Білімділер поралы
загрузка...

Орманға саяхат

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы
Аудандық «Шұғыла» балабақшасы ІІ санатты тәрбиеші
Қожамұратова Гүлім

Білім беру саласы Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Мақсаты: Балаларды бір тізбекпен жүруге, «жыланша» ирелеңдеп жүгіруге, шашырап жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді, тұрақты тепе – теңдікті сақтап жүруге үйрету, екі аяқпен жеңіл секіруге жаттықтыру.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: текшелер, гинастикалық таяқшалар.

Мотивациялық қозғаушы
Қатарға тұру, сап түзеу, сәлемдесу.
1. Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. «Күнге жет».
2. Өкшемен жүру. «Балапан», «Әтеш».
3. Аяқтың сыртымен жүру «Аю».
4. Екі аяқпен алға секіру «Қоян».
5. «Жыланша» жүргіру. с - с - с жүру, жүгіру.
6. Енді балалар орманға барайық.
«Поезд». Поездға отырайық.

Іздену ұйымдастырушы
Тәрбиеші: Міне, балалар біз орманға келдік.
Орманнан ненің даусы естіледі?
- Құстардың даусы естіледі
Тағы не көріп тұрсыңдар?
Ағаштардың жапырақтары қурап жерге түсті.
Бұл үйде кім тұрады екен?
Дәрігер шығады:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер маған емделуге келдіңдер ме?

Жалпы дамытушы жаттығулар
1. Б. қ: аяқ иық кеңдігінде.
Таяқшаның екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады.
1. Таяқшаны кеуде тұсына әкелу.
2. Б. қ.: аяқ иық кеңдігінде.
1. Таяқшаны жоғары көтеру.
2. Шынтаққа түсіру.
3. Жоғары көтеру.
4. Б. қ.
3. Б. қ.: аяқ иық кеңдігінде.
1. Таяқшаны жоғары көтеріп, оған қарап, оң аяқты артқа қойып, аяқтың ұшымен тұру.
2. Б. қ.
4. Б. қ. негізгі тұрыс: Б. қ. аяқ иық кеңдігінде, таяқшаны ортасынан ұстап кеуде тұсына әкелу.
1. Тізені бүгін көтеріп, тізеге тигізу. Денені тұзу ұстау.
2. Б. қ.
1. Тізені бүгіп көтеріп, тізеге тигізу. Денені түзу ұстау.
2. Б. қ.
5. Б. қ.: негізгі тұрыс.
1. Қолдағы таяқшаны алға созып отыру.
2. Б. қ.
6. Б. қ. еденде отырып, аяқты алшаң ұстау, қолда таяқша
1. Алға иіліп, таяқшаны аяқ ұшына тигізу.
7. Секіру, жүру, секіру.
- Жарайсыңдар балалар шыныққан шымыр екенсіңдер!
Тоқылдақ ұшып келеді:
- Сәлеметсіз бе, дәрігер!
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Сендерді көргеніме қуаныштымын
Дәрігер айтады:
Дәрігер, дәрігер «Мен сізге жеделхат әкелдім». Бұл жеделхат аң патшасы арыстаннан келіпті. Ормандағы аңдар ауырып жатыр: Тез жету керек.
Негізгі қимыл:
«Көпірден өту», «Таулардан асып өту», «Теңізден өту».
Дәрігер аңдарға жетеді. Аңдарды емдейді.

Қ/о: «Қасқыр - қақпан».
Дәрігер Айболит жарайсыңдар балалар.
Ойын ұнады ма?
Енді мен сендермен қоштасайық деп тұрмын, басқа да жануарларды емдейін.
- Қош сау болыңдар, балалар.
«Поезд» ойыны.

ІІІ бөлім. Бір - бірлеп тізбектеліп қатармен жүру, демалу жаттығулары
Күтілетін нәтиже:
Білу: Жыланша ирелеңдеп жүгіре біледі.
Игеру: Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып
жүруді, тепе - теңдікті сақтап жүруге үйрету.
Жасай білу: Қолды серпу, аяқтың ұшымен секіру.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ойын-сауық отауы
Үздік жаңалықтар
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 29
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 29
Роботтар: 4
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика