Білімділер поралы

Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері

Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Компьютер құрылғыларын және міндеттерін меңгеру
Дамытушылық: Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Сабақтық түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: жеке, жұптық, топтық жұмыс, ДЖИГО әдісі, «Екі жұлдық бір тілек» стратегиясы, сұрақ - жауап, көшбасшылық
Көрнекілік: ДК, слайдтар, топтарға арналған тапсырма парақтары,
Пайдаланған әдебиеттер: Информатика 5 - сынып, Е. А Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б. Қ. Әбенов
Сабақтық барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар тізімі, кабинет жағдайы, сабақ барысымен таныстыру
ә) смайликтер арқылы 3 топқа бөлу (12 смайлик). Топ басшысын сайлау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Конверт - сұрақ» тәсілі
Негізгі ережесі: 4 сұрақ жазып, конвертке саламын (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындау. Әрқайсысына екі минут беру: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 4 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимын. (аттарын атамастан); кейін сыныпқа белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылатамын.
Сұрақтары:
І топқа:
1. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
3. 1 Кбайт – ол...
4. «Ақпарат» деген сөзде қанша байт қанша бит бар?
ІІ топқа:
1. Бір байт – ол...
2. Бір символдық мәтін әдетте... кодталады.
3. 1 Мбайт – ол...
4. «Информатика» сөзінде қанша байт, қанша бит бар?
ІІІ топқа:
1. 1 Гбайт – ол...
2. Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?
3. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?
4. «Математика» сөзінде қанша байт, қанша бит бар?
Бағалау

Жаңа сабақ.
- Оқушылар сендер ақпараттық технологияны күнделікті қолданасыңдар ма? Ал ақпараттық технологияға не жатқызасыңдар?
- Ал, ендеше балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:. Компьютер. Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері.
Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында ” ДЖИГСО” әдісін пайдаланамын. Яғни 3 шағын топқа
1) Компьютер;
2) Компьютердің түрлері;
3) Компьютердің құрылымы;
Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну керектігі ескертіледі. (тақырыпшалары беріледі) Әр оқушы өз бетінше тақырыпты оқып түсінеді, жұпта талдайды, топта талдайды. Постерге түсіреді.

Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе. Операциялық жүйенің бір мысалы ретінде Windows операциялық жүйесін атасақ болады.
Компьютер кез келген есепті шығару үшін қолданылады. Ол деректерді талдау, ақпаратты сандық форматта сақтау, видео және фото материалдарды өңдеу, мәтіндік ақпаратты құру және түзету, т. б. болуы мүмкін. Компьютер тек программалардың жұмысын, жұмыс жылдамдығын қамтамасыз ету міндетін атқарады. Орындалған жұмыстың нәтижесі тұтынушыға әртүрлі мониторлар, принтерлер, проекторлар және т. б. ақпаратты басып шығару, бейнелеу құрылғыларының көмегімен ұсынылуы мүмкін.

Компьютерлерді қолдану
Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларында көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеу үдерістерін аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады. Осындай дерек қорлары үшін қосымша құрылғыларды қосуға болатын күрделірек компьютерлер қажет.
Компьютерді қолданудың келесі қадамы - әртүрлі құрылғыларды басқару. Бүгінгі құрылғылардың көпшілігінің құрамында ішкі енгізілген компьютерлер бар, мысалы, ұялы телефондар, дүкендердегі кассалық аппараттар, әртүрлі есеп айыру құрылғылары.

Компьютердің түрлері
Қазіргі кезде компьютерлерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.
Суперкомпьютерлер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады. Суперкомпьютер жаппай өндірілетін детальдардан құралады. Басқаша айтқанда, дайын детальдар жиынынан қатаң анықталған міндеттерді орындайтын компьютер жиналады. Суперкомпьютер үшін әдетте жүздеген процессорлар керек. Суперкомпьютердің орасан зор жедел жады болады, орындау жылдамдығы өте жоғары. Ондай компьютерлер көп орын алады, бір компьютер тұтас бір бөлмені алуы мүмкін. Мұндай компьютерде бір адамның жұмыс істеуі жеткіліксіз болғандықтан әдетте суперкомпьютерде бір мезгілде көп адам жұмыс істейді.
Үлкен компьютерлер. Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Әдетте ол – дерек қорлары, Интернет желісінің әртүрлі қызметтері. Себебі, желі дұрыс жұмыс істеу үшін көп көлемді ақпаратты тез өңдеу қажет. Қарапайым компьютер мұндай ағынды игере алмайды. Үлкен компьютерлер құрылғылар қосылған үлкен шкафқа ұқсайды.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды. Серверлерде желіге қосылған барлық компьютерлер пайдалана алатын ақпарат сақталады. Сервер бүкіл желінің сенімді жұмысын, дерек қорлары мен басқа да ақпараттың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етеді.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерлерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер. Дербес компьютерлер үстел үсті, алып жүретін, алақан компьютерлері болып бөлінеді
Үстел үсті компьютері – үйде немесе офисте ең жиі қолданылатын компьютер. Ол монитордан, жүйелік блоктан және пернетақтадан тұрады.
Алып жүретін компьютерді ноутбук деп те атайды. Кішкене мөлшерлі ноутбуктерді нетбуктер деп атайды. Дербес компьютерлердің ішіндегі мөлшері ең кішісі алақан компьютері.
Компьютердің ең негізгі құрылғыларына: монитор, жүйелік блок, пернетақта жатады. Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Жүйелік блок - мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт - дискіні оқитын CD - ROM орналастырылған. Жүйелік блок - компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процессор жадпен жұмыс істейді.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей: электрондық – сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая труба ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады. Монитор түрлі түсті монохромды болады. Монитор - ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.
Пернетақта компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады. Таңбалық
деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады. Тышқан. Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Тышқан»
манипуляторымен жабдықталған. Бұдан былай оны тек тышқан (маус) деп қана атайтын боламыз. Оның аты тышқан деп бекер аталмаған. Себебі ол - сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға) болады

Сергіту сәті: «Маймыл» ойсергек. Маймыл рөліндегі оқушы өз сыныптасының жасағаның дәл сол қалпында қайталайды.
Топтық жұмыс.
І топ “Компьютердің құрылғылары”,
ІІ топ “Компьютердің түрлері”,
ІІІ топ “Компьютерді пайдалау” моделін жасату, қорғату.

Практикалық жұмыс. Оқушыларға компьютермен жеке жұмыс жасауға тапсырма беру. «Ақпаратпен жұмыс істеу үшін қажетті заманауи құрылғы – ол КОМПЬЮТЕР.
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны» мәтінін теру арқылы Shift, Caps Losk, Enter пернелер қызметін түсіндіру.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
А деңгейі: Пернетақта қандай құрылғы екенін айту.
В деңгейі: Әр перненің қызметін білу
С деңгейі: "Пернетақта" сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

ІҮ. Жаңа сабақты қорыту
1. Сабаққа белсенділік танытпаған оқушылар есте сақталған мәліметтерді айтады.

Y. Бағалау. "Екі жұлдыз бір тілек" стратегиясы бойынша топтар бірін - бірі бағалайды. (екі ұнаған нәрсе, бір ұсыныс)

YІ. Үйге тапсырма. § 5, 6 бақылау сұрақтарына жауап беру, деңгейлік тапсырмаларды орындау
Рефлекция: «Бағдаршам»
• Қызыл түс: «Сабақ өте қызықты болды, мен сабақта белсенді қатысып отырдым. Берген тапсырмалардың бәрін орындадым»
• Сары түс: «Сабақ ұнады. Мен орында отырып жауап бердім. Тапсырмаларда қиын болған жоқ. Сабақта өзімді еркін сезіндім».
• Жасыл түс: « Сабақтың еш бір пайдасы болмады. Мұғалімнің айтқанын түсінбей отырдым. Үйге берген тапсырма түсініксіз»
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 221
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 220
Роботтар: 3
Гаухаш
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика