Қазақстанның
білім беру порталы.

Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

25 маусым 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары

Жоспар
Кіріспе
І тарау. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері.
1. 1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
1. 2. Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
1. 3. Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері.
ІІ тарау. Тәрбиенің жалпы әдістері, құралдары мен формалары
2. 1. Тәрбие әдістері және оларды топтастыру.
2. 2. Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану.
2. 3. Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары.
ІІІ тарау. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т. б. нормалар.
- педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Диплом жұмысының мақсаты:
Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Тәрбие әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру.
Диплом жұмысының объектісі:
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының дамуы, қазіргі педагогикадағы тәрбиенің жаңа әдістерімен тәрбие құрал – жабдықтары, формалары. Оларды топтастыру және тиімді пайдалану жолдары.
Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:
Бұл еңбекті жоғары және арнаулы кәсіби білім беру педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне қолдануға болады.

1 тарау. Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері.
1. 1. Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл – Фараби).
«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л. Н. Толстой).
«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В. А. Сухомлинский).
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары. жүктеу
172
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2018 - 2019 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Балабақшада жобалау әдісінің маңыздылығы және жүргізілу әдісі
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі... (Әл – Фараби)
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2016 - 2017 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2016 - 2017 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2016 - 2017 оқу жылы І жарты жылдық
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсат, міндеттері және мәні
Алматы қаласы, №1 қазақ мемлекеттік гуманитарлық колледждің педагогика пәнінің оқытушысы Бекұзақова Ақбота Құрманғазықызы
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Есенжолова Жанаркүл Ақниетқызы
Тәрбие теориясы
Тәрбие теориясы
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана - сезімін, жағымды мінез - құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды тарихи өмірде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.