Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Туған жер табиғаты және оның экологиясы

Туған жер табиғаты және оның экологиясы
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Тірі және өлі табиғат арасындағы тығыз байланыстың бар екені және оның адам денсаулығына қоғамның дамуына ықпалы жайлы білімдерін арттыру, туған өлкедегі табиғат жағдайымен танысу.
Ә) дамытушылық: а) Қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Ә) Оқушылардың туған жердің табиғаты, оның өзіне тән ерекшеліктері, жергілікті жер атауларының тарихы жайлы ұғымдарын дамыту, біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Буклет, интерактивті тақта, карта, макет, сызба - схема
Сабақ түрі: Ізденіс - саяхат сабағы
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, биология, сурет

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақта алған білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеру. Балалар, бүгінгі сабақ туған өлкеге арналады. «Тәрбие - табалдырықтан басталады» дегендей туған өлкеме деген сүйіспеншілік, ең алдымен өзіміз тұрып жатқан өңірге деген сүйіспеншіліктен бастау алады. Оны гүлдендіретін, экологиялық зардаптарын азайту жолында ізденіс жасайтын туған ауылымызды мәуелі баққа айналдыратын сендерсіңдер. Өткен сабақта сендер Қазақстанның табиғи байлығы болып табылатын табиғат ресурстарымен танысқансыңдар. Сол сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.
1. Қандай табиғат ресурстарын білесіңдер?
Жауап: 1. Отын - энергетикалық ресурстар. 2. Минералды ресурстар. 3. Су ресурстары. 4. Топырақ ресурстары.
Табиғи ресурстарды игеру мәселесі табиғатты қорғаумен тығыз байланысты. Табиғат ландшафтары эталонын сақтау тұрғысында Қазақстанда 10 қорық жұмыс істейді.
2. Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауап: 1. Ақсу - Жабағылы. 2. Наурызым. 3. Алматы. 4. Қорғалжын. 5. Марқакөл. 6. Үстірт. 7. Барсакелмес. 8. Батыс Алтай. 9. Алакөл. 10. Қаратау.
Халықаралық Одақтың шешімі бойынша әр елде табиғат ресурстары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктер түрлері "Қызыл кітапқа"кіргізілген.
3."Қызыл кітап"Қазақстанда қай жылы жарыққа шыққан?
Жауап: Бірінші басылым 1977 жылы, екінші кітап 1981жылы. Қазақстанда табиғатты қорғау туралы мәселелер мемлекеттік тұрғыда қаралған.
4. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы қашан шыққанын кім біледі?
Жауап: 1997 жылы шілдеде. Экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандарға, аймақтарға көмек беру БҰҰ қарастырылған.
5. «Джемс Сорос»қорының Қазақстандағы жетекшісі кім?
Жауап: Мұрат Әуезов.
Табиғатта ядролық зұлматтардың әсерінен де түрлі апаттар болып жатыр. Ядролық қаруға қарсы "Невада - Семей" азаматтық қозғалысы құрылған.
6. Бұл қозғалыс алдына қандай мақсаттар қойды?
Жауап: Халықты жұмылдырып өкімет басшыларынан атом бомбасын сынауды тоқтатуды, полигонды алып кетуді талап етті. 1991 жылы мемлекет егемендік алғаннан кейін президент жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды. Сонда біз келешек ұрпаққа радиациялық қауіп төніп тұрған жоқ дегіміз келеді.
Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз «Туған жер табиғаты және оның экологиясы»болғандықтан, өлкеміз жайлы толық танып білу үшін, өзіміз туып өскен жер - Аягөз ауданына жалпы географиялық сипаттама беру тапсырылған еді. Аягөз ауданының географиялық орнына тоқталу.

Мұғалім сөзі: Міне, балалар өздерің дайындаған материалдарың арқылы өлкеміздің табиғат жағдайымен таныстық. Енді, бейне көріністен туған ауыл табиғатының жалпы көрінісі мен Аягөз өзенінің келбетін көрейік.

Т. Рахимовтың «Аягөз ару»әні орындалады. XIX ғасырда өмір сүрген Аягөз ауданында туған атақты ақын жырау Дулат Бабатайұлының «Аягөз»деген өлеңін тыңдайық. Оқушылар «Аягөз»өлеңін оқиды.
Тауды екіге жарасың,
Тасты қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңде.
Аягөз қайда барасың?
Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекшк ішкен семіз мал.
Сумаң қағып сүйріктей
Шалқып - шапқан жүйріктей
Екіге бөліп ерке су,
Қас пен көздің арасын!
Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып.
Арнаң қалды осылып
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады.
Тоғанменен тосылып.
Аякөз сенің бойыңда.
Несібе ырыс тегіс қой.
Қырың малдың кіндігі,
Ойың - өнім егіс қой - деп жырлайды.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
География пәні мұғалімі
Хамзина Бакытгуль Амангелдиновна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Бәйге бөлімі
  • «Getting from A to B. Travel and transport» «А - дан Б - ге жету. Саяхат пен көлік

    - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.
  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі

    Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады
  • Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

    Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерін кеңейте отырып, жеңістің оңайлықпен келмегеніне көздерін жеткізу және шығармашылық жұмыспен шұғылдануына бағыт беру.
  • Наурыз мейрамы

    Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
  • Қаратпа сөз

    Қаратпа сөз туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке ...
  • Би музыкасы

    Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке ...
  • Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктері

    Microsoft Word редакторының графикалық мүмкіндіктерін көрсете отырып түсіндіру. Оқушылардың ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу
  • Спортпен айналысамыз

    Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.
Үздік жаңалықтар
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 192
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 191
Роботтар: 3
ислам
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • БГК
    Жазған: БГК
  • Венерок
    Жазған: Венерок
  • guizira1983
    Жазған: guizira1983
  • Кеулимжай
    Жазған: Кеулимжай
  • Арнұр
    Жазған: Арнұр
    Мына жаңалықта: Қимылды ойындар
  • ALTUH79
    Жазған: ALTUH79
  • Aiman Bolatbek
    Жазған: Aiman Bolatbek
  • Гүлнар Жолдасова
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика