Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қауіпсіз Интернет

08 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Қауіпсіз Интернет
Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру:
Сабақ түрі: пікірталас

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Бүгінгі сабақ мақсатымен таныстыру,
ІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі: Жылдың 11 ақпанында 100 ден астам елде Бүкіл әлемдік Қауіпсіз Интернет күнін атап өтеді. Осынау дәстүр 2004 жылдан бастау алды. Биылдан бастап, Назарбаев Университетінде алғаш рет осы маңызды мәселелермен байланысты іс - шаралар өткізілді.

ІІІ. Сұрақ - жауап бөлімі:
• Әлеуметтік желі зиян ба, пайдалы ма?
Бұл желілер не үшін керек болды? Мүмкін шығарушы елдер бөтен мемлекеттердің ішкі - сырты құпияларын ұрламақ болды ма?

● Негізінде әлеуметтік желіні «әлеуметтік медия» деп те атайды екен. Бұл – адамдардың бір - бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамсыз ететін интернет сайт. Яғни жалпыға ортақ сөзбен айтар болсақ, әлеуметтік желі бұл – адамдар мен олардың бір - бірімен қарым - қатынасы.

● Әлеуметтік желі деген не?
● Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір - бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай - ақ, сол арқылы өз таныс - білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі – байланыс, қарым - қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз.

● Әлеуметтік желі не үшін керек?
● Әрине, селбесіп, араласып - құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото - альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір - бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір - бірімен қарым - қатынас жасауы үшін керек.

● Әлеуметтік желінің қанша түрі бар?
● Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің саны екі қолдың саусағын қосып санасаң да жетпейтін жағдайға жетті. Мой Мир секілді жалпы әлеуметтік желілер немесе блогтар желісі, микроблогтар, тек қана видео немесе суреттерді жүктеуге арналған белгілі бағыттағы, тақырыптық әлеуметтік желі бар. Мысалы, ретінде әлеуметтік видео желіге youtube - ті айтсақ, блогтар желісіне wordpress, ал микроблоггинг мысалына twitter. Сонымен әлем бойынша рейтінгі ең жоғары әлеуметтік желіні атап өтейін.

● Тіркелудің түрлері?
● Әр желінің өзіндік тіркелу шарттары бар. Мысалы: МойМир желінің тіркелуі тұратын жерің, қалаң, ауылың тіпті мектебіңе дейін сұрайды. Мұны біз жәй тіркелу үшін деп қоямыз, мүмкін бұның астарында не жатқанын кім білсін. Ал Facebook желсіне өзің туралы, бойың, салмағың, жұмыс орның. Үйленгенсің бе? Қанша балаң бар? Ұзын саны 25 сұраққа жауап бересің. Бір қызығы енді, сенімен осы сайтта дос болған барлық адам сенің өмір баяныңмен, хоббиіңмен таныс болады. Яғни өзіңді - өзің басқаның қолына байлап бердің, деген сөз. Кімнің қолына? Бір дерек естігенбіз. Бұл әлеуметтік желілер ФБР және ФСБ секілді барлау қызметтерінің жобасы деп.
Қауіпсіз интернет жүктеу
21 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?
Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?
Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар? Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған.
Менің сүйікті әлеуметтік желім
Менің сүйікті әлеуметтік желім
Оқушылардың сөздік қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желінің түрлері: жергілікті желі, Интернет желісі туралы түсінік беру. Байланыс хаттамалары мен желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру;
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер
Тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Интернеттен ақпарат іздеу
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Райханқызы Жанар
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Интернет. Бүкіләлемдік өрмекші. Сайттар
Айткалиева Баян Сабырғалиқызы Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×