Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын тұрғысынана ойлау

13 қазан 2014, Дүйсенбі
«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
XX ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер» - деген екен.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен республика мұғалімдері жан - жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез - келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық шеберлік, жан - жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының 60 - тан астам стратегиялары бар:
Соның ішінде:
1. Топтастыру
2. Венн диаграммасы
3. Ішіне - сыртына
4. Дөңгелек үстел
5. Бес жолды өлен
6. Ой шақыру
7. Ой қозғау
8. Семантикалық карта тағы басқада стратегияларын сабақтарымда пайдаланамын.

Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруда «Венн диаграммасын», «Семантикалық картаны», «түртіп алу әдісін», пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, «екі түрлі түсініктеме күнделік» жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды.
Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды. Менің мақсатым - оқушыларды ойлау салысының ең төменгі деңгейінен жоғарғы, терең ойлау деңгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы деңгейін шығармашылық сатыға көтереді.
Соның нәтижесінде оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:
1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.
2. Ақыл - ойын дамытады.
3. Шығармашылық белсенділігін арттырады.
4. Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді.
5. Тіл байлығын жетілдіреді.
6. Жан - жақты ізденушілігін арттырады.
7. Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.
8. Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.
Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдалантып көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар.
Олардың бұрын алған білімін де кенейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл - күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады.
Сондықтан мұғалім көрнекіліктері көрсеткенде сөзбен байланыстырып, толықтырып отыруы керек. Себебі кез келген көрнекі құрал жеке нәрсені көрсетуге арналады. Табиғат суреттері арқылы адам баласының өмір шындығына тікелей қатынасы ашылады. Қазіргі таңдағы келесі проблемалардың бірі болып табылатын ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып тәлім - тәрбиеге пайдаландым.
Көрнекіліктің оқушыға берері.
1. Оқитын тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.
2. Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.
3. Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.
4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Көрнекі оқыту - ақыл - ойын, логикалық ойлауды дамыту.
Сабаққа тиімді қолданылған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен таңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді.
Тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайды.
Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады. Сөздік қорларын көбейтуге, өз ойын жүйелеп байланыстырып баяндай білуге, тіл байлығын арттыруға көп септігін тигізеді. Байқампаздығы артады.
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.
«Әр бала бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем бер» - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.
5 458
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Ағылшын тілін оқытуда ойын технологиясының нәтижелілігі
Сабақтарда ойынның элементтерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау дағдысын дамыту. Сабақтың нәтижелілігін, білім сапасын арттыру, психологиялық ахуалды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық потенциалын ояту.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау деген не?
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. «Оқу, жазу, ойлау, сөйлеу сияқты іс - әрекеттерді үйрену белсенділікті, тапқырлықты, өз ойын жеткізе білуді қалыптастыру»
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру
«Бaлa дaмyының eң шapықтay шeгi – бұл тiл мeн oйдың шығapмaшылығы» (Л. С. Выгoтский)
Сын тұрғысынан ойлау - білім беру үрдісінде
Сын тұрғысынан ойлау - білім беру үрдісінде
“Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі”,- дегендей қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, № 163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×