Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


АҚШ-тың туристік нысандары Сыртқы экономикалық байланыстары.

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға АҚШ - тың туристік нысандары мен сыртқы экономикалық байланыстары соның ішінде Қазақстанмен байланысы туралы түсініктер бере отырып, бұрынғы сыныптарда алған білімдерін одан әрі толықтыру.
дамытушылық: интерактивті тақтаны пайдалана отырып түрлі тапсырмалар орындау, интернет ресурстарын пайдалану, картамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың шығармашылығын, дүниетанымын дамыту.
тәрбиелік: географиялық білімдерін тереңдете отырып саяси тәрбие беру, табиғатты түсіне білуге, аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Ұжымдық, жеке даралап.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы Атлас 11 сынып
Интернет ресурстары, видео роликтер.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа қатысын
түгендеу, зейіндерін тұрақтандыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Ой жинақтау» тапсырмалары
(ІІІ тарау бойынша §34 - 39 сұрақтар беру, тез - тез жауаптар алу)

1қатардағы оқушыларға:
1. Солтүстік Америкаға алғашқы қоныстанушылар қай дүние бөлігінен келді?
(Азия дүние бөлігінің солтүстік шығысынан)
2. Еуропалықтар мен үндістердің некесінен туғандар қалай аталады?
(Метистер)
3. АҚШ жерінің ауданы?
(9, 4 млн км²)

4. Мемлекеттік құрылымы қандай?
(Федеративтік республика)
5. Әкімшілік территориялық бөлінісі?
(50 штаттан, 1 федералдық округтен тұрады)

2 қатардағы оқушыларға:
1. Ғалымдар «тас қайнатушылар» деп кімдерді атады?
(ежелгі америкалықтарды)
2. Еуропалықтар мен Африкалықтардың некелесуінен туған ұрпақтар қалай аталады?
(Мулатар)
3. АҚШ - тың халқының саны? (320 млн адам)
4. АҚШ - тын заң шығарушы органы? (Конгресс)
5. Жер көлемі жөнінен дүние жүзіндегі орны? (Ресей, Канада, Қытайдан кейін 4 –орын)

3- қатардағы оқушыларға:
1. Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған тайпалар?
(Алгонкиндер)
2. Африкалықтар мен үндістердің некесінен туған ұрпақтар қалай аталады? (Самболар)
3. АҚШ - тын мемлекеттік тілі қай тіл? (Ағылшын тілі)
4. Мемлекетті кім басқарады? (Президент)
5. АҚШ - тың алғашқы президентін атаңдар. (Джордж Вашингтон)
2. Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру
1. АҚШ - тың экономикалық аудандарын атаңдар
2. Аудандарға сипаттама беріңдер
3. Жетекші өнеркәсіп салаларын атаңдар
3. Экономикалық аудандар бойынша ірі қалаларын сипаттаңдар

ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру
Жоспары
1. Туристік нышандар туралы жалпы түсінік
● тау шаңғысы туризмі
● теңіз жағалауындағы курорттар
● теңізді айналып жүзу (круиз)
● ежелгі қалалар, тарихи ескерткіштер
● қасиетті діни орындар
● табиғаты ерекше жерлер.

2. АҚШ - тың туристік нысандары
● Йеллоустон ұлттық саябағы
● Колорадо каньоны
● Ниагара сарқырамасы
● Диснейленд ертегі патшалығы
● Курортты қала - Майами
● Таудағы демалыс орындары

3. Сыртқы экономикалық байланыстары
● ХХ ғ - дың40 - 80 жылдары: АҚШ+Канада→Біртұтас шаруашылық кешен; 1960жылдан бастап: «солтүстік америкалық» өндіріс→ ауыл шаруашылық машиналары, автомобиль жасау, әскери техника өндірісі (мыс: АҚШ трактор, Канада астық жинайтын комбайндар);
●АҚШ+Канада→дүние жүзіндегі ең қуатты экономикалық аймақ:
●АҚШ+Канада+Мексика → «Солтүстік америкалық еркін сауда аймағы» (НАФТА 1994. 1 қаңтар)
●АҚШ+Аустралия+Сингапур+Қытай+Канада+Мексика+Корея+Бруней+
Чили+Филппин+Жаңа Гвинея+Тайвань+Тайланд+Малайзия →
«Азия - Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастық ұйымы» (АТА 1989ж)

4. АҚШ - тың Қазақстанмен байланысы
●1991 жыл 25 желтоқсан - ҚР - ның мемлекеттік егемендігін таныды:
●1991 жыл 26 желтоқсан - Дипломатиялық қатынастар орнатылды;
●1992 жыл 15 қыркүйек - АҚШ - тың ҚР - дағы елшілігі ашылды;
●1992 жыл 30 қазан – ҚР - ныңАҚШ - тағы елшілігі ашылды;
● Қазақстан мен АҚШ арасында кен ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты - құқықты берік негіз құрылды.

ІV Жаңа сабақты бекіту
Жаңа тақырып бойынша өзіндік жұмыстар бере отырып оқушылар білімін бекіту.
1. «АҚШ туризмі» сандық диктант.
Колорадо каньоны ------ Ниагара сарқырамасы -------- Диснейленд --------- Майами

1. Флорида штатында орналасқан дүние жүзіне әйгілі курорт
2. «Күркіреуік су» дегенді білдіреді
3. Калифорниядағы «ертегі патшалығы»
4. Тереңдігі - 1800м, ұзындығы - 350км
5. Биіктігі - 50м, ені - 1200м
6. Колорадо үстіртінде орналасқан
7. Отел - Роу қонақүйі орналасқан
8. Уолт Дисней авторлығымен жасалған

2. «Бұл АҚШ» бөліп алу стратегиясы.
Көрсетілген нысандардын ішінен АҚШ - қа қатыстысын бөліп ал.

Чикаго, Босваш, Нъюфаунленд, Оттава, Кока-кола, Ванкувер, Ла-Гранд, Детройт, Гарвард, Ред-Ривер, Флорида, Сан - Сан, Аляска, Виннипег.

3. «Иә - Жоқ»
Көрсетілген деректердің дұрысына «иә», қатесіне «жоқ» деп жауап беріңдер.
1. Ниагара сарқырамасы Онтарио мен Эри көлдері аралығында орналасқан. (Иә)
2. ФҚШ - та 70 - тен астам ұлттық саябақ бар. (Жоқ, 50 — ден астам)
3. Йеллоустон үлттық саябағы дүние жүзіндегі алғашқы ұлттық саябақ. (Иә)
4. Солт - Лейк - Сити қаласында 2002 - ші жылы қысқы олимпиадалық ойындар өтті. (Иә)
5. АҚШ лицензия сатудан дүние жүзінде жетекші орын алады. (Иә)
6. Қазақстанда АҚШ - пен бірлескен 150 кәсіпорындар бар. (Жоқ, 547 кәсіпорын бар)
7. «Дженерал моторс»- ғарыштық техника шығарады. (Жоқ, автомобиль жасайды)
8. 1992 жылы 30 қазанда АҚШ - тың ҚР - дағы Елшілігі ашылды. (Жоқ, 15 қыркүйекте)
9. 1991 жылы 16 желтоқсанда АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. (Жоқ, 25 желтоқсанда)
10. Нью - Йоркте БҰҰ - ның штап пәтері орналасқан. (Иә)

4. «Геграфиялық арифметика»
Берілген қосылғыштардың қосындысын тап.

1. АҚШ+Канада+Мексика=?
2. АҚШ+Аустралия+Сингапур+Қытай+Канада+Мексика+Корея+Бруней+
Чили+Филппин+Жаңа Гвинея+Тайвань+Тайланд+Малайзия =?
3. 1991+26+12=? (Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнады)
4. 1992+30+10=? (ҚР - ның АҚШ - тағы Елшілігі ашылды)

5. Кескін картамен жұмыс.
Кескін картаға АҚШ - тын туристік аймақтары орналасқан штаттарын
белгілеңдер.

V Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру.
15 493
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
АҚШ - тың туристік обьектілері
АҚШ - тың туристік обьектілері
АҚШ - тың туристік обьектілері, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×