Білімділер поралы

Ертеңгілік: Жұлдызды кеш бітіру кеші

Ертеңгілік: «Жұлдызды кеш бітіру кеші»
Бағыты: Балабақша
Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер
Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Балабақша тәрбиешілеріне арналған мерекелік ертеңгілік
Тақырыбы: Жұлдызды түлектер - 2019
1 - ші жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ тілекті ағытып бір тастайық, Қоштасатын кешімізді біз бастайық. Жүздеріңнен көрем шаттық арайлы, Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

2 - ші жүргізуші: Талай қызық той өткіздік, Бірақ орны ерекше, Бақшаменен қоштасатын Бүгінгі той ерекше.

1 - ші жүргізуші:
Иә, қымбатты достарым, көптен күткен күнде келіп жетті, біз ерекше концертімізді бастаймыз. Ал ол біздерді бірнеше жыл бойы машықтарымен және қабілеттерімен қуанттқан, олар есейіп, қарлығаштай қанат жайып, білім теңізіне, яғни мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді тамашалауға келіп отсыздар.

Слайд. Жұлдыз

1 – ші жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Мектепке баратын бүлдіршіндердің
Әрқашанда жолдары жарқын болсын!

2 - ші жүргізуші: Бақша болсын болса егер, «Ақботадай»
Ұлдары бірі алғыр, бірі ақылды.
Қыздарының өнерлері өрге жүзген,
Саусақтары майысып, бармағынан бал тамған – дей отыра, бақшамыздың ұл қыздарын ортаға шақырайық.

1 – ші жүргізуші: Қыран құстай шарықтар біздің Диас,
Бағынар биік - биік белес оған.
Ибалы қыз Ақерке мен Әдемі,
Күлімдеген көздері неткен әдемі.

2 - ші жүргізуші: Ұланы ол елінің Қайратты біздің Алихан,
Келбеті әсем Нұрай менен Қарақат,
Келеді оларда шаттанып

1 – ші жүргізуші Жігіттердің төресі ол біздің Хамза келіп қалды күлімдеп олда ортаға
Әсем ару қыздарымыз Сабина мен Нұрдана Айналасын шаттандырды нұрлана

2 - ші жүргізуші: Ортада біздің жүйрік Абылай, Бәйгеде озып шығар Тұлпардай.
Би билеп, саусақтарын майыстырып, Көрікті әсем Ақерке мен Құралай,
1 – ші жүргізуші Жүйрік жігіт біздің міне Жанайдар,
Болашақта бағындырып, жеңіске жетеді ол әлі талай.
Бақшамыздың көркін ашып әркезде, Ортада ару Аяулым мен Анельде.

2 - ші жүргізуші: Айбектің талабына нұр жаусын,
Елімнің ұланы болып өссін,
Аппақ қардай ару қыздар Айару мен Қаршыға, Көйлектері құлпырады айнала.

1 – ші жүргізуші Жігерлі жігіт ол біздің Азамат, Топ жарып, ақылымен алға басқан.
Күлімдеген ақылды ару Сезіменен Шұғыла, Биік болсын талабымен ақылы.

2 - ші жүргізуші: Қуанамын мен тобымның аруларына,
Арулардың ақылды болғанына,
Тәрбиелеп өсірген жемістерім,
Ризамын Гүлсезімен Ұлжанға.

1 – ші жүргізуші Ақылды ол біздің жігіт Рауан,
Біледі ол жақсы менен жаманды,
Сұлулығымен бағындырар ғаламды,
Сұлу қыздар Малика мен Аякөз.

2 - ші жүргізуші: Жігіттердің серісі ол біздің Шапағат,
Еңбек сүйгіш таудай талап бойында,
Биязы мінезді Кәусар менен Айсезім,
Барлық достар оларды құрметтеп сыйлайды,

1 – ші жүргізуші Топтағы ару Зере менен Айзере,
Көркіне ажары сай әдемі,
Бақытты болың әрдайым,
Күн нұрындай күлімдеп.

2 - ші жүргізуші: Жігіттердің ақылдысы ол бізің Нұрқанат,
Талабыңа қуанамын мен шартарап,
Сүйкімді ару біздің ол Сабина,
Күлімдеп келеді, олда нұрлана.

1 – ші жүргізуші Қарашы бүгінгі күн қандай
Қалайша қаласың нұрланбай.
Вальс билесе түлектер
Жер шары айналып тұрғандай

Би: Вальс /Барлық балалар/

2 - ші жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызына және балабақша әдіскері Ұлмекен Мұратбайқызына беріледі.

2 - ші жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй - деп Ән: Жауқазын Фестивальінен 2 орын иеленген ------------- орындауында «Мен қазақтың қызымын» атты әнін қабыл алыңыздар.

1 – Жүргізуші:
Балабақша түлектері,
Мектепке кетіп барады,
Тақпақ айтып бір - бірден,
Қимай кетіп барады,- дей келе балаларымызды өз тақпақтарымен ортаға шақырамыз.

Балабақшам тым ыстық,
Білім алдық бастапқы.
Мұнда жақын туыстық,
Мұнда жақын дос таптық, Анель

Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер қаламым.
Таңғалдырып достарды,
Мен мектепке барамын. Гүлсезім

Өстік біздер мінекей,
Жаттап талай тақпақты.
Бала күнім балдәурен,
Ұмытылмас шақ тәтті. Алихан

Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық!
Сезім ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық!

Талай қызық той өткіздік, Нұрдана
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бәрі бірге. Бүгінгі той ерекше.
Ертеңгілік: Жұлдызды кеш бітіру кеші жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 68
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 67
Роботтар: 2
aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика