Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану

22 қазан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Атырау облысы, Индер ауданы.
Информатика пәні мұғалімі Оразаева Асем

Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: Кестелік процессор туралы білімдерін еске түсіру. Функция түсінігін, функциямен жұмыс істеу негіздерін түсіндіру.
б) дамытушылық мақсаты: Стандартты функцияларды нақты әрі тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
в) тәрбиелік мақсаты: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, мұқияттылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: практикалық сабақ.
Оқыту әдістері: Диалог, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ, СТО
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
а) амандасу;
б) түгендеу;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару;
г) оқу құралдарының дайындығын тексеру.

«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Жаттығу барысы
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

ІІ Өткен сабақты қайталау
Қайталау сұрақтары (6 мин)
1. MS Excel кестелік процессоры
2. MS Excel - ге берілгендерді енгізу және редакциялау
3. Электрондық кестенің ұяшығына енгізілетін типтер
4. Салыстырмалы, абсолют және аралас сілтемелер.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады. Функцияны шақыру үшін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция енгізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады. Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер фукнции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияларды енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.

Қосындылау функциясы. Қорытындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды.
Қорытындылау есептеулеріне арналған басқа функциялар Функцияларды өзгерту батырмасы немесе Функциялар шеңбері арқылы алынады. Бұл функциялардың қатарына ДИСП (дисперсия), МАКС (ауқымдағы ең үлкен сан), МИН (ауқымдағы ең кіші сан), СРЗНАЧ (ауқымдағы сандардың арифметикалық ортасы), СЧЕТ (ауқымдағы мәндері бар ұяшықтар саны) және т. б. жатады.
Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады.
Функция шебері сұхбат терезесі.

IV Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
Электронды сынып журналын құрыңыз.
1 тапсырма.
1. 1. А бағанасының ұяшықтарына сынып оқушыларының тізімін енгізіңіз (8 оқушы).
1. 2. В1 ұяшығына бірінші сабақтың күнін енгізіңіз. Қалған ұяшықтар келесі сабақтың күнін есептейтін формула арқылы толтырылады (аптасында 1 сабақ есебінде).
1. 3. В2: J9 ұяшықтарын пән бойынша оқушылардың бағаларымен толтырыңыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 768
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру
Қосынды және айырым түрінде берілген тригонометриялық функцияларды көбейтінді түріне келтіру. Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру формулаларымен танысып, ол формулаларды есептер шығаруда
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Функция ұғымы және оның берілу тәсілдері
Оқушыларға функция ұғымы оның анықталу облысы мен мәндер жиыны, функцияның графигі, берілу тәсілдерін (кестелік, графиктік және аналитикалық) мультимедиялық көрнекілік сабақ бойынша үйрету, түсіндіру.
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялар
Кері тригонометриялық функциялардың графиктерін салу арқылы математикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру,
Стандартты функциялар
Стандартты функциялар
Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің стандартты функцияларға, өрнектер және олардың жазылуы туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×