Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолақтағы ою-өрнек

09 қаңтар 2015, Жұма
Білім беру саласы: Шығармашылық
Сабақтың түрі: Жапсыру
Тақырыбы: Жолақтағы ою - өрнек
Кіріктірілген сабақтар: Тіл дамыту, Мүсіндеу. Сурет (бастырма, нүкте арқылы)
Мақсаты: Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру. Әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.

Ою - өрнектер туралы тақпақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, шеберхана ұйымдастыру.
Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық киімдер үлгісі: Сәукеле, етік, бешпет. ермексазбен әшекейленген білезік, суреттер.
Қажетті құралдар: Түрлі - түсті карандаштар, губка, гуащь, желім, ермексаз.
Кейіпкерлер: Айсұлу, Желаяқ.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері
Балалар әуенмен топқа кіріп,
«Угәй - әй» әнін айтады
- Ұшып жүрген аспанда
Ала қарға угәй - ай
Өлең айтып берейік,
Апайларға угәй - ай
Угәй, угәй әніміз
Арпа - бидай дәніміз
Ашық болып аспаным
Сәтті болсын күніміз!

II. Негізгі бөлім.
- Балалар, біз бүгін шеберлер еліне саяхатқа шығамыз, онда бізді әртүрлі қызықтар күтіп тұр. Шеберханадан талай өнер үйренеміз. Сапарға шыққыларың, қызықты нәрселер көргілерің келе ме?
- Иә, келеді.
- Ондай болса, басталық. (Балалар сазбен айналып жүреді).
Есік қағылады (Ару қыз Айсұлу кіреді)
Айсұлу: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер кімсіңдер?
Балалар:- Сәлеметсіз бе, біз мектепалды даярлық тобының балаларымыз, ал, сіз кім боласыз?
Айсұлу: - Менің атым - Айсұлу. Мен қазақтың айдай сұлу қызымын. Балалар, мені патша сарайға қонаққа шақырған еді, бірақ үстіме киетін әдемі, ұлттық киімім, асыл бұйымдарым жоқ, мен сондай көңілсізбін. Не істеймін?
Балалар:-- Сіз мұңаймаңыз, үйіңізге барып, өз ісіңізбен айналыса беріңіз, біз сізге көмектесеміз (Айсұлу үйіне қайтады)
Балалар жүрулерін жалғастыра, алдарында даяр тұрған «Зергерлік шеберхана», «Киімдер»,«Етік шеберханасы»,«Бас киімдер»шеберханасы деген таблицалары бар арнайы үстелге отырады. Үстелдерде жапсыру, сурет, қолөнеріне арналған құрал - жабдықтардың бәрі бар.

Педагог: Балалар, біз жаңа ғана Айсұлуға уәде бердік, енді сол уәдемізді орындауымыз қажет. Қараңдаршы, бүгін бізде 4 шеберхана жұмыс жасайды.(балаларды шеберханаға бөліп, педагог әр шеберхананың жұмыс міндетін түсіндіреді)
1. Зергерлік шеберханасы
«Білезік, алқа, сырға, шашбау жасау» Білезікті жасату.
Балалар алдын - ала әзірленген ермексаздан білезікке ою - өрнек түсіреді
2. Етік шеберханасы
«Етік, кебіс, мәсі т. б. аяқ киімдерге ою - өрнекті нүкте арқылы суретті салады»Етікті жасату.
Үлгіге қарап, етіктің ортасына түрлі - түсті карандашпен ою - өрнек салу.
3. Киімдер шеберханасы
«Бешпет, көйлек, жеңсіз, шапанды әшекейлеу» Бешпет жасату.
Үлгіге қарап, бешпеттің жиегіне ою - өрнек жапсыру. Желімді дұрыс пайдалану, ою - өрнекті дұрыс орналастыра білу.
4. Бас киімдер шеберханасы
«Сәукеле, тақия, жаулық, орамалды әшекейлеу»Сәукеле жасату.
Әзір үлгілерге губкамен басып, жұмыс жасайды.

Сергіту сәті:
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Қолға ине ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Ою ойып, сурет салсақ. (қимыл - қозғалыстарын келтіріп, бірге айтады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 095
0
  • 60
6 дауыс


Жаңалықтар
«Шеберлер еліне саяхат» (ересектер тобында өткізілген кеш)
«Шеберлер еліне саяхат» (ересектер тобында өткізілген кеш)
Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру.
Өнерлі екен он саусақ
Өнерлі екен он саусақ
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Шежін орта мектеп - балабақшасы мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Айжарикова Гульбану Талаповна
Өрнек құрастыру
Өрнек құрастыру
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Акманова Алия
Сәндік қолданбалы өнер
Сәндік қолданбалы өнер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің бейнелеу өнері мен сызу пәні мұғалімі Қанжан Айжан
Сәндік қолданбалық өнер
Сәндік қолданбалық өнер
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп – гимназия Технология пәнінің мұғалімі: Кадирбаева Мереке Ашимхановна
Ою өрнек және сәндік декор
Ою өрнек және сәндік декор
Авторы: Бирманов Нуржан Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×