Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Масштаб және оның түрлері

09 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Масштаб және оның түрлері
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез - келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме - дәл қағазға түсіруді үйрету.
Дамытушылық: Азимут туралы білімді одан әрі тереңдету, оқушыларды бағдарлауға, олардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жергілікті жерді бағдарлау кезінде оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын тудыру.
Типі: аралас сабақ.
Түрі: білімді жинақтау, бекіту сабағы.
Оқыту әдісі: оқытудың үшөлшемді жүйесі, Блум таксономиясы.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, баяндау.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, постер, стикер, карталар.
Күтілетін нәтиже: тақырыпты меңгеріп, өз ойларын еркін жеткізеді. Сөздік қорлары молаяды.

Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру.
Топқа бөлу: Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіру арқылы, суретті жинастырып топқа бөлінеді.
Төртбұрыш, үшбұрыш пішіндері шығуы керек.

ІІ кезең 1 - қадам (жалпы сұрақтар, жеке жұмыс). «Білу» тақырып бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап береді) Интербелсенді тақтадан картаны көрсетіп төмендегі сұрақтарды қоямыз:
1. Картадан нені көріп тұрмыз?
2. Қағаз бетінде біз бүкіл Қазақстан жерінің аумағын көріп тұрмыз.
3. Бұл қалайша?
4. Қандай дәрежеде кішірейтілген?
5. Масштаб дегеніміз не?
6. Жердегі қашықтықты қалай өлшейді?

2 - қадам «Түсіну» (топтық жұмыс ) Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)
І топқа. І топ. Масштаб.
Масштаб (неміс сөзі «өлшеуіш таяқ» деген мағынаны береді.
(оқушылар өз бетінше тірек - сызбалар арқылы түсіндіреді).

ІІ топқа. Масштабтың түрлері.
Масштабтың түрлері.

Сандық, атаулық, сызықтық
(топ өздері постерлерін қорғайды).

3- қадам «Талдау»
1. Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде?
3. Ұқсастығы неде?
4. Тақырыптың басты идеясын жаз немесе Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады
Венн диаграммасы арқылы масштабтың география пәнімен математика пәнінде қолдануын салыстыру;
Математика Ұқсастығы География

4 - қадам «Жинақтау» топтық жұмыс Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр.
І топ. Бес жолды өлең жаздыру масштаб тақырыбына. (синквейн)
ІІ топ. Сөзжұмбақ «Масштаб».
1. Жол деген мағынаны беретін арап сөзі.
2. Жер бетінің шағын бөлігінің жазықтықта қағаз бетіне белгілі бір масштабқа кішірейтіліп, шартты белгілер мен түсірілген бейнесі.
3. 1: 10000 бұл қандай масштаб.
4. «Сызық» сөзінің немісше аудармасы.
5. Планда және картада масштаб 1 см - ге 10м деп сөзбен көрсетілген масштаб түрі.
6. «Берг» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
7. Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін қозғалыс бағытын айтады.

5 - қадам «Қолдану» жұптық оқулықпен жұмыс, қарапайым тапсырмалармен бекіту.
І топ.
Оқулықтағы §15 1 - тапсырма. Кесте толтыру.
1: 1000, 1: 25000, 1: 500000, 1: 1000000 масштабтарын сандық, атаулық және сызықтық масштаб түрінде көрсетіңдер.
Сандық масштаб
Атаулық масштаб
Сызықтық масштаб

Жеке оқушыларға: оқулық 198 - тапсырма.
Масштабы 1: 600000 картада темір жолдың ұзындығы 18см. Поезд темір жолының осы бөлігін 75км/с орта жылдамдық пен неше сағат жүреді?
А. 14, 4с; В. 13, 5с; С. 12, 8с; Д. 16с.

ІІ топ.
Оқулықтағы 181 - тапсырма.
Мектептегі математика кабинетінің 1: 200 масштабы мен өрнектелген планын сызыңдар.
Жеке оқушыларға тапсырма.
1: 25. 000 масштабын атаулы және сызықтық масштабқа айналдырыңдар?

6 - қадам «Баға беру» топпен жұмыс (Сен қалай ойлайсың?, Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады.
Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.
1. Жер бетіндегі қашықтықтың картаға түскенде кішірейтілу дәрежесі - (масштаб).
2. Бөлшек санмен жазылған масштаб -
3. Сөзбен жазылған масштаб -
4. Масштабтың маңызы бар ма?
5. Масштабтың қандай түрлері бар?

Үйге тапсырма:
§15. 2, 3 - сұрақтарға ауызша жауап беру, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындау.

Толық нұсқасын жүктеу
31 087
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
Масштаб, қашықтықты өлшеу
Масштаб, қашықтықты өлшеу
Оқушылар масштабтың маңызы, түрлері жайлы мәліметтерді оқып - үйрену.
Жергілікті жерді бағдарлау
Жергілікті жерді бағдарлау
Азимут (арабша ас - сумут - жол) белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.
Азимут, бағдарлау
Азимут, бағдарлау
Мақсаты: - Оқушыларға компаспен жұмыс жүргізуді, азимут туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; - пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
План және карта
План және карта
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің география пәні мұғалімі Алашбаева Баян Әліпбекқызы
Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу
Жер бетіндегі қашықтықты өлшеу
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1орта мектебінің география пәні мұғалімі Абильдаева Жанаргул Магаданқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×