Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Visual Basic ортасында тест программасын әзірлеу

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Арал қаласы, 220 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі
Абишов Қуаныш Қазизұлы

Тақырыбы: Visual Basic ортасында тест программасын әзірлеу
Кіріспе
Информатика пәні негізгі үш бағытта оқытылып, бір – бірімен тығыз байланыста болуы тиіс. Олар:
- информатика білімінің негізін қалайтын теориялық бағыт;
- теориялық білім негізінде оқушыларға қолданбалы программаларды құрастыруды үйрететін технологиялық бағыт;
- дайын программалармен жұмыс жасауды үйрететін қолданбалы бағыт;
Оқушыларға теориялық және технологиялық білім беру арқылы қолданбалы программаларды құрастыруды үйрету жетекші роль атқарады.
Қазіргі кездегі дайын қолданбалы программалардың оқушыға игерту тек қана компьютерлік сауаттылық негіздерін үйретумен шектеледі. Компьютерлік ең ауқымды шығармашылық потенциалдың информатика пәнін теориялық және технологиялық бағыттарда оқытуда жатқанын ескеруіміз қажет. Дайын қолданбалы программалардың барлығы да бірдей «Қос та, жұмыс істей бер» принципімен жасалған, оқушылардан көп ойлауды, еңбектенуді талап етпейді.
Қазіргі кезде Windows – те жұмыс істейтін қолданбалы программалар жасауда Visual Basic технологиялық тілі кеңінен қолданылады. Windows – те жұмыс істейтін қосымшалардың қолайлығы – пайдаланушы компьютерге командаларды экранда көзге көрініп тұратын батырмаларды шерту арқылы беріп, нәтиже алады.

Visual Basic - кез - келген типті қосымшаларды жылдам дайындауға болатын қуатты көзкөрім программалау жүйелерінің бірі болып табылады.
Ұсынып отырған Visual Basic ортасында тест программасын әзірлеу кез – келген пәндер бойынша электрондық түрде оқушыдан тест алуға мүмкіндік береді. Тест екі формада берілген, яғни бірінші формада 1 сұрақ 4 жауаптан тұрады, оның бірі дұрыс жауап болып қарастырылған, екінші формада оқушы берілген сұраққа жауапты пернетақта арқылы енгізеді. Тест аяқталғаннан кейін оқушы өз нәтижесін компьютер арқылы алады.

Тест программасын әзірлеу барысында оқушы Visual Basic ортасының компоненттерінің бірнеше түрлерін жұмыс барысында қолдана отырып, программа тілдерін, оның жазылуын, түстерді, қаріптерді өзгерту, операторлар, стандартты функциялар және арнайы символдарды, программалау негіздерін игереді. Сонымен қатар өзіндік идеясын программаға кірістіруге мүмкіндік алады.
Тест тапсыру барысында оқушы ұсынылған тест формасының түсін өзгерте алады.
Технологиялық бағыттағы жұмыстар оқушыларды нәтижеге бағыттайды және жаңаша ойлай білу қабілеттерін дамытады.

VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА ТЕСТ ПРОГРАММАСЫН ӘЗІРЛЕУ
Мақсаты: оқушыларға теориялық және технологиялық білім беру арқылы қолданбалы программаларды құрастыруды меңгерту.
Міндеттері:
♦ оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгерту;
♦ оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негіз қалыптастыру;
♦ оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
♦ оқушыларды өмірге, еңбекке және алған білімдерін өмірде қолдануға даярлау.
Күтілетін нәтиже:
- оқушының шығармашылық қабілеттерінің артуы;
- қолданбалы программа құрастырудағы оқушының жұмыс нәтижесі;
- оқушы алдындағы мақсаттылық пен еңбектенудегі талаптарының нығаюы;

Көзкөрім программалау.
Программа құрастыру компьютер алдында отырудан басталмайды. Ол программаның формасын, проектісін, қосымшаларын сызбасын сызып, оның элементтерінің орналасуын құрастырудан басталады. Информатикадан 30 – сұрақтан тұратын тест дайындау барысында 32 формадан құралған жоба әзірленді.
• Форма 1 – де тест тапсырушының тіркелу беті беріледі. Онда оқушы өзінің аты – жөнін, сыныбын енгізіп, «тестті бастау» батырмасын басады.
• Форма 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 – де сұрақ - 4 жауаптан тұратын және оның бірі дұрыс жауап принципімен жасалған.
• 4, 5, 15, 20, 21, 22 - ші формалар берілген сұраққа жауапты пернетақта арқылы енгізу принципімен дайындалған.
• 32 – ші форма оқушының тест нәтижесін беруге арналған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 208
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
«Елтану» қолданбалы курсы Ұлы Британия мен АҚШ - тың саяси құрылымы, мәдениеті, білім және экономика негіздері бойынша оқушылардың білімдерін толықтыруға, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт беруге негізделген.
Компьютерлік вирустардан қорғау
Компьютерлік вирустардан қорғау
И. Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық колледжінің оқытушысы Молдабаева Н.
Компьютерлік графика және дизайн (таңдау курсы)
Компьютерлік графика және дизайн (таңдау курсы)
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлеу әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданылады.
Объектілермен орындалатын амалдар
Объектілермен орындалатын амалдар
Информатика пәніндегі компьютердің көмегімен кескіндерді өңдеу және редакторлау әдістері компьютерлік графика деп аталады. Әр түрлі мамандықтардағы адамдар компьютерлік графиканы өз салаларында сәйкесінше қолданылады
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
Графикалық редакторлармен жұмыс жасау
БҚО, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы. Информатика пәні мұғалімі Тимур Шарипкалиев
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×