Білімділер поралы

Қайталау. Адамзаттың ғаламдық проблемалары

География 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Адамзаттың ғаламдық проблемалар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамзаттың ғаламдық проблемаларының туындауы, проблеманың мәнісі, оны шешудің мүмкіндіктерін ғылыми деректерді пайдаланып тереңдете меңгерту, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, географиялық білімдерін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін табиғат, қоғаммен байланыстыра білуі, ғаламдық проблемалар туралы білімнің өзектілігі - оқушы санасына осы проблемалардың бар екенін және оның қауіптілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Саяси картадағы өзгерістерді түсіне білу дағдыларын және білім алу кезінде шығармашылық ізденістерін дамыту
арқылы, танымдық құзіреттілігін дамыту
Тәрбиелік: Жас ұрпақты өмір қауіпсіздігіне, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу арқылы, адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуге күш салу.
Татулық, бірлік, бейбітшілік туралы тәрбие беру арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Ғаламдық проблемалар өзінің бір – бірімен әрекеттесуінде өзінше мынадай үшбұрыш құрайды.
АДАМ – халықтың әлеуметтік дамуы;
ҚОҒАМ – экономикалық дамуы;
ТАБИҒАТ – айналадағы ортаға ықпалы.

Жаңа тақырып бойынша жетекші ұғымдар мен түсініктер:
ғаламдық проблема, милитаризм, конверсия

Қазіргі халықаралық саяси жағдайдың дүниежүзінің саяси картада бейнеленуі
1. Дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, әлемнің «ыстық нүктелерін» анықтаңдар, оларда өтіп жатқан процестердің себеп - салдарларын түсіндіріңдер.

Жер бетінде бейбітшілікті сақтау дегеніміз
1 - ден жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау;
2 - ден ғаламдық ядролық қайшылықтарды болдырмау;
Қазіргі кезде жаңа қару - жарақ түрлері қорының шексіз өсуі жер бетінде өмір сүріп жатқан миллиондаған адамдардың өмірі үшін қауіпті.
Ғаламдық проблемалар туралы білімнің өзектілігі - қоғам санасына осы проблемалардың бар екенін және оның қауіптілігін түсіндіру.
Ғаламдық проблемалар – ол объективті шындық. Жер бетіндегі тіршіліктің сақталуы немесе өркениеттің барлық жетістіктерінің жойылып кетуі біздің әрқайсысымыздың жауапкершілігімізде. Жер бетінде тіршілік болған жағдайда ғана ондағы барлық іс - әркеттің мәні бар. Соғыс пен бейбітшілікті сақтау проблемасының түп - тамыры сонау өткен тарихпен байланысты мемлекетаралық шекара, жер аумағы мәселелері жөніндегі тайталас. Ғаламдық проблемалар туралы білімнің өзектілігі - қоғам санасына осы проблемалардың бар екенін және оның қауіптілігін түсіндіру.
Бекіту:
Сұрақ: Биосфера мен ондағы адамзат үшін дүниежүзілік ядролық кикілжің салдары қандай болмақ?

Тапсырма: Ғаламдық проблемалар тізбегін құрастырыңдар. Оның ішіндегі кезек күттірмейтін №1 проблеманы және 2, 3... проблемаларды анықтаңдар, себебін түсіндіріңдер.
Адамзат саяси идеология қайшылықтарын, ұлтшылдық пен діни айырмашылықтарды ушықтырады. Одан қалай сақтану қажет?
Әдебиет пен өнер оны қайғырудан, күйзелуден десе, ғылым оны ақыл - ойдан дейді.
Ол үшін не істеу керек?
Дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастар рөлінің өсуі, олардың дүниежүзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени өмірдегі өзара байланыстарының қалыптасуына әсер етуі;
Бүкіл адамзатты ғаламдық проблемаларды шешуге жұмылдыруға күш салу.
Теориясы: Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру кезеңі.
«Білу» (кім? не? қашан? қайда? не істеді? )

Оқулықпен жұмыс
Қазіргі халықаралық саяси жағдайдың дүниежүзінің саяси картада бейнеленуі
1. Дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып, әлемнің «ыстық нүктелерін» анықтаңдар, оларда өтіп жатқан процестердің себеп - салдарларын түсіндіріңдер.
Елдер арасындағы саяси шиеленістер, әскери қақтығыстар, олардың себептері және қазіргі кездегі жағдайға сипаттама беріңдер.
Мысалы: Кеңес Одағы құрамындағы Армения мен Әзербайджан мемлекеттері арасындағы Таулы Қарабах төңірегіндегі жанжал;
Грузия мен Абхазия және Оңтүстік Осетин арасындағы қақтығыс;
Молдавиядағы Молдова және Днепр бойы республикаларының құрылуы және олардың арасындағы шиеленіс;
Тәжік Республикасындағы азаматтық соғыс;
Югославияның ыдырауы, ұлттық қатынастың шиеленісуі әсерінен Сербия мен албандық Косово, Сербия мен Босния арасындағы соғыс әрекеті;
Кеңес Одағының ыдырауы Ресейдің геосаяси жағдайының өзгеруі;
Орталық Азия елдері мен Қазақстанға ислам фундаментализмінің қауіп төндіруі;
Ауғанстанның талибтерден азат етілуі;

Географиялық қағида: «Аталған объектіні көрсет, көрсеткен объектіні ата».
Елдер арасындағы саяси шиеленісті аймақтарды картадан көрсету
Кеңес Одағы құрамы
Армения мен Әзербайджан мемлекеттері Таулы Қарабах
Грузия мен Абхазия және Оңтүстік Осетин республикасы
Молдавиядағы Молдова және Днепр бойы республикалары
Тәжік Республикасы
Югославияның ыдырауы, Сербия мен албандық Косово, Сербия мен Босния
Орталық Азия елдері
Ауғанстан республикасы

1. Өздеріңді бір сәт «үкімет басшысы» деп елестетіңдер.
Жанталаса қарулануға кеткен жыл сайынғы адамзаттың 1 трлн. доллар қаражатын қандай мұқтаждыққа жұмсар едіңдер?
2. Сендер қалай есептейсіңдер, бейбітшілікті сақтау және ядролық соғысты болдырмау проблемасы ғаламдық проблемалар арасында бірінші кезектегісі қайсысы. Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
3. «Елімізде бейбітшілік болсын десең – соғысқа дайындал», сөйлемнің мағанасын түсіндіріңдер.
4. Ғаламдық проблемалардың шешу жолы мемлекеттер мен үкіметтерге ғана емес, сондай - ақ Жердің барлық тұрғындарына, әрбір жеке адамға, оның ішінде сендердің әрқайсыларыңа байланысты бролатыны неліктен?
5. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін реттеуші ішкі тұрақтылық пен жетістіктердің негізгі себептерін атап түсіндіріңдер
«Білу» (кім? не? қашан? қайда? не істеді? )
Проблемалық тапсырма:
Материктегі халықтың таралу заңдылығы неде?
Ең алғашқы халықтар қандай аймақтарды мекендеді, ойкумен дегеніміз не?
Нәсілдердің сырқы белгілері қандай?
Адамзаттың ғаламдық проблемалары жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 72
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 72
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика