Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Синонимдер

05 желтоқсан 2012, Сәрсенбі
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты: Білімділік - мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру;
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу қабілетін, сонымен бірге қазақ тілінің лексика тарауынан алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын арттыру;
Тәрбиелік: сұхбаттасу мәдениетін қалыптастыру, тиянақты тұжырымдама жасауға баулу, оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік, достық, бауырластық рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: проблемалық ой тастау, баяндау, сұрақ-жауап, диалог, ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, ойын түрлері.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, Activote құрылғылары, слайдтар, синоним сөздерге арналған сызба, синонимдер сөздігі, графикалық диктант.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу, топқа бөлу (қима қағаздардан сурет құрастыру арқылы), сабаққа бейімдеу;
ә) Оқушылар зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды – қызыл тіл»,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың – білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің, - дей отырып сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақтарда өтілген «Омонимдер» тақырыбы бойынша сұрақ-жауап әдісімен түсінгендерін, сабақты қалай меңгергендерін сұрап білемін. «Лексика» бөлімінде өткен тақырыптарға қосымша шолу жасау.

ІІІ.Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту сатысы. Ой қозғау.
- Мағыналары мәндес, яғни бір-біріне жақын сөздерді білесіңдер ме?
Оқушылардың келтірген мысалдарын «Идеялар тақтасына» жазамыз.
Қастерлі, күту, тез арада, мұғалім, жуықта, қадірлі, тоқтау, ұстаз, кідіру, таяуда, оқытушы, құрметті, аялдау, жақында, тәрбиеші, қадірменді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Синонимдер (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 16. Синонимдер 17. Синонимдік қатар 18. Антонимдер. 19. Жаттығулар орындау 20. Табу
Синонимдер
Синонимдер
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Алтын
Синонимдер
Синонимдер
Мұнайлы ауданы, № 1 орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенбаева А. Б.
Синонимдер
Синонимдер
Ақтөбе облысы6 Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақытжанова Зина Айдарбекқызы
Күрделі сөздерді қайталау
Күрделі сөздерді қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы,Тасқала ауылы, Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шакирова Айымкөз Қуатқызы
Антонимдер
Антонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - антоним сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×