Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары.

Сабақтың мақсаты:
білімділігі - оқушыларды терінің қорғаныштық, рецепторлық, жылу реттеушілік және тер шығару қызметтерімен таныстыру.
тәрбиелілігі - өзінің денсаулығын күтуге және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
дамытушылығы - терінің қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін дамыту, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұхбат, баяндау, өздік жұмыс, сұрақ - жауап.
Құрал - жабдықтар: Слайд. «Терінің құрылысы», «Тері аурулары»

Сабақтың барысы: 1. ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Менен сұрақ, сізден жауап.
1. Зат алмасудың соңғы өнімдерін организмнен шығаратын мүшелерді атаңдар. тері, бүйрек, өкпе, ішек.
2. Зәр жиналатын бұлшық етті мүше. Қуық.
3. Зәр шығару мүшелерін атаңдар. Бүйрек, несепаар, қуық, зәр шығару өзегі.
4. Бүйрек арқылы тәулігіне неше литр қан өтеді? 1500 - 1700 л
5. Бүйректе негізгі қызмет атқаратын құрылым. нефрон
6. Бүйректе түзілетін сұйық зат. Зәр
7. Түнде зәр тоқтамайтын ауру. Энурез
8. Зәр шығару мүшелерін және олардың ауруларын зерттейтін ғылым. Урология
9. Қуықтың сыйымдылығы неше мл? 500мл
10. Бүйректі қуықпен байланыстырып, қабырғасы қалың бұлшық еттен тұратын түтікшелер. несепағар
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сезім мүшелері:
Көру мүшесі – КӨЗ
Иіс сезу мүшесі - МҰРЫН
Есту мүшесі - ҚҰЛАҚ
Сипап сезу мүшесі - ТЕРІ
Дәм сезу мүшесі - ТІЛ

Тері:
● Көп қызмет атқаратын күрделі мүше.
● Адам денесінің сыртқы жабыны.
● Ол микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбейді.
● Ауру мен денсаулықтың айнасы.
● Сипап сезу мүшесі болып табылады.
● Жүйке жүйесімен байланысты.
● Мықты, серпімді.
● Жеңіл, еркін қозғалуға мүмкіндік береді.
● Судың мөлшерін белгілі көлемде сақтайды.
● Ағзадағы артық тұздар тері арқылы шығып отырады.
● Түсі меланин пигментіне байланысты әртүрлі болады.
● Оның туындысы - тырнақ пен шаш.

Терінің атқаратын қызметі:
1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу
Сыртқы қабат Эпителий ұлпасынан тұрады. Үстіңгі қабат өлі жасушалардан тұрады. Ол теріні қатты бөлшектердің газдардың, сұйықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген өлі жасушалар орнына жаңасы келіп отырады
Ортаңғы қабат
Дәнекер ұлпадан тұрады. Терінің бұл қабаты қан тамырлар мен жүйке талшықтардың таралған ұштарымен торланған.
Ішкі қабат
Май ұлпасынан түзіледі, ол ағза мүшелері үшін оқшаулағыш қабат, “төсеніш” қызметін атқарып, қоректік заттар мен энергияға қойма болып есептеледі.

Тері аурулары. Безеу.
Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т. б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар. Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру.
Паразит саңырауқұлақтық тудыратын аурулар.
Терінің төменгі қабатын зақымдайды. Бұл қабыршақты қабатты, аяқтың, қолдың тырнақтарын толық зақымдайды. Оларға күбіртке, терінің астына тырнақтың өсуі.
Сүйел.
Терінің вирустық ауруы. Онымен көпшілік жағдайда балалар және жасөспірімдер ауырады.
Витилиго.
Терінің әр жерінде меланин пигментінің түзілуі бұзылғандықтан түрлі пішіндегі ақ дақтардың пайда болуы.
Қышыма қотыр.
Қотыр кене. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді.
Ұшық.
Вирустық ауру. Ол теріде және сілемейлі қабықшада көптеген ұсақ көпіршіктерден түзіледі.
Теміреткі.
Бұл ауруды көбіне паразит саңырауқұлақтар таратады.
Тері ауруларын емдейтін дәрігерді – дерматолог деп атайды.

Дерматолог былай дейді:
Халқымыздың ежелден келе жатқан «тазалық - денсаулық кепілі»,- деген мақал бар. Олай болса терінің тазалығы адамның денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Күнделікті өмірде барлығымыз бірдей тері тазалығына көңіл бөлуіміз қажет.
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Адам терісінде 15000 суық және 16000 жылу рецепторлары бар
Адам шашы сабын көпіршігінен 500 есе қалың, қылтамырдан 5 есе, өрмектен 20 есе қалың
Бүкіл денеде саны 20 миллионға дейін жететін өзге де түктер болады.
Әрбір кірпік бір – екі ай ғана өмір сүреді де, түсіп қалады, содан кейін, жаңа кірпік өсіп шығады.
Әдетте тырнақ аптасына 2, 5 мм – ге өседі
Орта есеппен алғанда, адамның басында 100 000 – нан 120 000 – ға дейін шаш болады.

Түсініп, есте сақтаңдар!
Эпидермис. Дерма. Тер бездері. Шел қабаты. Қотыр(қышыма). Сүйел. Витилиго. Ұшық. Теміреткі. Безеу.
№12 зертханалық жұмыс.
Мақсаты: қол ұшының сыртын және алақанды зерттеу, саусақ ұшындағы тері өрнектері не мән беріп қарау
Керекті құралдар: лупа.
Жұмыс реті:
1. Лупа арқылы алақанның сырт жағын қарау.
2. Алақанды қарау, терінің сипап сезу және суықты сезіну рецепторларын анықтау. (әртүрлі заттар)
3. Лупа арқылы алақанды сырт жағымен салыстыру.

Қорытынды жазу.
Өзіндік жұмыс
Терінің қызметі:
Терінің құрылысы:
1. Эпидермис 2. Жылу реттеу 3. Нағыз тері 4. Тыныс алу 5. Шел қабаты 6. Сипап сезу 7. Тырнақ 8. Қорғаныш 9. Май бездері. 10. Ыдырау өнімдерін шығару 11. Шаш
Терінің құрылысы: 1, 3, 5, 7, 9, 11.
Терінің қызметі: 2, 4, 6, 8, 10.
Алмасып кеткен жүйелер.

1. Ас қорыту жүйесі
Ауыз, көмекей, жұтқыншақ, ұлтабар, өңеш, кеңірдек, аш ішек, тік ішек, тоқ ішек
Тыныс алу жүйесі
Мұрын, өңеш, асқазан, көмекей, аш ішек, өкпе, бронхылар, тоқ ішек.
Зәр шығару жүйесі
Бүйрек, қуық, нефрон, кеңірдекнесепағар, ауыз, зәр шығару өзегі., бүйрек астауы

Бекіту сұрақтары:
1. Дененің сыртқы жабыны.(тері)
2. Дәнекер ұлпасының тығыз қабаты (дерма)
3. Терінің ең негізгі қызметін ата.(қорғаныш)
4. Эпителий ұлпасынан түзілген сыртқы қабат. (эпидермис)
5. Саусақ басын қорғайтын терінің мүйізделген құрамы (тырнақ).
6. Терінің жылу бөлетін қабаты.(шел)
7. Жыныстық жетілудің әсерінен болатын ауру.(безеу)
8. Қотыр кене тудыратын ауру.(қышыма қотыр )
9. Паразит саңырауқұлақтар туғызатын тері ауруы.(теміреткі )
10. Қайратты түк.( сақал)

Бағалау.
Үйге тапсырма: § 54, 55
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы. Тері аурулары.
56 186
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Теріні қоршаған орта мен организм арасындағы шектеуші мүше ретінде анықтай алады
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушыларға терінің құрылысы, қызметі мен маңызы туралы білімді меңгерту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Терінің құрылысы, қызметі және маңызы
Оқушылардың ойын арқылы ой - өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту. Оқушылардың биологиялық танымын ойындар ойнау арқылы логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту;
Терінің атқаратын қызметі
Терінің атқаратын қызметі
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев Жаңажол орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шакирбаева Маржан Адырбайқыз
Терінің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы мен қызметі
Биология пәні мұғалімі: Демеугалиева Гулнафис
Тері. Жылу реттеу
Тері. Жылу реттеу
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №48 орта мектептің биология пәні мұғалімі Исеғалиева Гүлжайна Серікқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×