Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тыныс белгілері

18 шілде 2015, Сенбі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Абай қазақ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Төлегенова Алтын Хадимқызы

Қазақ тілі 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Тыныс белгілері. Тыныс белгілерінің қолданылатын негіздері мен қолданылатын орындары
Мақсаты: б) Тыныс белгілері туралы оқушылардың білімдерін тексеру, қосымша мәлімет беру, жаттығулар арқылы білімдерін бекіту;
қайталау материалдарына тапсырмалар беру, тексеру, бағалау;
т) Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту
д) Сауатты да әдемі жазуын дамыту, шығармашылыққа баулу;

Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша еске түсіру, білік және дағдыларды пысықтау
Жуан және жіңішке сұрақтар

ІІ Жаңа сабақ
Пунктуация термині латынның “риnctum” – нүкте деген сөзінен алынған.
1. Тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы
Белгілі мәтінді өз ішінде бір - бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін, оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады
• Тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді;
Тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.
Автордың айтайын деген ойын сол қалпында, өз дәрежесінде жеткізуге жол ашады.
Бар. Жақсы - нүкте қойылғанда, жайбарақат дауыспен айтылады, бірақ шешімді естіледі.

Тоғжан! Япырмай, жақсы айттыңыз - ау!- көтеріңкі көңілді білдіреді.
Бар? Жақсы?- екі ұшты мағына береді.
Бар?! Жақсы?!- түк те түсінбеген, сенбеген күйді көрсетеді.
Бар... Жақсы...- аяқталмаған, іште кеткен ой, сенімсіздік, реніш, кекесін сарынды мағынаны көруге болады.

Үш - ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
(Абай.)
Адам баласының тамаша қасиеттері, атап айтқанда: табандылық, ерлік, қайсарлық - қазақ жауынгерінің бойынан табылады.

Содан соң қырмандағыларды тегіс жинап ( балаларды да қосып), жиналыс өткізеді.
(С. Мұратбеков.)
ІІІ Топтық жұмыс
І топ
Оқулықпен жұмыс
119 - жаттығу
Лепті сөйлемдерді теріп жазыңдар

ІІ топ
119 - жаттығу
Сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңдар

ІІІ топ
Тиісті тыныс белгілерін қойыңдар

Қар жауды көп жауды Онан соң ышқына ұлып долданып жер көкті астын үстіне сапырып жұлып жеп жын қаққандай құтырынып еліріп боран соқты Қарды жалап жайпап сыпырып қуыс қуысқа үсті үстіне тықпалап нығарлады кеп нығарлады кеп

ІҮ Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.

Ү. Мәнін ашыңдар
І топ Дастарқанға емінбе,
Көп алдында керілме
ІІ топ Босағада тұрма, көк шөпті жұлма

ІІІ топ Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Бәріне: Ұмытып кетпе,
Есікті теппе.

ҮІ. «Миға шабуыл»әдісі
“Достық” сөзіне өзіңнің және досыңның бойындағы адами асыл қасиеттерді тауып жаз
ҮІІ Үйге тапсырма
1. Пунктуация
2. “Менің досым” тақырыбында ой толғауды аяқтау

ҮІІ Рефлексия
ҮІІІ Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 430
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Қыстырма сөздің тыныс белгілері
Қыстырма сөздің тыныс белгілерін дұрыс өз орнына қойып, сауатты жазуын қалыптастыру.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Одағай. Одағайдың түрлері. Одағайдың тыныс белгілері.
Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысынан тәрбие беру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, халықтық болмыс бітімі тілінде екенін түсіндіру, ым – ишараттан ұғу.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып - үйренудің жобасын
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері
Қаратпа сөздің тыныс белгілері. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір белгісі қойылады. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады: Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады.
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері
Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді. Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×