Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Презентация жасау

31 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Компьютердің сыртқы құрылғылары. Енгізу-шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.

Сабақ мақсаты: А) Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен: монитормен, пернетақтамен таныстыру. Олардың арналуын түсіндіру.
Б) Монитор мен пернетақта сипаттамаларын үйретіп, пернетақтада жұмыс жасауды пернетақталық тренажер арқылы меңгерту.
В) Оқушыларды компьютерде жұмыс жасатып, ұқыпты жұмыстануға үйретіп, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ көрнекілігі: «Аленка», «Babytape» пернетақталық тренажерлары, Информатика 3, 4 электронды оқулығы.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Баяндау, көрсету, практикум
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге практикалық тапсырма
(компьютерде пернетақталық тренажермен жұмыс жасау)
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау

Жаңа сабақ
Компьютердің сыртқы құрылғылары.
Өткен сабақта біз компьютердің ішкі құрылғыларымен таныстық. Олар негізінен компьютердің жұмысын басқарып отырады. Бірақ компьютер сыртқы ортамен қатысуы үшін, басқа қосымша құрылғылар керек.
Бұлар:
Деректерді енгізу құрылғылары;
Деректерді шығару құрылғылары;
Деректерді сақтау құрылғылары;
Деректерді алмасу құрылғылары:

Бүгінгі сабақта біз енгізу және шығару құрылғыларын қарастырамыз.
Енгізу құрылғылары көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, ал шығару құрылғылары арқылы машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.
Енгізу құрылғыларына: пернетақта, тышқан, джойстик, сканер, т. б. жатады.
Шығару құрылғыларына: принтер, монитор (дисплей), графиксалғыштар, т. б. жатады.

Монитор.
Монитор ақпаратты экранға шығаратын құрылғы. Ол компьютер жұмысы туралы барлық ақпаратты адамға беріп отырады.
Монитор бейнелеу түсі бойынша: Монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді.
Монохромды тек ақ-қара түстерді көрсете алады.

Мониторда кескін кішкентай нүктелерден тұрады. Мұндай нүктелерді пиксельдер деп атайды. Яғни пиксель дегеніміз – монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. Түрлі түсті монитор экранында әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған үш ұсақ нүктелерден тұрады.
Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Монитор экранында орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, монитор да жақсы болады.
Алғашқы түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-320x200 (Color graphic adapter-түрлі түсті графикалық адаптер) пиксельді монитор деп атады.
Ал 1984 жылы ЕGA-640x350 (Enhanced graphic adapter-жетілдірелген графикалық адаптер) пиксельді монитор шықты.
Қазіргі компьютерлерде VGA-640x480 (Video graphic adapter-Графикалық бейне адаптер) немесе SVGA -(800x600 – ден 1248х1024-ке дейін) (Super video graphic adapter-Графикалық супер бейне адаптер) мониторлар қолданылады.
Монитор сонымен бірге құрылысына қарай: электронды-сәулелі түтікшелі (ЭСТ) монитор және сұйық кристалды монитор болып бөлінеді.
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:
1. Көз тез шаршайды.
2. Дисплей жұмысы кезінде электр магниттік және ультракүлгін сәулелері таратылады.

Пернетақта.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріп немесе цифр пернелері көмегімен компьютерге кез келген ақпараты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақталарда 100-дің үстінде пернелер орналасады.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:
- басу пернетақтасы,, (алфавитті-цифрлық және таңбалық пернелер: бос орын, 0-9 дейін цифрлар, A-Z латын әріптері, А-Я кириллица символдары, тыныс белгілері, «+», «-», «*», «/», арнайы символдар және т. б.)
- функционалдық пернелер: Ғ1, Ғ2,..., Ғ12.
- арнайы операциялар пернелері, олар: Enter, Esc, Tab, Ctrl, Alt, Backspace, Caps Lock, Shift, Windows.
- меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар: Insert, End, Home, PageUp, PageDown, Left, Right, Up, Down, Delete
- сандық пернетақта, олар оң жақта бөлек орналасқан.

- басу пернетақтасы, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі блогы. Оның көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Бұл блокта латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдар орналасқан.
- функционалдық пернелер: Олар Ғ1, Ғ2,..., Ғ12 әріптерімен белгіленген. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі программада олар әртүрлі қызмет атқарады.
- арнайы операциялар пернелері, олар:
Enter-ең негізгі перне, операцияның аяқталғандығын көрсетеді.
Esc – Бағдарламаны аяқтау пернесі, операцияны болдырмау немесе операциялар тізбегіне кері қайтуды орындайды.
Tab – Меңзерді бір басқару позициясынан басқасына ауыстырады.
Ctrl – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.
Alt – арнайы әрекеттер үшін қолданылады.
Backspace – меңзердің сол жағындағы қате символды өшіреді.
Caps Lock – бас әріптер режимін іске қосады және айырады.
Shift – перненің қосалқы мәнін алу үшін қолданылады.
Windows – Пуск менюін ашу шін қолданылады.
- меңзерді экран бетінде басқару және редакциялау пернелері, олар:
Insert – символдарды ауыстыру және енгізу режимін қосады.
End – меңзерді жол соңына жылжытады.
Home – меңзерді жол басына жылжытады.
PageUp – меңзерді бір бетке жоғары жылжытады.
PageDown – меңзерді бір бетке төмен жылжытады.
Left – меңзерді бір орынға солға жылжытады.
Right – меңзерді бір орынға оңға жылжытады.
Up – меңзерді бір жолға жоғары жылжытады.
Down – меңзерді бір жолға төмен жылжытады.
Delete – меңзердің оң жағындағы символды өшіреді.
- сандық пернетақта, олар Num Lock пернесі қосылып тұрса сандарды енгізуді, айыруыл тұрса меңзерді басқару операцияларын іске асырады.

Пернетақтамен жұмыс істеу техникасы.
Жеке пернені басқанда күш қолданбай, жай басу керек. Егер бір перне көп басылып тұрса, машина оны көп рет басылды деп түсініп, бірнеше символ салынады. Кейбір операцияларды орындау үшін екі немесе үш пернелер комбинациясын қолданады. Мысалы, Ctrl+L, бұл сендерге алдымен Ctrl пернесін басып, содан соң оны жібермей тұрып, L пернесін басу керек екенін білдіреді. Содан соң Ctrl-ды босатуға болады.

Меңзер.
Меңзер – экранда жыпылықтап тұратын белгі. Меңзер экранда алфавитті-цифрлық пернені басқанда символ қай жолға енгізілетінін көрсетеді. Символды енгізгеннен соң, меңзер оңға қарай бір қадам жылжиды. Меңзердің экранда пайда болуының мәні – алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге шақыру. Enter пернесін басу арқылы ақпаратты енгізу аяқталады.
Сабақтың соңғы 20 минутында компьютерде оқушылар пернетақталық тренажермен жұмыс жасайды.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу, пернелердің атқаратын қызметін жаттау.
7 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютер құрылғылары
Компьютер құрылғылары
Тақырып: Компьютер құрылғылары
Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің программалық жабдықталуы
Тақырыбы: Компьютердің программалық жабдықталуы
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Атырау облысы, Құлсары қаласы, №18 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Бозшиева А.К
Пернетақта
Пернетақта
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Бұлақтыкөл орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Жұма Лала Қабиболлақызы
Пернетақта
Пернетақта
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылы, № 164 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ашимбекова Нургуль Кайыпбековна
Компьютердің сыртқы құрылғылары. Монитор. Пернетақта
Компьютердің сыртқы құрылғылары. Монитор. Пернетақта
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәні мұғалімі Нысаналы Балауса
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×