Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар

26 ақпан 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
5-сынып
Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға табиғаттағы дыбыстық құбылыстардың ерекшелігімен таныстыру, дыбыс шығару көздерін, денені қозғалысқа түсіру арқылы дыбысын естуге болатындығын бақылау нәтижесінде білім беру;
2. Дыбыстың естілуі, есту органдарын сақтау талаптарын орындау керектігін түсіндіру арқылы тәрбиелеу;
3. Тәжірибе жасау арқылы әр түрлі заттардың дыбыс өткізгіштігін салыстырады, қорытынды шығарып, пікірін айтуға үйретеді, дағдыландырады, дамытады;
Көрнекі құралдар: үнтаспадағы әр түрлі дыбыстар, камертон, домбыра, сызба – «құлақтың құрылысы», кестелер, суреттер, заттар;
Сабақ типі: Жинақтау
Сабақ түрі: интегративті сабақ
Сабақ әдісі: тәжірибе, суреттеу, кластер стратегиясы
Сабақ тәсілі: Жеке - дара
Пән аралық: байланыс: музыка, әдебиет, биология
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу сабаққа даярлығын
тексеру, назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық:
а) Абайдың жетінші қара сөзі
ә) Жазғытұрым өлеңі
Жетінші сөз

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады.
Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреу білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып,
жалтыр – жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай – керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді? ”, “бұл неге бүйтеді?”деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
(Абай Құнанбаев)

3. Үй тапсырмасын сұрау.
«Даналық ағашы» сұрақтар беріледі.
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Дыбыстың өлшем бірлігі?
3. Айналамыздағы дыбысты қалай естиміз?
4. Дыбыстың шығуына мысал айт?
5. Дыбыстың өте қатты болуы адам ағзасына әсер ете ме?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 252
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Ультрадыбыс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады. Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпін танып білу, баспа жазба түрлерін айырып білу.
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстар
Айналамыздағы дыбыстық құбылыстарды ажырату, дененің тербелу, үйкелу, сығылу және т. б. жағдайлар арқылы дыбыстың шығып жатқандығын оқушыларға түсіндіру
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Г. Орджоникидзе атындағы №1 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Нуралина Гүлжан Хайроллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×