Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі"

24 маусым 2012, Жексенбі
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсіреповтың «Ананың анасы»шығармасындағы «Менің атым - әйел» ана бейнесі.
Сабақтың мақсаты:1. Ғ. Мүсірепов шығармаларынан алған білімдерін шыңдай отырып,ана бейнесін ашу, әдебиет теориясының ұғымдары бойынша көркем шығарманы талдау.
2.Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.
3.Өз халқының салт-дәстүрін білу, анаға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері:сұрақ-жауап,әдеби пікірталас, зерттеу, салыстыру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем шығарма, жазушы суреттері, слайд, интерактивті тақта, көркем әдебиеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу,оқу-құралдарын алғызу, психологиялық даярлық.
ІІ.Үй тапсырмаларын тексеру
1. Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгіменің мазмұны.
2. Әдебиет теориясы. (ұғымдар)
3.Іздену, зерттеу жұмыстары,тест тапсырмалары.
Үй тапсырмасын мазмұндау кезеңдері:
а) Шығармаға жуық әңгімелеу;
ә) Сұрыптап, теріп әңгімелеу;

- Әйтілес кім?
- Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
- Әйтілес қандай әңгіме айтты?
- Бала би Жалпақ балуанға не деді?
- Бидің тілегі қандай, батырдың тілігі не?
- Сауға деген не?
- Жылқының жатқан жерінен жарты көш шыққан кезде бір қара көрінді..
- Тағы бір мезгілде артқа қарасақ , тұйғындай түйіліп,жұлдыздай ағып біреу келеді..
б) Еркін әңгімелеу;(рөлге бөліп әңгімелеу)
в) Өзіңе ұнаған, ұнамаған эпизодты баяндау;

III.Жаңа сабақтың мақсатын айту(слайд)
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек» З. Қабдолов.
Жазушы туралы мәліметтер, хронологиялық кесте.
Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов- 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
1916 жылы 14 жасында -Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне окуға түседі.
1923-26 жылдары -мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебін, жұмысшы факультетінде (рабфак) оқып, ауыл шаруашылық институтында оқиды.
1929-30 ж «Қос Шалқар»«Талпақ танау», «Ана туралы новеллалар», «Автографиялық әңгіме», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен»,«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері — Ақтоқты», «Аманкелді», «Қынаптан қылыш т.б, «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Кездеспей кеткен бір бейне»

1931-44 ж Шекспирден: «Антонин мен Клеопатра», Шота Руставели және оның поэтикасы, М. Горькийдің «Өлімді жеңген ана» , «Адамның анасы» шығармаларын аударды.
1958 ж Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне, КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.
1962,1972,1974 ж 3 мәрте Ленин,1975 ж 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту,1982 ж «Халықтар достығы» медальдары.
1970 ж Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды.
1977 ж Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық алды.
1974 ж Кеңес әдебиетін өркендетуде сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы берілді.
1985 ж дүние салды.
1985 ж Алматы қаласының Қарасай батыр көшесінен мұражай, Астана қаласында көше, Балалар мен жасөспірімдер театры ашылып, ескерткіш мүсін қойылған.

Сабаққа кіріспе.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Гуманист жазушы М. Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М. Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.
«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.(Үзінді тыңдау)
IV. Сабақты пысықтау:

Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.
Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.
Тегі, түрі: проза (әңгіме)
Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.
Идеясы:Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.
Шығарманың композициялық құрылысы:

1.Сюжеттің басталуы: Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады.
2.Сюжеттік байланыс: Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуы,жылқыны барымталауы,қызды олжалап , мінгестіріп алуы.
3. Шиеленісуі: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.
4.Шарықтау шегі:Кейкінің үкімі, қызды шешесімен күңдікке алу.
5.Шығарманың шешімі: Сөзден жеңіліп,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.
6.Шығармадағы кейіпкерлер: Жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес қария,Рамазан, Жанай балуан , ана, қыз т.б
7.Әдеби теориялық ұғымдар: теңеулер: сабасындай,тымақтай, етектей сақалы,жауырыны қақпақтай, оқтаудай ойнап , ұршықтай ойнап.т.б эпитеттер: шаңқай түс,найза бойы, құлан тұяқ,тобылғы торы т.б
8.Дисфемизмдер: Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б
9.Көнерген сөздер:жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б

V. Жаңа сабақты бекіту:
Әңгіме оқиғасының ең тиімді, өзекті мәселелеріне хабарлама жасау.
Әңгімедегі негізгі оқиғалар.
Кейіпкерлер тағдыры.
Жазушының көркемдік әдісі, тілі.
Ананың негізгі қасиеттері: өткір, батыл, қайратты, намысшыл,ақылшы, көпшіл,тұрақты т.б
VI.Сабақты қорыту, бағалау
Тест тапсырмалары:
1. Қорытынды тест.
2. Мәтіндік тест.
3. Сынақ тест. Жауаптарын тексеру.
VII. Үй тапсырмасы: Үзіндіні жаттау ,«Ана-сарқылмайтын күш», «Ана-көзді бұлақ» тақырыптарының біріне ойтолғау жазу, Әдебиет теориясы ұғымдарын оқу.
23 600
1
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған… (коучинг)
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған… (коучинг)
Ғ. Мүсіреповтың туғанына 115 жыл толуына орай шығармашылығын шолу; АНА тақырыбына жазған шығармаларына тоқталу; Оқушылардың бойына аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту;
Ананың анасы
Ананың анасы
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне талдау
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы ана, әйел тақырыбы. «Ұлпан» романындағы Ұлпан образы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің психологі Сейітова Гүлзада Пернебекқызы
Ананың анасы
Ананың анасы
№35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймуханова Амангүл Кыздарбаевна
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×