Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жас географ» сайысы

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: География
Сыныптан тыс сабақ 7 сыныптарға арналған

Тақырыбы: «Жас географ» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын оқушыны анықтау. оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу. Теориялық білімдерін кез келген жерде практика жүзінде қолдана алуға үйрету
Түрі: Сайыс
Көрнекіліктері: Карта, тақырыптық презентация, дидактикалық үлестірмелі қима қағаздар, т. б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, сурет, математика, информатика

Барысы:
I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.
II. Ұйымдастыру.
1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру
1. 2. Әділ - қазылар алқасын сайлау.
1. 3 Сайыстың кезеңдерімен таныстыру
III. Марапаттау.
IV. Қорытынды.

Мұғалім:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.
- Бүгін біздің «Жас географ» атты ойын сайысын бастаймыз.
- Бүгінгі ойын сайысқа жетінші сыныптар қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін, сыныптың намысын қорғауға 5 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде үш топ қатысады.

Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ - қазылар құрамымен таныстырайық:

- Енді ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады:
Кезеңдері:
1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)
2. Географиялық жұмбақ шешу.
3. «Тамаша тоғыздық» (сұрақтар).
4. «Тапқыр болсаң, талас жоқ» (суретті қиманы құрастырып, тапсырманы орындау).
5. Сергіту сәті
6. «Карталар әлеміне саяхат» картамен жұмыс
7. Топ басшылар сайысы (географиялық нысандар бойынша сұрақтар)
8. Географиялық таң ғажайыптар (бейнеролик дайындау)

Мұғалім:
Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік.
География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды.
Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің географиялық құбылыстардың себептері мен Жер шарындағы материктер туралы білімін көрсетеді.
Ал енді ойынымызды бастаймыз. 1 - ші топты шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.). Ортаға 2 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады). Ортаға 3 - ші топты шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады).

Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.
(Топтар өздерін таныстырады)
Екінші кезеңі бойынша 3 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Географиялық жұмбақтар»
1. Ол бар жерде бар ма, жоқ па білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа).
2. Жүрсең де жетпейсің, ұшсаң да жетпейсің (жел)
Тұрғыны жоқ елдер, үйі жоқ қалалар,
3. Ағашы жоқ ормандар, суы жоқ теңіздер (карта)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 731
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусина Камшат Мажитқызы
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылы "Түркістан" жалпы орта мектебі" коммуналдық мектебінің география пәні мұғалімі Нәлібаева Бақтыгүл
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Жер ортақ үйіміз
Жер ортақ үйіміз
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің биология пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×