Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтіндік редакторда мәтінді форматтау

14 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Шығыс Қазақстан облысы,
Абай ауданы, Қарауыл ауылы,
Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі
Кунафина Меруерт Нуржановна

Ашық сабақ жоспары
8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редакторда мәтінді форматтау

Сабақтың типі: қорытындылау, бекіту сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
СТО ойлау стратегиялары (ой қозғау, ақпараттар бұрқанысы, кіші үстел, ББҮ, сергіту сәті), деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекіліктері:
Компьютер, проектор, презентациялар, карточкалар, тапсырмалар, плакат.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
алған білімдерін қорытындылау, теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
компьютерде жұмыс жасай білу дағдыларын , ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік:
оқушылардың белсенділігін арттыру, құжатпен жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесіп, олармен танысу. Әркім өз атының бас әрпінен басталатын өзіне сипаттама айтсын. Мысалы: мен Меруерт мұғалім – мейірімді, мейірбанмын. {СТО стратегиясының бірінші әдісі «танысу»}

2. Сабақтың кезеңдері:
А) Кіріспе.
Компьютерлік сауатты болу қазіргі заманның талабы. Қай сала болмасын, мейлі ол дәрігер, мұғалім, инженер, архитектор болсын, барлық жұмыс осы компьютермен тығыз байланыста. Сондықтан компьютерді қолдану үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Мысалы: қарапайым сендерді алайық. Белгілі бір пәннен сендерге реферат жазып келу ұсынылды делік. Егер сен рефераттың сыртқы мұқабасын компьютерлік сауатты, мәдениетті етіп толтырып, өз біліміңнің нәтижесін көрсетсең, сен кез-келген мұғалімнің көңілінен шығасың. Сондықтан сабағымыздың соңында өз білімімізді дәлелдеу үшін белгілі бір тақырыптың сыртқы мұқабасын жасап, нәтижеге жетуіміз керек.

Ә) Теория.
Тақтадағы «Білемін, білгім келеді, үйрендім» стратегиясы бойынша мына бағандарды толтыру арқылы сабақтың қаншалықты нәтижелі болғандығын көреміз. Ал, нәтижеге жетуіміз үшін, біз мәтінді форматтау кезіндегі әрекеттерді еске түсірейік. Яғни, мәтінді форматтаудың моделін құрып алайық.
Оқушылар, алдарыңдағы ассоциациялық картаны толтырайық.
Мәтінді туралау
Мәтінді форматтау
шрифт түсі
шрифт көлемі, түрі
шегіністер
бетке рамка қою
шрифтердің
жазылуы
Word Art объектісі
суреттер қою

Оқушылар, тақтадағы кестені де ұмытпай, толтырып отырайық.
Білемін----------Білгім келеді----------Үйрендім

{Модельді құру барысында оқушылар арасында өзара көмек, өзін-өзі бағалау, толықтырулар жүргізіліп жатады. Яғни, модельді аз толтырған оқушыға толық толтырған оқушы барып, көмектеседі. Бұл «кіші стол» стратегиясы. Керісінше, аз толтырған оқушы толық толтырған оқушыға барып, өз модельіне толықтырулар әкелгенде, «ақпараттар бұрқанысы» стратегиясы орындалады. Экраннан дұрыс жауаптар шығады да оқушы өзін-өзі бағалап отырады.}
Б) Сергіту сәті
Оқушылар, практикалық жұмысты жасамас бұрын, «Сергіту сәтін» өткізіп жіберейік. Өйткені информатика пәні ойлауды қажет ететін, және сабақтың кезеңдеріне ауысу кезінде миымызды тыңықтырып алайық. «ИНФОРМАТИКА» сөзінің әрбір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді тез-тез айтып өтейік. {Бұл «Сергіту сәті» стратегия арқылы оқушы терминдерді еске түсіріп, есте сақтау қабілеттері, компьютерлік сауаттылықтарын көрсетеді.}

Мысалы:
«И»-информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.
«Н»-ноутбук, номер, надпись.
«Ф»-формат, файл, флешка, фигура, формула.
«О»-орналастыру, орау.
«Р»-реттеу, редактор, рисунок.
«М»-меню, монитор, маус, маркер, модем.
«А»-ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.
«Т»-тақырыптық жол, тізім, термин, түс.
«И»-информатика сабағының мұғалімі.
«К»-компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.
«А»-ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.

В) Практика
Практикалық жұмысқа кірісу үшін алдарыңдағы карточкалар бойынша пәндердің аты мен тақырыбын пайдалана отырып, рефераттың сыртқы мұқабасын жасап шығарыңдар. Тапсырмада мәтінді форматтаудың мүмкіндігінше көп әрекеттерін пайдаланыңдар. Ал, жұмысымызды бастайық.

{Тақтада екі-үш рефераттың үлгісі тұрады}

Сонымен, оқушылар, практикалық жұмысымызды аяқтайық. Кестеміздің «Үйрендім» бағанына бүгінгі сабақтан нені ұғып, нені есте түсіргендеріңді жазып, ойларыңды жинақтайық.
3. Оқушыларды бағалау.
Сабағымыз аяқталды.
Бағалау парағы:
Тапсырмалар Оқушының аты-жөні
«Мәтінді форматтаудың» моделін құру
Сыртқы мұқабаны жасау (Практика)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 937
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі Кунафина Меруерт Нуржановна
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Каюпова Раушан Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ
Паскаль тілін қайталауға арналған практикалық сабақ
Паскаль тілінен алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×