Білімділер поралы

Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың?

Сен қазақ тілінен қалайсың?
• Мәтін - өзара мағыналық байланыста айтылатын екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтіннің тақырыбы болады.

• Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір - бірімен тығыз байланыста болады.

• Мәтіннің 3 түрі болады:

• Әңгімелеу мәтіні дегеніміз – бір нәрсе жөнінде хабарлап, баяндайды. Әңгімелеу мәтіні 3 бөліктен тұрады: 1) Басы, 2) Негізгі бөлім, 3) Соңы.

• Сипаттау мәтіні дегеніміз – белгілі бір заттың, құбылыстың белгілерін көрсетіп, қандай екенін сипаттап суреттейді.

• Пайымдау мәтіні дегеніміз - бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді.

• Сөйлем сөздерден құралады. Сөйлемдегі сөздер бір - бірінен бөлек жазылады.

• Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қойып білеміз.

• Сөйлемнің соңына не нүкте(.), не сұрақ белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

• Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (. ) қойылады.

• Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (? ) қойылады. Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, па, пе, ба, бе бөлек жазылады.

• Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (! ) қойылады.

• Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.

• Сөйлем мүшелері екіге бөлінеді.
1) Тұрлаулы мүшелер: 2) Тұрлаусыз мүшелер:
а) Бастауыш а) Анықтауыш
б) Баяндауыш ә) Толықтауыш
б) Пысықтауыш
• Тұрлаулы мүшелер сөйлемдегі негізгі ойды білдіреді. Ол бастауыш пен баяндауыштан тұрады.

• Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз. Оларға қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? тб сұрақтар қойылады.

• Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз.

• Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.

• Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша ( - ) қойылады.

• Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысып айтылады. Олардың байланысын сұрақ қойып анықтаймыз.

• Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.

• Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді.

• Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.

• Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

• Сөйлем мүшелерін талдау үшін, сөйлемдегі қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөзді табамыз. Оған не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қоямыз. Бұл сұраққа жауап беретін сөз баяндауыш болады. Оның астын екі рет сызамыз.

• Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атала береді.

• Қосымша жалғанғанда түбір сөздер өзгере бермейді. Ән – ші, ән - ге, ән - ді, ән – дер тб

• Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.

• Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

• Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Халық – халқы, доп – добы тб

• Сөз таптары дегеніміз – мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар:

1) Зат есім
2) Етістік
3) Сын есім
4) Сан есім
5) Есімдік
6) Үстеу
7) Шылау
8) Одағай

• Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап береді. Адамдарға кім? кімдер? Жануарларға не? нелер? деген сұрақтар қойылады.

• Сөйлемдегі қимыл, іс - әрекеттің иесін анықта. Сол сөзге сұрақ қой. Егер ол сөз кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап берсе, онда ол бастауыш болады. Бастауыштың астын бір сызықпен сызамыз.

• Сөйлемдегі өзге мүшелерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері болады. Тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызамыз.

• Сөз дегеніміз - заттың, сапаның, қимылдың атауы.

• Сөздің одан ары бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір сөз дейміз.

• Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.

• Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз. Ойын – ойынға, біл – білу тб

• Сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Ойын – ойыншық, біл – білім тб

• Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғана береді.

• Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз. Татулық, тазалық, орындық тб

• Зат есімнің түрлері:

1) Жалқы есім
2) Жалпы есім
3) Негізгі зат есім
4) Туынды зат есім
5) Зат есімнің жекеше түрі
6) Зат есімнің көпше түрі
7) Зат есімнің септелуі
8) Зат есімнің тәуелденуі
9) Зат есімнің жіктелуі

• Жалқы есім дегеніміз – кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан - жануарларға қойылатын атауларды жалқы есім дейміз.

• Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

• Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.

• Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.

• Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.

• Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.
• Зат есімнің көпше түрі – лар, - лер, - дар, - дер, - тар,- тер қосымшалары жалғану арқылы жасалады. Бұл қосымшаларды көптік жалғау деп атаймыз.

• Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атаймыз. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады.

Қазақ тілінен дидактикалық материалдар. Сен қазақ тілінен қалайсың? жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 129
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 129
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика