Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Қазақ тілі 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға сын есім туралы түсінік беру. Оқушыларды сын есімнің морфологиялық қасиеттерімен, сөйлемдегі қызметімен таныстыру.
2. Дамытушылық: оқушыларды заттың сынын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтай білуге, сын есімді ажырата білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
3. Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: сын есімге байланысты тірек - схемасы, суреттер.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) лексикалық жаттығу
Балалар, қай сабақ басталды?
Қазақ тілі бүгін нешінші сабақ?
Қазақ тілі қандай тіл?
б) Фонетикалық жаттығу
Ақ шар бар
Көк шар бар
Көп шар бар
Бес шар бар

2. Сұрақ - жауап (Жаңа сабаққа дайындық)
“ Ақ” “көк ” деген сөздер қай сөз табына жатады? ( сын есім)
Бүгін біз сабақта сын есім туралы айтамыз.

3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Сабағымыздың тақырыбы “ Сын есім”. Сабағымыздың мақсаты: сын есімнің сөйлемдегі морфологиялық қызметімен танысу.

4. Жаңа тақырыпты меңгеру
Сын есім заттың сынын сипатын, дәмін, иісін білдіреді. Сын есімнің сұрақтары қандай? Қай? Сұрақтарына жауап береді. Мысалы:
әдемі қыз
әдемі қала
әдемі гүл
үлкен мектеп
үлкен мектептер
б) Кестеге қарап, сын есімнің ережесін құрастырыңдар.
Сын есім
Қандай
Заттың сынын
1. Түрі, түсі (ақ, қызыл)
2. Аумағы салмағы (үлкен, кең)
3. Сипаты мен сапасын білдіреді (қатты, жұмсақ)
4. Дәмі (ащы, тәтті)
5. Көлемі (домалақ, түзу)
Мен әдемі қалада тұрамын.
в) – Оқулықты ашып, ережесін оқып бір - бірлеріңе айтыңдар.

5. Алған білімдерін қолдану кезеңі
а) 1 - жаттығу. сөйлемдерді оқып, ішінен сын есімдерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.
ә) – Бұл сөйлемдердегі сын есімдер, заттың қандай сынын білдіреді?
б) – Сын есімдердің антонимдерін табыңдар (суық, жылы, үлкен, ыстық, биік)
г) топтық жұмыс
1 топ 2 - жаттығу. Өлеңді оқу, аудару сын есімдерді табу.
2 топ 3 - жаттығу. Өлеңді оқу, сын есімдерді табу, өлеңнің мазмұнын айту.

3 Бекіту
а) Полиглот ойыны
1. Туған жердің жуасы да тәтті.
2. Туған жердің жері де көрнекті, елі де сүйікті.
3. Туған жердің күні ыстық.
4. Отан - оттан да ыстық.

Өз білімдерін тексеру кезеңі.
Тест сұрақтары.
1. “ Үлкен” сөзі заттың қандай сынын білдіреді?
А) түсін
Ә) дәмін б көлемін
2. “ Әдемі” сөзінің синонимін тап
А) көркем
Ә) лас
Б) бай
3. “ Ақылды” сөзінің түбірін тап
А) ақ
Ә) ақыл
Б) ақылды
4 көктемде ауа райы қандай болады?
А жылы
Ә) суық
Б) ыстық
5 сөйлемді орыс тіліне аударыңдар?
“ Қалада жаңа үйлер салынды ”
А) в гороле много новых домов.
Ә) в городе есть новые дома.
Б) в городе построены новые дома.
Сабақтың тақырыбын айтыңдар.
- Сабақта нені білдіңдер?
- Сендерге сабақ ұнады ма?

7. Үйге тапсырма
Сөз тіркестерін оқу, олармен сөйлем құрастыру
Бағалау
5 059
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім Факультативтік сабақ жоспары
Сан есім туралы білімдерін тереңдету, сан есімнің мағыналық түріне қарай неше топқа бөлінетінін таныстыру. Оқушылар сан есім және сан есімнің түрлерін, есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыруды біледі.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметін меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сөйлем ішіндегі сын есімнің қызметін дұрыс табуға, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығарту.
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Тест. Қазақ тілі 6 сынып
Қазақ тілі 6 сынып. ІІ тоқсанда өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы.
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Менің туыстарым. Зат есімнің тәуелденуі
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы селосы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шахида Тохтахунова
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×