Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазтуған жырау

27 қараша 2018, Сейсенбі
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары туралы толық мағлұмат беру.
ә) Тәрбиелік: жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, Отаны, ата - анасына деген ыстық махаббат және туған жерге деген қимас сезім қалыптастыру.
б) Дамытушылық: оқушыларды танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпты меңгере отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік беру.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, баяндау.
Көрнекілігі: Қ. Бітібаева «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», Бес ғасыр жырлайды. І том. Интерактивті тақта. Үнтаспа.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Асан қайғы. «Бұл заманда не ғаріп», «Есті көрсең, кем деме», «Көлде жүрген қоңыр қаз» толғауы.
2. «Еділ бол да, Жайық бол» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1 Қазтуғанның туып өскен жері қазіргі Қызылжар қаласының маңайы, Бодан(Бозан) өзендерінің бойы. Қазтуғанды артындағы ұрпақтарының қадірлейтіні сонша, Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған «Қазтуған», «Қарға бойлы Қазтуған» атты толғау - поэмалардан көруге болады. Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болғандығы туралы әңгімелеу.
2. Қазтуған жырларына әдеби талдау.
а/ «Мадақ жыры»:
- Жырдың өзіне арнауы, мадақтың сипаты.
- Жырдың сұлу, поэтикалық тілі, поэтикалық ғажайып суреттеу тәсілдерінің шеберлігі. Өз бейнесін сомдауда таза, қазақи ұлттық бояуы қолданылуы. Мысалы: «Мұздай көбе», «Қойдың көсемі», «Орданың сынығы»т. с. с.
- Теңеу, метафораның маңызы. Мысалы: «сұлтандайын»/теңеу/, «бұта шайнар азу»/метафора/т. с. с.
ә/қоштасу жыры
«Алаң да алаң, алаң жұрт».
- Толғаудағы Отаны, ата - анасына деген ыстық махаббат. Туған жерге деген қимас сезім.
- Толғаудың лирикалық сипаты.
- Толғауда шаттану, мақтану, әрі нәзік мұңның астаса келуі, элегиялық сарын/қоштасу сарыны/
- Лирикалық кейіпкер - елін сүйетін хас ұлы, патриоты.
- Толғауда дала табиғатының соншама таза, соншама мөлдір қалпында жырлануы.
- Сұлу суреттегі теңеулерінің маңызы мен мәні. Мысалы: «Қарғадай Қазтуған», «Боз сазаны тоқтыдай».
- Басқы, соңғы ұйқастардың астаса келуі, өлең құрылысындағы дыбыстар әуені. Ылғи «ж», «б», «а» дыбыстарының келуі.

4. Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындауында Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын тыңдау. Оқушыларға оқыту. Әдеби талдау жүргізу.
Түсініксіз сөздермен жұмыс
Жабысы – қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.
Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы тай.
Батташығы – шатырма гүлділер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас, көп жылдық шөптесін өсімдік..
Кежі – үйдің бір түрі.

ІҮ. Бекіту.
1. Қазтуған жырының маңызы. Қиял байлығы суреттеу шеберлігі таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы.
2. Қазтуған толғауы - орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы - жыраулықтың тамаша үлгіде екендігі.
Y. Бағалау
ҮI. Үйге тапсырма: Қазтуған жыраудың өмірін оқып, «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңін жаттауға.
4 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол», «Бұл заманда не ғаріп?»
Оқушыларға жаңа сабақ туралы толық мағлұмат беру, қазақ халқына жеррұйық іздеген Асан қайғы туралы мәлімет беру, өз ойларын еркін айтуға, өмірмен байланыстыра білуге үйрету, сөздік қорларын молайтып, ой - өрістерін дамыту, өзіндік пікір
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау. «Алаң да алаң, алаң жұрт» өлеңі
Қазтуған жырау және оның толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, шығармаларының көркемдік әлемін таныту, жырларының шығу тарихы мен шығарма мазмұнына әдеби талдау жасату;
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Қазтуған жырау (күнделікті сабақ жоспары)
Ол өзін "айдаса қойдың көсемі", "сөйлесе қызыл тілдің шешені", "буыршынның бұта шайқар азуы", "бидайықтың көл жайқаған жалғызы" деп таныстырады. Қазтуған жырау тайпалар көсемі, отты биі, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы ақын болған.
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Асан Қайғы "Бұл заманда не ғаріп?", "Есті көрсең кем деме"
Топтық жұмыс арқылы ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ұлы жырау өмір сүрген кезеңдегі тарихи - әлеуметтік жағдайды ашу.
Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау
Астана қаласы, №36 орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі Тұрсынхан Г. Т
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау
Қазтуған жырау (XV ғасыр)   Ол өзін «Айдаса қойдың көсемі», «Сөйлесе қызыл тілдің шешені», «Буыршынның бұта шайнар азуы», «Бидайықтың көл жайқаған жалғызы» деп таныстырады, Қазтуған жырау тайпалар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×