Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нан дастарханға қалай келді?

25 наурыз 2014, Сейсенбі
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс - әрекет түрі: Экология
Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келді?»
Мақсаты: Нанды қадірлеуге үйрету. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдардың еңбегі арқылы келетіндігін түсіндіру.
Білімділігі: Нан туралы нақыл сөздерді ұғынуға, жаттап алуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Бақылағыштығын, қиялын дамыту.
Тәрбиелілігі: Еңбек адамдарын сыйлай білуге, әрбір адамның нанды үнемді пайдалана білуіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нан туралы салынған суреттер, ұннан жасалған тағамдар түрлері
Сөздік жұмыс: трактор, диқан, комбайн, элеватор, диірмен.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, тақырыптық слайд, триз технологиясы.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Педагог балалармен жылулық шеңберін ұйымдастырады.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»,
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.

- Балалар, бүгінгі күн біздерге үлкен қуаныш сыйлағалы тұр, қараңдаршы көптеген сыйлы қонақтар келді, алдымен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме!
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетімізде «Ас атасы - нан»туралы таныстырамын. Нан туралы көптеген маңызды нәрселерді білетін боламыз.
Осы кезде есік қағылып, Ұмай ана кіреді.

Тәрбиеші, балалар, бізге «Балапан»бағдарламасынан көріп жүрген Ұмай ана қонаққа келіпті.
Сәлеметсіз ба, Ұмай ана!
Нан дүкенге қайдан келеді?
Педагог дайын желілі суреттерді ретімен тақтаның жан - жағына қойып,
Бидай дәнінен нан жасалынғанына дейін ұзақ та қиын жолдан өткені жайлы әңгімелейді.(Педагог трактор, диқан, комбайн, элеватор,
диірмен сөздерін алдын - ала таныстырады)
- Алдымен трактормен жерді жыртады.
- Ол жерге бидайдың дәндерін тастайды, бірнеше күндерден кейін дәндер өсе бастайды.
- Бидайдың сабақтары пайда болады.
- Оны диқандар үнемі суарып отырады.
- Мезгілі жеткенде бидайды комбайндармен орады және үстерінен бастырады.
- Машинамен элеваторға тасиды.
- Бидайды диірменге апарып тартады.
- Аппақ болып ұн дайындалады.
- Қап - қаптармен ұнды наубайханаға тасиды.
- Онда ұн иленіп, нан пісіріледі.
- Нан таситын машиналармен дайын нанды дүкенге әкеледі.
Дүкенде нанның бірнеше түрлері: бөлке, батон, бауырсақ, печеньелер, тоқаштар, торттар сатылымға шығады.
Тәрбиеші,- балалар, осы біздің Бейнеу ауылында да ұн зауыты бар, ол туралы қазір білетін боламыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 969
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Нан дастарханға қалай келеді?»
«Нан дастарханға қалай келеді?»
Мақсаты: Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.
Ас атасы – нан
Ас атасы – нан
"Ас атасы – нан" екенін түсіндіру. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Нан дастарханға қалай келеді? «Бауырсақ»
Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Нан дастарханға қалай келеді?
Нан дастарханға қалай келеді?
Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?
Ас атасы - нан
Ас атасы - нан
Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Ауыр - жеңіл
Ауыр - жеңіл
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының мұғалімі Кубегенова Жумагул Калыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×