Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіт сұлтаны 2014

14 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Сайыстың тақырыбы: «Жігіт сұлтаны – 2014» сайысы
Сайыстың мақсаты: Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Ер балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының ұлды тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыбы, шарлар, суреттер.

Жүру барысы:
1 – жүргізуші:
Бағына бақытты елдің туған ұлан,
Бойына бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың қасиетті жігіттері,
Халқына қалқан болған қаһармандар - деп, Махмұтбай Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың әдет - ғұрпында отбасына ұл баланың келуі «Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер баланы адамгершілікке, батылдыққа, ептілікке, имандылыққа баулыған.
«Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын»- демекші ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.

Олай болса, құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 4 - ші сынып оқушылары арасында өткелі отырған мектепішілік «Жігіт сұлтаны - 2014» сайысына қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметпен ортаға шақырайық!
----------------------------------------------- (Музыка әуенімен: «Ұлытау» тобы, «Жұмыр қылыш» күйі)
2 - жүргізуші: «Жігіт сұлтаны - 2014» сайысында қатысушы оқушының арғы ата бабасын, руын білуі, өнерлі, жан - жақты және зерек болуы бағаланады. Өткелі отырған сайысымыздың шаттарымен танысып өтейік.
Сайыс негізінен 5 шарттан тұрады:

1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер». (Өзін жеті атасын қоса таныстыру берілетін уақыт 5 минут)
2. «Ел іші, өнер кенші» (өз өнері ән, би, мәнерлеп оқу, сахналау және т. б. берілетін уақыт 4 минут)
3.«Білімді жүзден озар...» (викториналық сұрақтар берілетін уақыт 1 минут)
4.«Шебердің қолы ортақ» (түрлі материалдармен жұмыс, сурет салу, қамшы өру т. б берілетін уақыт 7 минут)
5.«Шынықсам шымыр болармын» (қол күресі, гер көтеру берілетін уақыт 3минут)

1 – жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындыққа арқа тұтқан,
Құрметті әділқазыларды қарсы алайық!
Сайысымызды бастамас бұрын байқауымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 176
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны тәрбиелік шара Мақсаты: Балалардың тапқырлық, өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Отанын сүйетін нағыз қазақ
Жігіт сұлтаны - 2013
Жігіт сұлтаны - 2013
Жезқазған қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Смадьярова Айгуль Ажагалиевна
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласы, Х. Мұстафина атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Нағыз қазақ жігіті
Нағыз қазақ жігіті
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×