Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыс үндестігі

24 мам 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың теориялық білімін бекіту, іздендіре отырып, нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Перфокартамен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Жаттығу жұмысы
V. “Кім жылдам?”ойыны
VІ. Венн диаграммасы
VII. Қайталау. Сауалнама
VІІІ. Семантикалық кестемен жұмыс
ІХ. Үйге тапсырма
Х. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау “Ой қозғау”
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата
Перфокартамен жұмыс
Қосымшалар
- мен
- шы
- паз
- нікі
- лар
- дай
- қой
- дың
- ты
- тың
- кер
- хана

Дыбыс үндестігі
Ілгерінді ықпал
Кейінді ықпал
Тоғыспалы ықпал

Ілгерінді ықпал – көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі
Қатаң - қатаң, ұяң - ұяң, дауысты дыбыс н/е үнді - ұяң н/е үнді: Тас - тан, жаз - ға, адам - нан
Кейінді ықпал – кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі
Жап - жабу, сабақ - сабағы, кітап - кітабы
Тоғыспалы ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне бірдей ықпал етуі
Шайтанкөл - Шайтаңгөл, тасжарған - ташшарған, Досжан - Дошшан

Кітаппен жұмыс
328 - жаттығу.
Сөздерге көптік жалғауын жалғап, екі сөзге дыбыстық талдау жасаңдар.
329 - жаттығу.
Сөздердің түбірі мен қосымшасын айырып, бір - біріне әсер ететін дыбыстардың алдың - ғысының астын – бір рет, кейінгісінің астын екі рет сызыңдар да, дыбыстық талдау жасаңдар.

“Кім жылдам?” ойыны
Тапсырма: Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, дыбыс үндестігінің түрлеріне ажырату:
1 - қатар: Бесігі, теуіп, табаққа, кітабым, қолға.
2 - қатар: Табағы, жауып, серігі, баладан, дәптерім.
3 - қатар: Жазығы, тауып, кітабы, қаладан, жазба.

Венн диаграммасы
Буын үндестігі
Ұқсастығы
Дыбыс үндестігі

Сұрақ - жауап
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Ол нешеге бөлінеді?
Ілгерінді ықпал дегеніміз не?
Кейінді ықпал дегеніміз не?
Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?

Сауалнама
1. «Тіл дыбыстарын» қай тіл білімі саласы зерттейді?
а) Лексика; ә) Морфология; б) Фонетика.
2. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
а) 37; ә) 35; б) 42.
3. Дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай нешеге бөлінеді?
а) 3; ә) 2; б) 4.
4. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
а) жақты - жақсыз; ә) жуан - жіңішке; б) ашық - қысаң.
5. Дауысты дыбыстың үш түрі кездесетін сөзді табыңыз?
а) биылғы; ә) балапан; б) өнерпаз.
6. Бірыңғай ашық дауысты дыбыстарды табыңыз:
а) а, ө, ә; ә) о, ұ, ы; б) е, ы, э.
7. Жуан дауыстылар қалай жасалады?
а) тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады;
ә) еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалады;
б) езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.
8. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауыстыларды табыңыз:
а) ы, і, и, ү, у, ұ; ә) ө, о, ұ, ү, у, ы; б) ә, е, и, о, ө, у.
9. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын табыңыз:
а) бауыр; ә) табу; б) қурай.
10. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстың саны қанша?
а) 12; ә) 23; б) 25.
11. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз:
а) ансамблге; ә) секретарьы; б) парктен.
12. «ог, уг, рг» дыбыстарына аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?
а) жіңішке; ә) жуан; б) үндіден басталады.
13. Берілген сөзге қай қосымша буын үндестігіне бағынбай жалғанады? Өнер....
а) - дікі; ә) - паз; б) - ден.
14. Буын үндестігі деген не?
а) дауыссыздар үндестігі; ә) тоғыспалы ықпал; б) дауысты дыбыстар үндестігі.
15. Буын үндестігі сақталған сөзді табыңыз:
а) саудагер; ә) балгер; б) жәдігер.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы,
№4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұқанғалиева Мария Арыстанқызы
Слайдын жүктеу
16 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Дыбыс үндестігі
Дыбыс үндестігі
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кусаинова Асемгуль Кенжебековна
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қостанай облысы, “Боровской санаторлық мектеп – интернаты” Бегайдарова Гүлжихан Серікбайқызы
Өзіңді - өзің тексер
Өзіңді - өзің тексер
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Керешова
Я әрпінің жазылуы
Я әрпінің жазылуы
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×