Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Paint графикалық редакторының құралдары

15 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары

Сабақ мақсаты: а) Paint графикалық редакторының құралдарымен оқушыларды таныстыру.
Б) Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
В) Оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: Paint графикалық редакторының құралдары, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою, практикалық тапсырма беру.
Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы Paint графикалық редакторы, негізгі түсініктер, сурет салу кезеңдері. Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын қойып жіберелік. Қане кім айтады?
1. Графикалық редактор не үшін қажет?
2. Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
3. Paint графиктік редакторының терезесінің негізгі элементтерін ата?
4. Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?
5. Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?
6. Фон түсін қалай өзгертеміз?
7. Сурет салу тәсілі қандай?
8. Меню командалары арқылы не жасауға болады?
Сонымен Paint графикалық редакторы көмегімен біз қарапайым графиктік кескіндерден бастап, күрделі бейнелерді салып, редакциялай аламыз. Енді біз бүгінгі сабағымызда ары қарай осы редактордың құралдарымен жеке - жеке толық танысатын боламыз.
Біздің бірінші қарастыратын құралымыз

Түзу сызықты салу құралы.
Ол құралды пайдаланып түзу сызық салу мынадай әрекеттер тізбегінен тұрады. Яғни бұл құралды қолдану алгоритмі мынадай деп айтуға болады.
1. Линия батырмасын шерту
2. Сызықтың қалыңдығын таңдау
3. Маус нұсқағышын сызық басталатын жерге орналастыру.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей сызықтың аяқталатын жеріне апару.
5. Маустың батырмасын жіберу.
Келесі құрал Шаршылар мен тік бұрыштарды салу құралы.
Бұл құралды қолдану алгоритмін мына түрде айтуға болады.
1. Прямоугольник батырмасын шерту
2. Қажетті тік бұрыш типін таңдау. Мұнда тік бұрыштың 3 типі қолданылады. Жақтау сызықтары көрінетін іші боялмаған тік бұрыш тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінетін іші боялған тік бұрыш, жақтау сызықтары көрінбейтін іші боялған тік бұрыш. Ескерту: Мұнда жақтаудың сызық түсі кескін түсімен, ал ішінің түсі фон түсімен салынады.
3. Маус нұсқағышын тік бұрыш басталатын жерге орналастыру.
4. Маустың сол жақ батырмасын басып, оны жібермей тік бұрыштың аяқталатын жеріне апару.
5. Маустың батырмасын жіберу.
Ал шаршы салу үшін тап осы алгоритмді қолданамыз, тек сурет салған кезде Shift батырмасын басулы күйде ұстап тұрамыз.
Дөңгеленген тік бұрыштарды салу.
Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да дөңгеленген квадрат салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.
Эллипстер мен шеңберлерді салу.
Эллипс дегеніміз горизонталь немесе вертикаль бағытта сығылған шеңберлер. Бұл құралды пайдалану алгоритмі тік бұрыштарды салу алгоритмімен бірдей. Мұнда да шеңбер салу үшін Shift пернесін басулы күйде ұстау керек.
Сонымен біз бүгінгі сабақта Paint графикалық редакторының кейбір құралдарын пайдалану алгоритмдерін қарастырдық. Тақырып бойынша мынадай сұрақтарға кімдер жауап береді. Қане кім сабақты жақсы түсінді екен.
1. Түзу сызықты салу құралын пайдалану алгоритмі қалай?
2. Шаршыны салу алгоритмін кім айтады?
3. Тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?
4. Дөңгеленген тік бұрыштарды салу алгоритмін кім айтады?
5. Дөңгеленген квадратты қалай саламыз?
6. Эллипс деген не? Оны қалай саламыз?
7. Шеңберді қалай саламыз?

Практикалық тапсырма
Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып 12 геометриялық фигуралар салу.
Үлгерген оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келу.
Сабақ аяқталды
Сау болыңыздар
9 793
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Paint графикалық редакторының сурет салу құралдары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектептің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы. Информатика пәні мұғалімі Накишева Салтанат Бакытбековна
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Paint графикалық редакторының командалары
Paint графикалық редакторының командалары
Атырау облысы, Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Аманқосова Батима Оңайбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×