Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

04 мам 2019, Сенбі
Тақырыбы: Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Жоспар:
1. Кіріспе
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
II. Негізгі бөлім
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау.
2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс - әрекетіндегі педагогтың құзыреттілігі.
III. Қорытынды

1. Кіріспе
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой - өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.

Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.
Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет.

Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, мектепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс - тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалып отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.

Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет. Бағдарлама әр түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінің қарым - қатынасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: құрастыру, музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, дене шынықтыру. Негізгі міндет дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бағдарламада Б. Н. Никитинің, В. В. Воскобовичтің, Овид Декорлидің, Золтон Дьенештің дамытушы ойындарын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары берілген, бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп септігін тигізеді.
Мақсаты:
Дамытушы ойындарды пайдаланып балалардың қарапайым математикалық ұғымдар туралы түсініктерін және балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері:
• Математикалық ойлауды және шапшаңдықты дамыту;
• Жұмбақтарды шешу арқылы бақылау қасиетін дамыту;
• Көзбен бақылауды дамыту;
• Сызу негіздерімен таныстыру;
• Баланың шығармашылық зияткерлігін дамыту.

II. Негізгі бөлім
1.Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау
Мектепке дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру жұмысын ұйымдастыру толыққанды математикалық дамуды қамтамасыз етуде ұйымдастырылған мақсаты іс – әрекет, соның ішінде педагог баланың алдына танымдық тапсырма беріп оны шешуге көмектеседі. Ол ұйымдастырылған оқу іс - әрекетте және күнделікті өмірдегі іс – әрекетте жүзеге асуы тиіс.
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жүктеу
33 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары
Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр.
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойын арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементтерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс - әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс - тәсілдерді қолдану.
Үйрету карточкалары
Үйрету карточкалары
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Математикалық ұғымдары арқылы логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №234 Ж. Жабаев атындағы қазақ орта мектебінің мектепалды даярлық жетекшісі Смағұл Гүлжан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×