Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фразеологизмдер

28 қыркүйек 2015, Дүйсенбі
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№1 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі
Абубакирова Тоғжан Манарбекқызы

Тақырыбы: Фразеологизмдер
Мақсаты:
1. Білімділік – оқушыларға фразеологиялық сөздікпен жұмыс істей білуге, тұрақты тіркестердің жазылуы мен мәні, мазмұны, ойды көркем етіп жеткізудегі ролін түсіндіру.
2. Дамытушылық – оқушылардың тұрақты тіркестердің тілдік нормаға сай қолдана алу, мағынасын аша білуге білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік – оқушыларды сөз мәдениетіне бейімдеу, тілдік эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу. Тұрақты тіркес жөнінде танымдық ой - өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы, танымдық - шығармашылық
Көрнекті құралдар: кесте, үлестірме карточкалар.
Сабақтың әдістері: оқу, сұрақ - жауап, ой толғау, кесте - сызба

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын сұрау.
Қайсысы мақал, қайсысы тұрақты тіркес?
Төбе шашы тік тұрды
Қуанышы қойнына сыймау
Алтау ала болса айыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
Мағынасын айт
Батыр ел үшін туады, ел үшін өледі.
Бармағын шайнау (өкіну)
Ит арқасы қиянда (алыста)
Ит терісін басына қаптады (ұрсу)
Бетінен оты шықты (ұялды)
Үріп ауызға салғандай (сұлу, әдемі, тәтті)
Көз ілмеу (ұйықтамау)

Бекіту
- Фразеологизмнің синониммен, антониммен байланысы неде?
- Тұрақты тіркес дегеніміз не?
Сызбаны толтырыңдар

3. Оқушылардың қызығушылығын ояту:
«Бір сөзбен ата» ойыны
1. Үріп ауызға салғандай (сүйкімді)
2. Тайға таңба басқандай (айқын)
3. Ат төбесіндей (аз)
4. Ауыз жапты (үндемеді)
5. Көз жазды (адасып қалды)
6. Төбесі көкке жетті (қуану)
7. Ішіне мұз қату (жаман ренжу)
8. Көзіне көк шыбын үймелетті (қорлық көрсетті)
- яғни, тұрақты тіркес орны тұрақты
- басқа сөзбен ауыстыруға болмайды
- бір сөз табына қатысты, бір сұраққа жауап береді.

4. Тапсырмалар
1. Мағыналары жуық сөздерді тауып, оларды синонимдік тобы бойынша айтыңдар:
Құлақ қағыс қылу, ойына салу, жадына тоқу
Көңілі орнына түсу, жаны жай табу.
Қиян кескі болу, қырық пышақ болу.
Тәбеті шаппау
Көңілі суу, көңілі қалу

2. Тұрақты тіркестердің антонимдерін тауып жаз:
- Жақсы көру - іші жылу
Бетінен оты шығу - беті шіміркпеу
Ат ізін құрғатпау - от ізін салмау
Қолы босау - қолы тимеу

Сабақты қорытындылау: Тұрақты тіркестер сөйлемде өз орнын сақтап жазылады. Басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайды.
Үйге тапсырма: өзің оқыған шығармаларда кездескен тұрақты тіркестер қорын жина (10 тұрақты тіркес)
Бағалау.
21 219
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Оқушыларға тұрақты тіркестердің мағынасын мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын жүргізу
Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары
Тұрақты тіркестерге арналған жаттығу жұмыстары
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Мақал - мәтелдер
Мақал - мәтелдер
ОҚО, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Тұрақты сөз тіркесі
Тұрақты сөз тіркесі
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×