Білімділер поралы
загрузка...
загрузка...

Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.

Тақырыбы: §34. Солтүстік Американың халқы мен елдері. Америка Құрама Штаттары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Солтүстік Америка елдері мен халқының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. Америка Құрама Штаттарына кешенді сипаттама беру.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасау арқылы Солтүстік Америка материгінің халқы мен елдерін көрсете отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Солтүстік Америка халқы мен елдерін оқыта отырып, басқа ұлтты, елді қадірлеп, оның салты мен дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды игерту.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Баяндау, картамен жұмыс, бейне материал көрсету.
ой қозғау, творчестволық ізденіс.
Құрал жабдықтары: Солтүстік Американың саяси картасы, атлас, кескін карта, слайдтар, интерактивті тақта, бейне - ролик.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткенге оралу..
1. Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктері бар?
2. Солтүстік Америка материгінің экваторға, меридианға қатысты орны.
3. Солтүстік Америка материгі ежелгі қай материктің құрамында болды?
4. Материкті қандай мұхиттар шаяды, олардың материк табиғатына ықпалы бар ма?
5. Материктің абсолют биіктігін атаңдар.
6. Жер бедерінің негізгі ерекшеліктерін ата.
7. Материкті қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?
8. Материк өзендерінің неше алабы бар? Оларды ата.
9. Тайга зонасы қандай климаттық белдеуге сәйкес келеді?
10. Материкті ашқан саяхатшының есімі кім?
ІІІ. Ой қозғау
1. Дүниежүзінің саяси картасында не бейнеленген?
2. Солтүстік Америка материгінде қандай елдерді білесіңдер?
3. Америка материгінде қандай халықтар тұрады деп ойлайсыңдар?

ІY. Жаңа сабақ
Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі.
І топ. Халқы мен елдері.
ІІ топ. Халықтың орналасуы.
ІІІ топ. Америка Құрама Штаттары.

Әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.

Жаңа тақырып бойынша мұғалімнің қорытынды сөзі: Слайд, видео көрсетіледі.
Солтүстік Американы мекендеген үндістер арасында саны жағынан басым болған Ұлы көлдер маңын мекендеген алгонкиндер (ормандық тайпалар) аңшылықпен және балық аулаумен, қолөнермен шұғылданған. «Вигвам» деп аталатын лашықтары мен жеңіл қайықтары үндістердің символы болып табылады.

Америка Құрама Штаттары. Жер ауданы: 9 млн. 363 мың км2 (4 орын)
Халқы - 317, 7 млн. адам (3 орын). 2014 ж. санақ бойынша.
Астанасы - Вашингтон қаласы.
Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі.
Ақша бірлігі - американ доллары. АҚШ – көп ұлтты ел.
1776 ж. 4 шілде – Тәуелсіздік күні. 50 шттаттан тұратын федералды республика.
Ел азаматтары шыққан тегіне қарамай - америкалықтар
Еуропалықтар(84%) Африкалықтар(12%) Азиялықтар(4%)
Байырғы халқы – үндістер( 1%).
Жаңа этностық топтар топтар: Метистер, мулаттар, самбо.

Сен білесің бе?
- 1992 ж. 23 желтоқсаннан бері ҚР мен АҚШ арасындағы сауда қарым - қатынасы туралы келісім бекітілді. - 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарлама жасалды. ---- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі тарапынан қолға алынған "Болашақ" бағдарламасы аясында ел азаматтарының Нью - Йорк, Вашингтон, Бостон және Сан - Франциско сынды қалаларында білім алуларына мүмкіндік туғызды.
Бұл – еліміздің болашағы үшін қажет білікті мамандарды даярлау бойынша үлкен қолдау. Қазір шетелде білім алып жатқан 6 мың қазақстандық студенттің 2 мыңы Америкада оқиды

АҚШ табиғаты, шаруашылығы, қалалары туралы бейне - ролик көрсетіледі.

Y. Бекіту. Оқушыларға берілетін тапсырмалар:
Тапсырма 1. Кескін картамен жұмыс.
І топ. Атластағы саяси картаны пайдалана отырып, Солтүстік Америка материгінің құрамына кіретін мемлекеттердің шекарасын түсіріп, атауларын белгілеңдер. Материк құрамына кіретін мемлекеттер мен астаналарын қатарға жазыңдар.
ІІ топ. Атласты пайдалана отырып, кескін картаға географиялық атаулардың аттарын жазыңдар.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы «Боранқұл орта мектебі» ММ
География пәні мұғалімі: Булекбаева Лаззат Сауирбаевна
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Слайд жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Өз пікіріңді білдір
Қанша жалақы аласыз?
25000-35000
35000-45000
45000-55000
55000-75000
75000-100000
100000-250000
Сайтта кім бар
Барлығы: 28
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 28
Роботтар: 4
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика