Білімділер поралы

Жас химиктер білім сайысы

«Жас химиктер» білім сайысы
Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі кезде оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығы төмен екені белгілі. Бұл жағдайды 11 – сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестіні тапсыру кезіндегі 4 – пәнді таңдауына байқауға болады. Осы себептерге байланысты оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Химия» апталығында 8 - 9 сыныптар арасында қызықты сайыс сабағы өткізіліп тұрады.

Сайыс барысы.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді: «Ойшылдар», «Зеректер», «Білімділер». Топқа бөлінген оқушылардың білім - білігін әділ - қазылар бағалайды.

Сайыс 11 кезеңнен тұрады:
1. Оқушылар ізденісінен
2. Химиялық бәйге
3. Жұмбақтар сыры
4. Сиқырлы сандар
5. Дода
6. Электронды оқулық
7. Алтын қақпа
8. Тіл сындырайық
9. Кім жылдам
10. Химиялық эстафета
11. Есептер сыры

1 кезең: «Оқушылар ізденісінен». Бұл кезеңде оқушылар химия пәніне байланысты әңгіме оқу, өлең жаттау, ертегі айту, жұмбақ жасыруға болады.
2 кезең: «Химиялық бәйге». Бұл кезеңде оқушылар тақтадағы бірнеше сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

«Ойшылдар» тобына:
1. Химия қаны – H2SO4 (иә)
2. Озонның формуласы – О3 (иә)
3. Судың формуласы – SO3 (жоқ)
4. Темірдің атомдық салмағы – 56 (иә)
5. Көмір қышқылының тұзы – сульфат (жоқ)
6. Айдахар бейнесіне ұқсайтын элемент – S (иә)
7. Сұйық металл – сынап (иә)
8. Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым – Бутлеров (иә)

«Зеректер» тобына:
1. Атомдық салмағы 16 – S (жоқ)
2. Фосфор қышқылының формуласы - H2SO4 (жоқ)
3. Үйге жарық беретін элемент – Fe (жоқ)
4. «Аспан тасы» аталатын элемент – Fe (иә)
5. Сүйек құрамында сынап бар (жоқ)
6. Адам шашында алтын бар (иә)
7. Күміс қасық қараяды (иә)
8. Металдар коррозияға ұшырайды (иә)

«Білімділер» тобына:
1. Күкірт қышқылының формуласы – SO3 (жоқ)
2. Ас тұзының формуласы – NaCl (иә)
3. Металл қорғасын құйған сақамен атады (иә)
4. Адам тыныс алатын газ – Н2 (жоқ)
5. Период саны – 3 (жоқ)
6. Ең жеңіл металл – литий (иә)
7. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл – йод (иә)
8. Атом – молекулалық ілімді ашқан ғалым – Ломоносов (иә)

3 – кезең: «Жұмбақтар сыры». Бұл кезеңде оқушыларға химия пәніне байланысты жұмбақтар жасырылады.
1. «Ойшылдар» тобына
А) Өзім газбын, менімен демаласың
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың
Б) Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге

2. «Зеректер» тобына:
А) Ең жеңіл элемент саналады
Периодтық жүйе осыдан басталады
Б) Ол болмаса астың дәмі кірмейді
Кім бар екен әлемде оны білмейтін

3.«Білімділер» тобына:
А) Машина мен трактордың шикізаты
Қара металлургияның негізгі наны
Б) Өзі ауыр металға жатады
Балалар осы металл құйған сақамен атады.

4 – кезең: «Сиқырлы сандар». Бұл кезеңде 3 топқа жылдар жасырылады, оқушылар сол жылдарда қандай жаңалық ашылды соны айтады.
1. 1669жыл (Х. Бранд фосфорды ашты)
2. 1772 жыл (Д. Резерфорд азотты ашты)
3. 1774 жыл
4. 1776 жыл
5. 1785 жыл
6. 1869 жыл (Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі ашылды)
5 – кезең: «Дода» Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақ шешеді.

Жас химиктер білім сайысы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 257
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 255
Роботтар: 3
Жуманова Кошкельдинова Парида
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика