Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай - Қази»

13 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай - Қази»
10 сынып
Сабақтың мақсаты: Мұрат Мөңкеұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Оқулықпен қарама – қайшы келетін тұстарын салыстыру. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Сабақтың міндеті:
Білімділігі: Мұрат Мөңкеұлының қазақ әдебиетіндегі орнын анықтап шығармаларына талдау жасайды. Өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын айқындайды. Зар заман ақындарының қоғамдағы орны, тыныс - тіршілігі жайлы түсіндіру.
Дамытушылығы:
Мұрат Мөңкеұлының өлеңдеріне тілдік және құрылысына талдау жасай отырып, теориялық білімдері беки түседі. Талдау дағдылары жетілдіріледі, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, ойлау, таным белсенділіктері арттырылады.
Тәрбиелігі:
Ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып бірін - бірі сыйлауға, пікіріне құрметпен қарауға қалыптасады.
Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Тапсырмамен жұмыс, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: Оқулық, ғаламтор мәліметтері
Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Мұрат Мөңкеұлы (1843 - 1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген. Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25 - інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер - мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

«Үш қиян» шығармасы бойынша талдау жұмыстары.
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние - ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай - Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би - болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.

Оқулықпен жұмыс жасау. Үзінділерді талдау.
Қорытынды:
Шығармаларын Х. Досмұхамедұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жұмалиев, Б. Омарова, Қ. Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
Қазақ поэзиясының алтын қорынан өзінің лайықты орнын алатын Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған», «Қарасай - Қази», «Шалкез жыраудың айтқаны» сияқты әйгілі шығармалардың біздің заманымызға жетуіне зор үлес қосты. Кейінгі зерттеушілер, қазақ әдебиеті үлгілерін жинақ етіп құрастырушылар Халел Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды.

Үй тапсырмасы: Зерттеу жұмыстарын жүргізу
Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау.

Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай - Қази». жүктеу
12 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Дөнентаев шығармалары. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері. «Ой» фельетоны
Сәбит Дөнентаев шығармалары. «Заман кімдікі?», «Бозторғай» өлеңдері. «Ой» фельетоны
Сәбит Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, өлеңдеріне талдау жасауды үйренеді, лириканың ерекшелігін біліп шығады.
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары туралы толық мағлұмат беру.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып
Қазақ әдебиеті пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар 7 - сынып. Жылына 68 с, аптасына 2 c
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы
Ұлттық тәрбие – құндылық бастауы Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет - бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух Ұлттық рух деген не? Еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін бойына сіңірген, шын мәнінде еліне жанашырлықпен қарайтын, ұлттық рухы берік адамды ғана нағыз өз елінің
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр» дастаны
Алматы облысы, Қарасай ауданы, «С. Керімбеков атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсейтова Айман Наурузкановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×