Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - теңдесі жоқ құдірет

09 сәуір 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ана – теңдесі жоқ құдірет
Сабақтың мақсаты: білімділік - Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» атты әңгімесін қорытындылау, алған білімдерін жинақтап бекіту; тәрбиелік - оқушыларды ананы құрметтей білуге, мейрімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу; дамытушылық - оқушылардың белсенділіктерін шыңдау.
Әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, сайыстыру.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау қорыту сабағы.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі.
Көрнекілігі: Н. Г. Хлудовтың «Көш» суреті, Ғ. Мүсіреповтың портреті, бата сөздер.

Сабақтың барысы.
Жоспары
1. Бәйге (зымыран сұрақтар)
2. Көкпар (мақал - мәтел айту)
3. Тіл - өнер, полиглот (тақтамен жұмыс)
4. Жанды сөз (кітаппен жұмыс)
5. Білгірлер (дәптермен жұмыс)
6. Ділмар (түйінді ой айту).

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ойынның өту барысымен таныстырамын.
1. Бәйге (зымыран сұрақтар)
1 - сұрақ. Аппақ, ақ қарбас, етектей сақалын балуан бармақтарымен сипалап отырған кім? (Әйтілес қарт)
2 - сұрақ. Оның әңгімесін тыңдаушылар кім? (балалар, саудагер, Рамазан, молда)
3 - сұрақ. Әңгіме Әйтілес қарттың ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтуынан басталады. Мұны әдебиет теориясында не дейді? (Экспозиция)
4 - сұрақ. Бала бидің батыры кім? (Жалпақ балуан)
5 - сұрақ. Оның шабуға барған елі. (Ергенекті)
6 - сұрақ. Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде? (Алты жасар)
7 - сұрақ. Екінші рет Жалпақ балуан неге жауға шапты? (Намысқа шыдамаған еді)
8 - сұрақ. Ергенекті елінде Жалпақ балуанның қандай құнды дүниесі бар деп ойлайсың? (Қалыңдығы)
9 - сұрақ. Жалпақ балуанның қасында қанша жігіт бар деп ойлайсың? (Қырық жігіт)
10 - сұрақ. Батырдың тілегі не? (Жауға кездесу)
11 - сұрақ. Бидің тілегі не? (Жылқыға кездесу)
12 - сұрақ. Жылқының бір шетін төңкеріп, қиқулап келе жатқанда барымташыларға кім кездеседі? (Тезек терген қыз)
13 - сұрақ. Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді? Оның халі не болды екен? (жылқышы әкесі, өледі)
14 - сұрақ. «Жаным, сен неткен жансың? Сен қазақтың қатыны шығарсың да, өзімді батыры шығар деп ойлаймын... Бұл кімнің сөзі?
15 - сұрақ. Батыр мен оның жігіттерінің артынан неге Ергенекті елі қуып келмеді? (Себебі Ергенекті елі басқа елді шауып кетеді.)

2. Көкпар (мақал - мәтел айту)
Біздің оқып танысқан «Ананың анасы» деп аталатын әңгімедегі ана секілді мына суретте де ақылды ана көш бастап келеді. Көш бастаған ананың сендерге берген сәлемін әлі аша қойғаным жоқ. Бұл сәлемді маған аманат етіп мына көш бастап бара жатқан ана тапсырды. «Аманат арға жүк» дейді қазақ. Осы сәлемдемені ашу үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек. осы түйіншекті бір - бірімізге бере отырып, салмақтап көрейік те. Әр ұстаған оқушы бір мақалдан айтады.
Ана туралы мақалдар:
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада. т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 006
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесі
Шығарманың мазмұнын меңгереді, өз пікірін қорғайды, салт - дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер бейнесін жинақтайды;
Ананың анасы
Ананың анасы
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне талдау
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Қарауылбек Қазиев «Менің шешем»
Қарауылбек Қазиев «Менің шешем»
Қарауылбек Қазиевтің «Менің шешем» әңгімесін қорытындылау, алған білімдерін жинақтап бекіту, соғыс жылдарындағы аналар еңбегі туралы білімдерін толықтыру.
"Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі"
"Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі КАРЖАУБАЕВ РУСЛАН МУЛДАБАЕВИЧ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×