Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы.
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.
2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлік жолын, нақыл сөздерімен таныстыру.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар,

Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, түгелдеу. Ән ұран орындау. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін 1 минут үнсіздікпен еске алу.
Психологиялық дайындық.
Оқушыларды топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау: «Елбасына арнау» өз жандарынан өлең шығару.
Сабақтың барысы:
1. Ой қозғау. «Соғыс» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?
2. Өмірдерек «Бала Бауыржаннан, Батыр Бауыржанға» дейін.
3. Мәнерлеп оқу. Арнау. (ақындардың өлең жырлары)
4. Б Момышұлы жастарды неден жирендіріп? не үндеген?
5. Б Момышұлының еңбектерімен және нақыл сөздерімен танысу
6. Б Момышұлының кісілік келбеті. Оқушыларға тапсырма
7.
Мұғалім сөзі:
Ия, жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем.
Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата – апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне биылғы жылы 70 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақ¬тат - ты. Мысалы; Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов -
Көзінің тірісінде - ақ аты аңызға айналған тұлға – Бауыржан Момышұлы туралы біз не білеміз? Рас ол – жаужүрек батыр да, қолбасшы да, қаламгер. Әрине қазақ тарихында батыр да, қолбасшы да аз болған жоқ. Бірақ олардың даңқы алты алаштан әрі асып көрген емес. Ал, Бауыржан атамызды төрткүл дүние халқы түгел таныды. Оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен мінезі естіген жұртты тегіс тәнті етті. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған ерекше қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Екінші жағынан алғанда Бауыржан қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғалардың заңды жалғасы. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде»- деп жырлар қазақ мен өлгенде, Ұрпақ атар сексенменен жүздігімді.
1. Өмірдерек «Бала Бауыржаннан, Батыр Бауыржанға» дейін.
1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Мыңбұлақ ауданында дүниеге келген.
1921 жылы – Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.
1924ж - үшінші сыныпта Шымкенттің жетіжылдық метебіне ауыстырылады.
1928ж - мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.
1928 - 1930ж - бастауыш мекепте мұғалім болып жұмыс жасайды.
1932ж - Қызыл Армия қатарына шақырылады. Қызыметін өтеп қайтқан соң Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс жасайды.
1936ж - Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.
1939ж - әкесі Момыш қайтыс болады.
1941ж - соғыс басталғанда 316 - атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады. Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп, ерлігімен көзге түседі,.
1941 - 1945ж - Панфилов атындағы 8 - гвардиялық дивизияның батальон, полк камандирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы дивизияны басқарады.
1942ж - «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталады.
1944ж жараланғанына байланыста Алматы госпиталіне жіберіледі.
1950 - 1955ж әскери академияда сабақ береді.
1982ж 10 маусымда дүниеден озады.
1990ж Кеңес Одағының батыры атағы беріледі.
Мәнерлеп оқу. Арнау. (ақындардың өлең жырлары)
Б Момышұлы жастарды неден жиредіріп? не үндеген?

Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі.
Сынып жетекшісі: А. Утегалиева

Қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлы. жүктеу
4 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлына 110 жыл
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; көркем прозаға деген қызығушылыққа, халықтық салт - дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;
Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы
Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мустафаева Биғайша Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×