Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық саябақтар мен қорықшалар

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық саябақтар мен қорықшалар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақстан Республикасының ұлттық саябақтары мен қорықшалары туралы жалпы мағлұмат бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық білімін, ой – өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, өсімдіктері мен жануарларын қорғауға, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелер, бағалау парақшалары, слайдтар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, ойын.
Сабақтың технологиясы:
сатылай кешенді талдау, СТО, СТН, рефлекция, сәйкестендіру.
Пәнаралық байланыс: биология, жаратылыстану, экология;

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.
VІІ. Қорытындылау.

І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу.
б) Сыныпты түгендеу.
(Бүгінгі сабақтың ерекше сабақ екендігін және 3 - мамыр д\ж «Күн»күні екенін атап өту.)

ІІ. Үй жұмысын сұрау.(Үй тапсырмасын сұрар алдында оқушыларға сұрақ қою арқылы ЭКСПО - 2017 көрмесі туралы айтып өту. Осыған байланысты бағалау парақшалары таныстырылады.)
1 - тапсырма 1топ (тест)
2 - тапсырма 2топ (сәйкестендіру)
3 - тапсырма 3топ (тақтамен жұмыс)
1. Тест
1. «Малиус боката» қай қорықта кездеседі?
а. Алматы
в. Наурызым
с. Үстірт
д. Алакөл
2. Қорғалжың қорығы қай жылы ұйымдастырылған?
а. 1968ж
в. 1984ж
с. 1926ж
д. 1934ж
3. Марқакөл қорығының дәрілік өсімдігі?
а. дермене
в. жолжелкен
с. аралий
д. жалбыз
4. Ең соңғы ұйымдастырылған қорық?
а. Алакөл
в. Қаратау
с. Үстірт
д. Марқакөл
5. Үстірт қорығының эндемик жануары?
а. қоқиқаз
в. ақбөкен
с. муфлон
д. дуадақ
6. Аққұм – Қалқан «әнші тауы»қай қорықта?
а. Алакөл
в. Алматы
с. Ақсу - Жабағылы
д. Алтай
7. «Аққу, реликт шағала, тырна» қай қорықтың құстары?
а. Алтай
в. Қорғалжың
с. Алакөл
д. Барсакелмес

2 - топқа. Сәйкестендіру
Қорықтар ------------------ ерекшелігі
1. Қорғалжың ------------- а. аралий, «алтын тамыр»
2. Наурызым -------------- в. бадам бұтасы, ақ тырнақты аю
3. Алматы ------------------ с. қоқиқаз, сусар
4. Үстірт
5. Ақсу - Жабағылы
6. Марқакөл
7. Батыс Алтай

Бұл қай қорық?
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық?(Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық?( Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық? ( Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? ( Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? ( Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау)
3. Суреттер сөйлейді.(Слайдта суреттер беріледі, қайда кездесетінін, ерекшелігін айтып өтеді).

ІІ. Жаңа сабақ. Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.
1 Баянауыл ұлттық саябағы
2 Іле Алатауы саябағы
3 Қарқаралы саябағы
4 Алтынемел табиғи саябағы
5 Көкшетау саябағы

Баянауыл ұлттық саябағы.
Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығының негізінде құрылған, ауданы 50, 7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы - орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы - орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т. б. деп аталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
34 081
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Жер қыртысының топырақ қабаты. Таулы жер өсімдіктері мен жануарларын қорғау
Оқушыларға топырақтың ерекшелігі туралы түсінік беру, топырақ пайдасы жайлы түсіндіру. Өткен сабақтар бойынша білімдерін арттыру жұмыстарын жүргізу, тілін дамыту, ойын еркін жеткізуге баулу
Қорықтар
Қорықтар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, № 5 орта мектебінің география пәні мұғалімі Кенжебаева Қаламқас
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Өсімдіктер экологиясы
Өсімдіктер экологиясы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Атмосфера-Жердің ауа қабаты
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы Тақырып: Атмосфера-Жердің ауа қабаты. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×