Білімділер поралы
загрузка...

Параллельді өткелді құру, арқандарды тарту ережелері

Бағдарлама жоспары: Жаяу туризмнің техникасы мен тактикасы
Сабақ тақырыбы: Параллельді өткел. Параллельді өткелді құру, арқандарды тарту ережелері
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Теориялық алған білімдерін практикалық түрде орындап үйрету, туристік қызметтің белсенділігін арттыру, жаяу жорық барысында кездескен табиғи кедергіден өткел дайындап өту.
Дамытушылық: Туристік дағдыларын қалыптастыру, туристік – спорттық дайындықтарын, икемділіктерін дамыту;
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына, қажетті жағдайда өз бетімен жедел шешім қабылдауға, жауапкершілікке, төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс:- Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
- Туристік - спорттық дайындық
- Дене тәрбиесі
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық
Сабақтың техникалық және материалдық жабдықталуы:
- Акт
- Топшамалар
- Туристік сақтандыру системасы
- Карабин, дюльфер, пруссик
- Негізгі және көмекші арқандар
- Каска
I. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу
2. Жоқ оқушыларды белгілеу
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Кіріспе нұсқау
Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа бейімдеу (өткен сабақты қайталау, слайд)
1. Аспалы өткелде ағашқа ең бірінші негізгі арқан қандай байлау арқылы бекітіледі?
2. Аспалы өткелден бірінші өтетін қатысушы қалай сақтандырылады?
3. Бірінші қатысушы арғы жағалауға өткен соң қандай жұмыстар атқарады?
4. Жумар дегеніміз не?
5. Дюльфер дегеніміз не?
6. Бірінші қатысушы топтық сақтандыру арқанын арғы жағалауға қалай жібереді?
7. Бірінші қатысушы жеке сақтандыруды қалай орындайды?
8. Соңғы қатысушы қандай жұмыстар атқарады?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Жорық кезінде параллельді өткелді негізгі және көмекші арқандарды пайдалана отырып құру, қатысушылардың жеке және топтық сақтандыруды орындай отырып өту және арқандарды жинау әдіс - тәсілдерін үйрету.

Жаңа тақырыпты баяндау (конспект, видео ролик)
Өткелдер негізгі және көмекші арқандарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Өткел әдетте батпақтан өту, сол сияқты өзен арқылы өту кезінде дайындалады. Өткелді дайындау үшін оны ұйымдастыру орнын таңдаудың маңызы зор болып табылады. Параллельді өткел операциядан соң өз бетімен оңай жиналуы қажет.

Өткел дайындау үшін келесі туристік құралдар қолданылады:
1. Туристік сақтандыру системасы
2. Карабиндер – бекіту құралдары
3. Пруссик
4. Туристік арқандар – негізгі және көмекші
Аспалы өткелді құру барысында пайдаланылатын туристік байлаулар:

1. Сегіздік
2. Маркировкалау
3. Түзу байлау
4. Қабыстыра байлау
5. Жылан байлауы
6. Бақылау байлауы
7. Өрмелі байлау

Параллельді өткелден өту операциялары келесі кезеңдерден тұрады

№ Кезең Жағалау Орындалатын жұмыстар
1. І - кезең а - жағалауы
Өткелді ұйымдастыруға дайындық,
1 - ші қатысушының дайын аспалы өткел арқылы өтуі, үстіңгі арқанды бекітуі
2. ІІ – кезең б - жағалауы негізгі арқанды байлау
3. ІІІ - кезең а - жағалауы Негізгі арқанды пруссик арқылы кере тарту, екінші пруссикті ағытып сегіздік байлауын салу (өткел дайын)
4. ІV - кезең а - б жағалауы Қатысушылардың паралельді өткел арқылы өтуі
5. V - кезең а - б жағалауы Соңғы қатысушының өткелден өтуге дайындығы, өткелден өтуі, жинауы

І – кезең: (а - жағалауы) Өткелді ұйымдастыруға дайындық
1. Сақтандыру системасын кию
2. Өткелді дайындау орнының дайындығын тексеру
3. Негізгі арқандарды сегіздік байлауына карабин бекіту арқылы дайындап, бір шетін 1 - ші қатысушыға бекіту
4. Топтық сақтандыруды ұйымдастыру
5. 1 - ші қатысушының аспалы өткел арқылы (б) жағалауына өтуі.
ІІ – кезең: (б - жағалауы) негізгі және көмекші арқандарды терекке бекіту
1. Сақтандыру арқанын терекке айналдыра карабин арқылы бекіту
2. Төменгі арқанға баса отырып көтеріліп, негізгі арқанды терекке «жылан» немесе өрмелі байлау арқылы бекіту
ІІІ – кезең: (а - жағалауы) Негізгі арқанды кере тарту
1. Негізгі арқанды терекке айналдыра қарама - қарсы бағытта пруссик салу
2. Негізгі арқанды күшке сала отырып кере тарту, арқанның өткелге дайындығын тексеру
3. Арқанға екінші салынған пруссикті негізгі арқан өз бетімен ағытылу үшін босатып шешіп алу
4. Арқанның бос бөлігін теректен айналдырып сақтандыру мақсатында сегіздік байлауын салу арқылы карабинмен бекіту
ІV – кезең: (б - жағалауы) Қалған қатысушылардың өтуі
1. Топтағы қалған қатысушылардың паралель тартылған арқандар арқылы өтуі
2. Жеке сақтандыруды жұмысшы усстағы (репшнур) карабин арқылы орындау, карабинді жоғарғы негізгі арқанға бекіту
3. Қолды карабиннің екі жағына, ал төменгі арқанға аяқты сенімді орналастырып, жылжи отырып келесі жағалауға топтық сақтандыру арқылы өту
V – кезең: (а - жағалауы) Соңғы қатысушының өткелден өтуі, өткелді жинауы

1. Соңғы қатысушының негізгі жоғарғы арқанның өз бетімен ағытылуы үшін көмекші арқанның соңын екі карабинді біріктіре отырып бекітіп дайындауы.
2. Топтық сақтандыруды тасымалдама арқаны арқылы ұйымдастыру
3. Соңғы қатысушының параллельді өткел арқылы өтуі
4. «Жылан» немесе «Өрмелі» байлауын ағыту, көмекші арқанды күшке сала тарту
5. Өткелді жинау
6. Арқандарды маркировкалау

Жаңа сабақты бекіту

1. Паралельді өткел дайындауға қажетті құралдар?
2. Өткел дайындауда пруссик не үшін қажет?
3. Өткелден өту операциясында 1 - ші қатысушы қалай өтеді?
4. 1 - ші қатысушы б - жағалауына өткен соң қандай байлауларды орындайды?
5. Екінші және қалған қатысушылар өткелден қалай өтеді?
6. Негізгі арқанға бекітілген екінші пруссикті не себептен ағытып алу қажет?
7. Соңғы қатысушы өткелден өтер алдында өткел жиналу үшін қандай жұмыс атқарады?
8. Пруссик негізгі арқанға қандай байлау арқылы бекітіледі?
9. Параллельді өткел дайындау барысында негізгі арқанға салынған 2 - ші пруссик ағытылғаннан кейін негізгі арқанның өзінде сегіздік байлауы не себептен орындалады?

Қауіпсіздік ережелері
1. Сақтандыру системасын дұрыс кимеу қатысушыға қандай қауіп төндіреді?
2. Жеке сақтандыру дегеніміз не?
3. Топтық сақтандыру дегеніміз не?
4. «Бақылау аймағы» дегеніміз не?
5. Топты сақтандырушылар қандай ережені міндетті түрде орындау керек?
6. «Бақылау» байлауы қандай мақсатта орындалады?
Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыз бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?
Егер сұрақтарыңызға толық жауап алған болсаңыздар сабағымыздың келесі бөлімі тәжірибелік бөлімді бастайық!
ІІІ. Ағымдағы нұсқау. Оқушылар шебердің практикалық көрсеткендерін топтарға бөлініп орындайды. 1 - ші қатысушының, соңғы қатысушының жұмыстарын әр қайсысы жеке орындайды. Паралельді өткелді өз беттерімен құрады, өтеді және жинау әдісін көрсетеді.
- Оқушыларды топтарға бөлу
- Қауіпсіздік ережелеріне тоқталу
- Тапсырмалар бөлу
- Жұмысты орындау тәсілін әр кезең бойынша көрсету
- Өз беттерімен жұмыстану
- Әрбір оқушыны жекелей қадағалау
Жұмыс орнын қарап өткенде:
1. Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
3. Еңбек тәсілдері мен операциялардың дұрыс орындалуын бақылау
4. Технологиялық процестің орындалуын бақылау
5. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау
6. Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау

ІV. Қорытынды нұсқау.
1. Жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын атап өту
2. Қателіктерді сипаттап олардың орын алу себебіне тоқталып өту
3. Оқушылардың бағаларын хабарлау
4. Жұмыс орнын, құрал - жабдықтарды жинастыру

Технологиялық колледж
"Туризм" мамандыы бойынша өндірістік оқыту шебері
Хатимуллина Бибина Турарбековна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 284
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 282
Роботтар: 3
Кенесова Бибисулу
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика