Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" әңгімесі 2-сағат

24 ақпан 2017, Жұма
Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі
Әдебиет 5 сынып
Мақсаттары: 1. Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан - жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту;
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ынтасын ізденушілік белсенділігін, танымын дамыту.
3. Оқушыларды адамгершілік пен бауырмалдыққа, достық пен мейірімді болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Шығарма мазмұнын терең түсіну, шығарманы жан - жақты талдай білу, шығарма авторы туралы мәлімет білу, шығарма кейіпкерінен үлгі алу, әдеби - теориялық ұғымдарды меңгеру, оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру және өз бетімен ізденуі.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, адасқан әріптер, екі тұжырым кестесі, семантикалық карта, сәйкестендіру, сиқырлы қалам
Сабақтың формасы: Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс
Керекті жабдықтар, ресурстар: интерактивті тақта, жазушы портреті, оқулық, шығармалар жинағы, плакат, үлестірмелі қағаздар, стикерлер, маркерлер
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөлу. Шегеннің үш түрлі өсиеті секілді бір - біріне уәде, серт беру сыныптастары арасында.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Ғ. Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы, роман туралы қысқаша түсінік беріп, оқушылар «Жаңа достар» мәтін мазмұнын еске түсіріп, әр топтың оқушылары бөлімдер бойынша мазмұнын бөліп айтады.
І топ: 1 - бөлім: Қайроштың қалаға қашып келуі.
ІІ топ: 2 - бөлім: Базар алаңы
ІІІ топ: 3 - бөлім: Ана сағынышы немесе ана құшағында

І. Қызығушылықты ояту. «Адасқан әріптер» ойыны
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
Берілген сөз: Әңгіменің құрылысына талдау
Ң, м, е, і, н, ә, г, ң -......................
Ұ, р, ы, қ, с, н, л, с, а, ы, ы -..............................
А, л, т, у, а, д,-...............

ІІ. Мағынаны тану. Әңгіме құрылысына талдау жасау.
1) Топтық жұмыс тапсырмалары:
І топ: Шығарманың композициялық құрылымына талдау
ІІ топ: «Салыстыру» кестесі (сол кездегі балалардың өмірі мен қазіргі балалардың өмірі жайлы салыстыру)
ІІІ топ: Әңгіменің кейіпкерлеріне кешенді сатылай талдау «Әдеби теориялық ұғымдар» бойынша талдау жасау
(портрет, мінездеме, пейзаж, теңеу, эпитет, мақал - мәтелдер)
2) Жұптық жұмыс тапсырмалары: І топ:«Тұжырым кестесі»

Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: ----------------- Б. Мұратбайқызы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№51 М. Қаратаев атындағы ора мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:
Жолдасбекова Бағлан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 369
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Көрнекті жазушы С. Мұратбеков туралы түсініп оқуға, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу.
Ананың анасы
Ананың анасы
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесіне талдау
Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы»
Ғабит Мүсіреповтің «Жапон балладасы»
«Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебі» Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Смадиярова Мадина Нұржігітқызы
Жаңа достар
Жаңа достар
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Фарфоровый ауылы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқтаған Манарбек
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Ғабит Мүсірепов "Ананың анасы"
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×