Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Internet желісі

23 мам 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Талдықорған гуманитарлық - техникалық
колледжінің оқытушы Б. Ә. Самалбаева

Информатика
Сабақтың тақырыбы: Internet желісі
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Білімділік: Білім алушыларға интернет желісі туралы жалпы теориялық білім беру, көрсету, зертханалық тапсырмаларды орындау;
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, ой - өрісін және компьютерлік желілермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: «ЭЕМ - операторы» шеберханасында тәртіп және техника қауіпсіздігін сақтауға, компьютермен ұқыпты, дұрыс жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа, ынтымақты болуға, өзара көмек қолын соза білуге тәрбиелеу.
Сабаққа қолданылатын әдебиеттер: Г. Ә. Жапарова «Информатика негіздері» оқулығы, Е. Қ. Балапанов «Жаңа информациялық технологиялар» - 30 сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар: Компьютер, интербелсенді тақта, жергілікті желімен жұмыс істеу, зертханалық тапсырмалар.

Сабақты жүргізу кезеңдері
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
а) Студенттермен сәлемдесу, түгендеу;
б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
в) Студенттердің назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен материалды қайталау (5 мин)
 HTML гипертекстік тілін қай жылы және кім ұсынған?
 HTML құжатының негізгі құрылымы және қандай тегтер қолданылады?
 HTML құжатын қандай бағдарламаға жүктейміз?
 Қандай браузердің көмегімен ашылады?

,
, ,, немесе , , тегтері қайда қолданылады?
 Сыртқы және ішкі сілтеме дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау (60 мин)
Internet желісі - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.
Интернет 1960 жылдары АҚШ - та дүниеге келдi.

Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.
Байланыс арналары:
 кабельдік
 талшықты - оптикалық
 спутниктік радиобайланыс

Интернет қалай пайда болды?
1958 АҚШ - та ARPA - ның құрылуы (Advanced Research Project Agency).
1960 - жылдар ARPANet компьютерлік желісінің жобасы
• желінің орталығы жоқ – өміршеңдік;
• жаңа желіні қосқанда оны қайта жасаудың қажеті жоқ;
• желілер бір - бірімен арнайы тораптар - шлюздар арқылы байланыстырылады;
1968 4 компьютерден тұратын компьютерлік желінің жаңа типі.
1972 Желі 50 университет пен лабораторияны біріктірді.
1974 TCP/IP ақпаратты тасымалдау протоколы жасап шығарылды
Интернет мүмкіндіктері (қызмет түрлері, сервис)
 WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар.
Гипермәтін – әрбір сөзі немесе сөз тіркесі басқа құжатқа сілтеме бола алатын мәтінді айтады.
Гипермедиа – ішінде мәтін, сурет, дыбыс, видео болатын активті сілтемелерден тұратын құжаттар.
 Электронды пошта (e - mail)
 FTP (файлдарды тасымалдау)
 Форумдар (жаңалықтар топтамасы, конференциялар, телеконференциялар)
 Жаңалықтарға жазылу
 Іздеу жүйелері
 Чаттар (chat – әңгіме - дүкен құру)
 Нақты мезгілде сөйлесу
 ICQ (I Seek You) – жеке немесе топ түрінде сөйлесу, файлдармен алмасу
 Интернет - телефон
 Skype + колонкалар + микрофон
Интернет протоколдары
Протокол – компьютерлік желілер арасында ақпарат тасымалдауды анықтайтын келісімдер мен ережелер жиынтығы.
TCP/IP протоколы (1974)
 TCP (Transmission Control Protocol)
 файл өлшемі 1, 5 Кб - тан аспайтын пакеттерге бөлінеді
 пакеттер бір - бірінен тәуелсіз түрде жеткізіледі
 белгіленген жерге жеткізілген соң осы пакеттер бір файлға жинақталады
 IP (Internet Protocol)
 пакеттердің ең тиімді қозғалыс маршрутын анықтайды
 HTTP (HyperText Transfer Protocol) – WWW қызметі
 FTP (File Transfer Protocol) – FTP қызметі
 SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) – электронды поштаның хабарламаларын жөнелту
 POP3 (Post Office Protocol) – электронды поштаның хабарламаларын қабылдау (парольді білу қажет)

1 - деңгейлі домендер (домендік аймақтар)
Ұйым түрі ------------------------------------ Ел аты
. com коммерциялық ұйымдар -----------. ru Ресей
. edu білім беру ----------------------------. ua Украина
. gov АҚШ үкіметі --------------------------. by Белоруссия
. mil АҚШ - тың әскери ұйымдары ------. uk Ұлыбритания
. org,. net әр түрлі ұйымдар --------------. it Италия
. info ақпараттық сайттар -----------------. jp Жапония
. biz бизнес ---------------------------------. cn Қытай

Адрестердің түрленуі
DNS (Domain Name Service) – домендік адрестерді IP - адрестерге түрлендіретін домендік аттар қызметі.

 www. google. com сайтының IP - адресін алу үшін DNS серверіне сұраныс жіберу
 жауап күту
 алынған 66. 102. 9. 47 IP - адресі бойынша Web - параққа сұраныс жіберу
Құжаттың Интернеттегі адресі
URL (Uniform Resource Locator) – құжаттың Интернеттегі әмбебап адресі.
WWW қызметі
WWW (World Wide Web) – деректерді гипермәтін түрінде тасымалдау қызметі.
Гипермәтін – басқа құжаттарға сілтеме жасайтын мәтін.
Гипермедиа – құрамында басқа құжаттарға сілтеме жасайтын мәтін, сурет, дыбыс, видеосы бар құжат.
Браузер (броузер, browser) – Web - парақтарды экранда көруге арналған программа:
 Mosaic (1993 - 1995), Иллинойс университеті, США
 Netscape Navigator ( 1995 - тен 2002 жылға дейін)
 Internet Explorer (6. 0,. 7. 0 версиялары), Windows құрамында, 70%
 Mozilla FireFox (2. 0 версиясы), http://www. mozilla. org, 15%
 Opera (9. 0 версиясы), http://www. opera. com, 15%

Электронды пошта (e - mail) - Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады. Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Гиннес рекордтар кітабының (2013) мәліметіне цәйкес күніне 294 миллиард e - mail жіберіледі.

Іздеу жүйелері
Индекстер – интернетті үнемі бақылай отырып, деректер базасын толтырып отыратын робот - программалар.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин)
Интернет желісінен ақпарат табу және оны көрсету.

V. Сабақты қорытындылау (10 мин)
 Интернет желісі дегеніміз не?
 Интернет жілісіне қалай қосыламыз?
 Сымсыз байланыс деген не және оларға нелер жатады?
 Интернет желісі қалай пайда болды?
 Интернет желісі мүмкіндіктерін (қызмет түрлері, сервис) ата?
 Интернет желісі протоколдары дегеніміз не?
 IP - адрес және домендік адрес деген не?
 WWW (World Wide Web) - дің қызметі қандай?
 Электронды пошта (e - mail) және оның хабарламасы дегеніміз не?
 Іздеу жүйесі деген не және қандай танымал іздеу жүйлерін білесіңдер?
 Интернет - телефон деген не?

VI. Белсенді студенттерді бағалау (2 мин)
Сабаққа белсене қатысып отырған білім алушыларды бағалау, жұмыс орындарын ретке келтіру.
VII. Үй тапсырмасы (1 мин)
Е. Қ. Балапанов «Жаңа информациялық технологиялар» - 30 сабақ,
356 - 373 беттерді оқып келу.

Толық нұсқасын жүктеу
6 508
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Желдеткіш және оған қызмет көрсету
Желдеткіш және оған қызмет көрсету
Жүйелік блок ішіндегі құрылғылар жайлы түсініктерін кеңейту.
Информатика пәнінен 8-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 8-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Информатика пәнінен 8-сыныпқа арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
Графика әлеміне саяхат (оқу бағдарламасы)
№5 Михаил Ломносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза Муслимовна
Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары
Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары
Қызылорда қаласы М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі Информатика пәнінің оқытушысы Тілеуімбетова Индира Алдабергенқызы Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық технологияны тиімді пайдалану жолдары Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушылардың
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×