Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бауыржан Момышұлына 110 жыл

21 қазан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, ержүрек қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы. Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Ұлы Отан соғысының басында Бауыржан Момышұлы генерал Панфиловқа Алматыда 316 - шы атқыштар дивизиясын жасақтауға көмектеседі. Сол дивизия құрамында батыр майданға аттанған. Содан кейін ол Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысып, Панфилов атындағы 8 - ші гвардиялық дивизиясында батальон, полк командирі болған.

Ұлы Отан соғысының даңқты батыры «Намысты нанға сатпа» деген ұранмен ел үшін, жер үшін кеудесін оққа тосып, жанын берді. Мәскеу үшін соғыста 27 рет ұрысқа қатысты. Ол бұл туралы «Артымызда Мәскеу» атты кітабында жазды. Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізді. Фашистермен шайқасып, 5 рет өлімнің құрсауында қалды, 2 рет ауыр жараланды. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады. Б. Момышұлының осындай батыл ерліктерін көрген жолдастары оны «Шаң тимес» деп атаған. Қол астындағы жаяу әскерлеріне «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет» - деп қолдау көрсетіп, шабыттандырып отыратын. 1990 жылдың 11 желтоқсанында Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген. Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың авторы ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Дәлірек айтар болсақ, Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» («Волоколамское шоссе») повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы. Александр Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын. Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И. В. Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы. Момышұлының тәжірибесі бүгінде АҚШ, Куба, Израиль, Никарагуаның әскери білім мекемелерінде оқытылады. «Арпалыс» туындысы Израиль Қорғаныс армиясы офицерлері үшін міндетті түрде оқылатын кітаптардың қатарына кірген.

«Атаққұмарлықтың құлы болмаңдар! Өзіңе басқа қырдан қарап көріңдер. Сонда ғана әділ сынақтың шыңына шыға аласыңдар. Ал мұндай шыңға шыққан адамға ештеңе де қорқынышты емес», - деп айтқан Бауыржан Момышұлы.

Қазіргі кезде батырдың құрметіне еліміздің үлкенді - кішілі әскери және құқық қорғау органдарының оқу орындары, ауылдары мен көшелері батырдың атымен аталады. Тек Қазақстанда ғана емес Ресейде де батырдың есімімен аталатын мектеп пен көше бар. 2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітапта Бауыржан батырдың Мәскеу мұрағаттарында сақталған, бұрындары жарияланбаған жазбалары және жауынгерлер әріптестері Мәлік Ғабдуллиннің, Дмитрий Снегиннің естеліктері жарияланған. 2010 жылы қыркүйектің 14 - і күні Алматыда «Қазақтың Бауыржаны» атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Фильмді үкімет тапсырысымен Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірді Алаштың ұлы, батыр Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 110 жыл.

Осыған орай елімізде түрлі шаралар, байқаулар ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат – батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі ерлігін бүгінгі ұрпаққа барынша үлгі етіп көрсету.

Болат САЙЛАН, Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің профессоры, т. ғ. д.
А. Афиева, 1 курс студенті
6 613
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мәңгілік өшпес отты жылдар
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы (1910 – 1983) (слайд) Батыры бар ел сағын сындырмайды, Суық жүзін біз жаққа күн бұрмайды. Қорғап өткен намысын Бауыржанның, Туған халқы жырламай кім жырлайды...
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу; көркем прозаға деген қызығушылыққа, халықтық салт - дәстүрін түсіне білуге тәрбиелеу;
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы»
Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында дүниеге келген. Анасы Рәзия ерте дүние салады.
9 – мамыр – Жеңіс күні!
9 – мамыр – Жеңіс күні!
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×