керекті сөздер: құрамында сорпа, су болады, май, көп көкөніс, салынған, су, анар, минералды су.
Қорытындылау:
Бағалау:
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу дәрумендердің түрлерін анықтау, күнделікті ішетін тағамда қоректі заттардың қаншалықты барын талдап дәптерге кесте құрастыру.

Өтебалы Камшат Садыққызы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің
химия - биология пәні мұғалім
33 387
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Ас – адамның арқауы. Қос сөздер
Ас – адамның арқауы. Қос сөздер
Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады. Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан
Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары
Тамақ арқылы жұғатын аурулардың алдын алу шаралары
Жұқпалы аурулар туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушыларға тамақтану мәдениеті, тамақтан улану себептері туралы түсінік беру.
Салауатты тамақтану
Салауатты тамақтану
Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін түсіндіру.
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Үйлесімді тамақтану – денсаулықтың кепілі
Қарағанды қаласы, №68 МИББ кешенінің физика пәні мұғалімі Біләл Дина Төлеуханқызы
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бектұрғанова Бақытгүл Қабделқызы
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі"КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нурсагиева Акбота Байдилдаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.