Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух

31 шілде 2016, Жексенбі
Категориясы: Оқушыларға
Орындаған: Қабылашимова Айгерим

Ой толғау
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух
Ұлттық рух деген не? Еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін бойына сіңірген, шын мәнінде еліне жанашырлықпен қарайтын, ұлттық рухы берік адамды ғана нағыз өз елінің патриоты дейміз. Осындай өз елінің патриоты бола білген жандар - ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдері.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан тұтап шалынғаны», «Қазақтың жер мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы «Үш қиян». Отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлаған халықты көз алдыңа елестетіп, тебіренесің.
Махамбет Өтемісұлының «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері хан - сұлтандардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ол Жәңгірдің қол астында жұмыс жасауға, сарай ақыны болуға келіспеді. Әрқашан халық жағында болды. Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне де қатысты, әділдікті жақтады. Олай болса, Махамбет Өтемісұлы елінің қорғаны, патриоты деп айта аламыз.

Дәл осындай ұлттық рухқа толы шығармаларды дүниеге әкелген Сүйінбай Аронұлы болатын. Ол өз өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай - болыстардан жасқанбай, турасын жазды.

«Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Бөрілі байрақты көргенде қаны қайнап, қайраты тасып, бойын намыс кернейтін ерліктің, елдіктің жыры. Онда көк бөріге сиынған, тұлпар мініп, елін қорғаған қазақ халқының рухы есіп тұр.

Зар заман ақыны Дулат Бабатайұлы болса өз туған жері Аягөзге арнап, «Аягөз қайда барасың?» өлеңін жазды. Ақтамберді жырау жырлағандай «тобылғылы төскейі ырысқа толған» Аягөзді өзгелерден қимай тұрғанын аңғарамыз. Туған өлкесіне арнап жазған сағынышқа толы осы өлеңінен оның Отанға деген, жеріне, еліне деген ыстық махаббатын байқағандаймын.
Нағыз патриот осындай - ақ болсын!
8 396
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Ш. Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері
Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдерінің әдеби - көркемдік ерекшеліктері. Ақынның өмірі мен шығармаларының мазмұны мен мағынасына талдау, әдеби - көркемдік ерекшеліктерін меңгерту, үзінділер жаттау, мазмұнын түсіндіру.
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары
19 ғасырдың II жартысындағы Қазақ - Қытай сауда қатынастары (конспект) Ресей мен Цинь империясы арасындағы сауда - экономикалық байланыстар 1851 жылға дейін Кяхта қаласы арқылы жүргізілді. Шығыс Қазақстан және Шыңжанмен сауда айналымы жүйелі жолға
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
5 ТАРАУ. 13 - 15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы Конспект 1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайында Монғол империясы құрылды. Ұлы хан болып Шыңғысхан (Темүжін) сайланды. Монғол мемлекеті 95 түмен
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай - Қази»
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Шәлгез», «Қазтуған», «Қарасай - Қази»
Мұрат Мөңкеұлы туралы тың деректер ала отырып, өмірі және шығармашылығымен танысады. Оқулықпен қарама – қайшы келетін тұстарын салыстыру. Жаңа мағлұматтар, деректер алады.
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Шынғалиева Света Қамызағалиқызы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×